Жұмыс парағы: су маңында сақ бол! 1 страница

Дүниетану» пәні бойынша оқу жоспары

(орта білім мазмұнын жаңарту аясында)

1-сынып

Сәуір 2016



Мазмұны

Орта мерзімді жоспарлар 6

1- бөлім: Өзім туралы 6

2- бөлім: Менің мектебім 14

3- бөлім: Менің отбасым және достарым 30

4- бөлім: Бізді қоршаған әлем 40

5- бөлім: Саяхат 48

6- Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 57

7- бөлім: Тағам және сусын 72

8-бөлім: Дені саудың – жаны сау 83

Қысқа мерзімді жоспар 96

Сабақ жоспары

Дүниетану» пәні

Сынып

I тоқсан II тоқсан III тоқсан IV тоқсан
1-бөлім Өзім туралы   3-бөлім Менің отбасым және достарым 5-бөлім Саяхат 7-бөлім Тағам және сусын
· Мен кіммін? · Қажетті заттар · Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? · Жақсылықпен жаным дос · Менің отбасым · Отбасындағы мерекелер · Менің үйім   · Алғашқы адам · Ежелгі ата-бабаларымыз · Ұлы дада тарихы · Ертедегі саяхат Саяхат,саяхатшы · Біз қалай тамақтанамыз · Ертеде қалай тамақтанған · Дәмді әрі пайдалы · Қазақстанда жасалған
2-бөлім Менің мектебім 4-бөлім Бізді қоршаған әлем 6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 8-бөлім Дені саудың – жаны сау
· Мен және менің мектебім · Мектепке баратын жолқауіпсіздігі · Мектепке саяхат · Мектеп ережелері · Дос болайық бәріміз · Бағдарлауды үйренеміз · Қала мен ауыл · Мен қайда тұрамын? · Ауа райы деген не? · Мен қазақпын · Қазақстан рәміздері · Көне жазбалар · Алтын адам туралы аңыз · Бәйтерек- өмір ағашы · Денің сау болсын десең · Тазалақ денсаулық кепілі · Үйдегі қауіпсіздік ережелері · Айналадағы қауіп-қатер

Ескертпелер:

Бөлімдерге белгілі бір тақырыптар оқып-үйретілетін бірнеше сабақтар кіреді. Әрбір тоқсан екі бөлімнен тұрады. Бөлімдегі сағаттар саны тоқсандық сағат санымен сәйкес.

Ұ- ұжымдық жұмыс(сыныппен)

Т – топтық жұмыс

Ж – жұптық жұмыс

Ө – өзіндік жұмыс

ОТ – оқушының тәжірибесі

МК– мұғалімнің көрсетуі

Қ – қалыптастырушы (формативті) бағалау

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

Тілдік мақсаттар туралы

Жалпы білім беретін мектептерде оқу үдерісінде пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасы қалыптасады.Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушылардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалім мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

Оқушылар ғылыми тілді оқып үйренуі үшін мұғалім сабақ жоспарларына жүйелі түрде төмендегі оқу мақсаттарын қосуұсынылады:

• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

• алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті термин мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды қолдану;

• оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас диалогтерге қатысуын ұйымдастыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық сөздік қормен қамтамасыз ету);

• тілге қатысты оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

• сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер ортамерзімді жоспарда тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.

(2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға байланысты, бірақ ең кемінде бір мақсат тілге арналуы тиіс.

Орта мерзімді жоспар

«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып
1-бөлім: Өзім туралы
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушыларата- аналар, балабақша, ақпарат құралдарынан алған білімдері арқылы пәннің мақсаты мен ерекшеліктерін ашудағы алғашқы сатысымен таныс. Баланың отбасы мүшелері, достары, туыстары, өзі жақсы көретін ойыншығы, өзіне ұнайтын іс-әрекет түрлері туралы білімі болады.
Мазмұны
Оқушылар мектеп қауымдастығының мүшелеріне айналады. Олардың білім алуы өзі туралы, білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға негіз болатын отбасында қалыптасқан білімдері, жеке тәжірибесі мен ресурстарына сүйенеді. 1-бөлімге және оның жекелеген сабақтарына арналған негізгі және қосалқы сұрақтарды, тақырыптарды оқып үйренудің сабақтастығы төменде көрсетілген Қысқаша шолуданқараңыз.
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсаты Осы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады; - тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады. Нешінші сыныптың оқушысы Өзіне сабақта қажетті оқу-құралдары Өзінің жеке бас гигиенасы Өз үйі мен мектебі арасындағы қауіпсіздікті сақтау Талқыланатын мәселелер: · Сіз қандай оқушысыз? · Сіздің сүйіп оқитын пәндеріңіз? · Сыныпта қандай оқу-құралдарын пайдалану керек? · Жеке бас гигиенасын қалай сақтау керек? · Жолда жүру ережелері қандай? · Үй мен мектеп арасында қандай қауіпсіздік маршрутын құру керек? ….
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімінен қараңыз.
Қысқаша шолу
1-бөлім. «Мен кіммін?» деген басты сұраққа «Өзім туралы» бөлімінің тақырыптарында көңіл бөлінеді. Бөлімді оқып үйрену оқушылардың мектепке келгендегі білімдеріне негізделген. Оқыту сөйлеу/аудиодан тыңдау/тыңдау, сурет салу,оқу және жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. 1-бөлім оқушыларды оқу үдерісіне тарту үшін басқа сабақтармен байланысты болады. 1-бөлім «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасымен пәнаралық байланыста ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Көркем еңбек» пәнімен (портреттерді салу) және дене тәрбиесімен байланыс бар.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы 1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау     Мен кіммін? (Ұ) Балалар шеңбер құрып отырады. Әрбір бала кезектесіп өзі туралы хабарлайды: · аты-жөні; · жасы; · өзіне не ұнайды? · Сен мектепалды даярлық сыныбында оқыдың ба? · Сен онда не үйрендің ? (Ж)Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Олар кім екенін және қайда тұратынын айта отыра өздерін таныстырады. Одан кейін оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылайды: 1. ұнататын заты, аяқ киімі және киімі; 2. естеліктері; өзі туралы қызықты (ерекше) жайттар; Оқушылардың үйден әкелген фотосуреті (немесе мұғалім ұсынғын фотосуреттер). (Ж) Кері байланысты жүзеге асыру үшін оқушылар жұптаса отырып, талқылау нәтижелерімен сыныпты таныстырады. (Ө/Ж) Сыныпқа олар өз сыныптасының портретін салатындарын хабарлаңыз. Портрет сыныпқа ілініп қойылады. Суретте сыныптасы қандай көңіл-күйде екендігін (бақытты, мұңлы, ойлы) көрсетуі, яғни алдында талқыланған үш ерекше белгіні бейнелеуі тиіс. Әрбір жұмысқа қол қойылады. Оқушылар өз портреттерімен алмасады және онда салынған суретті талқылайды. (Ұ)Рефлексия. Мұғалім балалардан бүгін нені үйренгенін сұрайды.     Сабақ төмендегі іс-әрекеттер бойынша жүзеге асырылады: · сабақтың кіріспе бөлімін мұғалім басқарады; · сабақтың негізгі бөлігінде оқыту әрекетінің бір немесе бірнеше түріне басты назар аударылады; · сабақ қысқаша қорытынды жасаумен аяқталады. Жұмысты сабақтан тыс уақытта жалғастыру мүмкіндігі бар. Бірінші тапсырманың мақсаттары: · оқушылар өздерін бір-біріне таныстыру тиіс; · оқушылар сыныптастарының есімдерін біледі; · оқушылар өздері және жолдастары туралы ақпарат жинайды. · оқушы қандай болу керек екендігін айтуы тиіс? · мектепалды даярлық сыныбында оқыған пәндердің аттарын атайды · оқушылар қандай пәндерді жақсы көретіндігін айтады? (W) Шеңберде отырып сұхбаттасу – бұл оқушылардың бірін-бірі білуі, тәртіп ережелерін үйреніп және сыныптағы және мектептегі өмірге араласуы үшін жақсы мүмкіндік. Балалармен бірлесіп сабақты қорытындылау – бұл қызметтің әрбір түрі үшін стандартты тәртіп болып табылады, яғни еске түсіру/түйіндеме/бекіту, сабақ үстіндегі әрекеттерді басқарудың түсінікті және анық үлгісі.     Балалық шақтағы фотосуреті және сүйікті заты. Ата-аналардан/қамқоршылардан оқушының бала кездегі фотосуретін және бір сүйікті затын мектепке әкелуін сұраңыз. Портреттің үлгісі келесі ақпараттарды қамтуы керек: · адам есімі; · ерекшелігі (оны өзгелерден ерекше ететін үш сипаты). Фотосуреттер көрмесін жасау.
1.1 Мен және менің отбасым 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау   Қажетті заттар (МК, Ұ)Күнделікті өмірде бізге қандай заттар қажет? Берілген суреттер топтамасынан өзіңе ең қажет заттарды іріктеп алу. Сынып бөлмесіндегі жабдықтармен, оларды қауіпсіз пайдалану жолдарын талқылау. Егер де сыныпта мектепке дейінгі мекемеге, даярлық топтарына/сыныбына барған балалар болса, оларға сынып бөлмесі мен балабақшадағы бөлмелерді салыстыру тапсырмасын беруге болады. (МК) Мұғалім оқушыларға оқу құралдарын және сыныптағы оқуға қажетті барлық тұтынатын заттарды көрсете отырып, оларды қандай мақсатта қолдануға болатынын, қызметі мен маңызын болжауға шақырады. Оқу құралдары (кітап, дәптер, сызғыш, қалам, қарындаш т.б.). Сыныптағы тұтынатын заттар (тақта, парта, орындық, бор т.б.). (Ө.Т) Сынып оқушыларын 2 топқа топтастырыңыз. Екі топ оқушыларына оқу құралдары мен сыныпта тұтынатын заттарды берілген сурет бойынша ажыратады. 1-топ оқу құралдарын, ал 2-топ сыныпта тұтынатын заттардың суретін қоршап сызады. Дидактикалық ойын: «Кім табады?» екі топтан балалар шығып нұсқау бойынша аталған заттарды бірінші болып ұстап табу қажет. Мысалы:- Тақта қайсы? - Бор қайсы? т.б. Қорытындылау үшін балаларға: сынып бөлмесінде болмайтын заттарды атауға арналған – «Сыныпта нені таба алмайсың?»; көрнекіліктер немесе сөз арқылы ұсынылған заттардың ішінен (парта, тоңазытқыш, бөлме гүлдері, шаңсорғыш, сынып тақтасы, бор және т.б.) анықтау үшін – «Не артық?», - сияқты ойын жаттығулар ұсыныңыз. (Т)Сыныпты 3-4 оқушыдан тұратын топтарға бөлу. Әр топтан жоғарыда аталған бес тармақтың бірін талқылауын сұраңыз. Оқушылардан көздерін жұмып, таңдап алған тармақ туралы 30 секунд ойлануын және одан кейін өздерінің не туралы ойлағанын бір сөзбен хабарлауын сұраңыз. (Ж)Жұптаса отырып олар жоғарыдағы тізімнен өз таңдауларын талқылайды. (Ө) Әрбір оқушы өздері не туралы айтқанын қысқаша жазады. (Ұ)Кері байланысты жүзеге асыру мақсатында, мұғалім балалардың жауаптарын сәйкес атаулардың астына жазады. (Ұ)Оқушылар жауаптарды талқылайды және туған күн кешін қалай өткізгісі келетінін шешеді.   Оқушылар көздерін жұмып, қандай да бір заттар туралы ойлау және оларды талқылау мүмкіндігіне ие болады. Оқушылар оқу құралдары мен сыныпта өздері тұтынатын заттарды не үшін және қалай қолдану керектігін айтады. Құралдардың маңызы жөнінде өз пікірін білдіреді.   Міндеттің дұрыс құрылғанына, әрбір оқушының белсенді қатысып, идеялар мен нәтижелерді ұсына алатынына көз жеткізіңіз. Сыныптан кері байланыс алу және оқушылардың идеяларын тізіп шығу үшін маркерлік тақта мен интерактивті тақтаның болғаны жақсы. Мүмкіндігінше көбірек оқушыны/жұптарды тапсырманы орындауға тартуға тырысыңыз. Сабақ қысқаша қорытынды жасаумен аяқталады. Бірінші тапсырманың мақсаттары: - Оқушылар оқу құралдары мен сыныпта өздері тұтынатын заттарды ажырата алады. - Заттардың атқаратын қызметі мен маңызы жөнінде біледі.     Сабаққа арналған парақтар. Түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер, маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, флипчарт және т.б. Сыныптағы тұтынатын заттар мен оқу құралдары. Тақта, бор, парта, орындық, кітап, дәптер, сызғыш, қарындаштар, өшіргіш, т.б.
1.1 Мен және менің отбасым   1.1 Мен және менің отбасым     1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру     1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану   1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру   1.1.2.3 мектепте өзін ұстау ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру;   Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? (Ұ)Мұғалім балаларға келесі сауалдарды қояды: «Сен күнде ұйқыдан қай уақытта тұрасың? Ұйқыдан тұрған соң сен әдетте не істейсің?». Өз уақыттарын қалай өткізетіні және не істейтіні туралы әңгіме құрайтынын ескертіңіз. Олар өздеріне әңгімелеуге көмектесетін және күн тәртібін көрсететін кесте құрастырады. Мұғалім уақыт кестесі (күн тәртібі) дегеніміз не, оның мақсатын түсіндіре отыра шаблонды (кестені) көрсетеді, өзінің немесе басқа оқушының бір күнін сипаттай отыра, оны толтырады.Сұрақтар мен жауаптарды пайдаланып, мұғалім тақтада күнделікті уақыт кестесін құрастырады. Күн тәртібі кестесінде: · сағат,таң ату, таңертең, тал түс, күн, кеш, түн; · күні бойғы әрекеттер мен оқиғаларды қамтуы мүмкін. (Ө)Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күні бойынша өз кестесін құрастырады. (Ұ) Мұғалімолар күні бойы әртүрлі сезімдерді сезініп, көптеген дүниелер туралы ойлайтынын айтады. Мұғалім балалардың уақыт кестесін пайдалана отырып, олардың бір күн ішіндегі бақытты, ренішті, ашулы, қорыққан және т.б кездерін еске түсірулерін сұрайды. Оқушылардан осы ойлары мен сезімдерінің бірін күн тәртібі кестесіне қосуды сұраңыз. (Ұ) Сабақтың қорытындысын жасай отыра мұғалім мен оқушылар олар өздері мен сыныптастары туралы не білгендері туралы айтады.   Жақсылықпен жаным дос (Т) Мұғалім сыныптастар арасындағы қарым-қатынастар туралы: «Партада кіммен отырасың? Сыныпта досың бар ма, ол кім? Кім мектепке сыныптасымен бірге келеді?» – деген сауалдар төңірегінде әңгіме құрастыруды ұйымдастырады. (Ө) Оқушылардан сыныптасымен кандай қарым қатынаста болуы керектігі жайында ойлануына мүмкіндік беріңіз. (Ұ)Балалар ұжымда оқитындықтан сынып ұжымындағы мінез-құлық ережесін сақтауы керек. Мысалы, «Балалар өзара келіспеуде», «Ұл бала қыздың шашынан тартуы», «Қыз ұл баланы мазақтауда» және т.с.с. жағдаяттарды талдау арқылы балаларға сынып ұжымындағы мінез-құлық ережесін жасауды ұсынуға болады. (Т) Мұғалім сыныпқа келесі сауалдары қояды: «Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесің?» «Жақсы қасиеттерге нелер жатады?» Жақсы іс атқару әркімнің қолынан келе ме?   (ӨТ) Сынып оқушыларын 2 топқа топтастырыңыз, «жақсылық» пен «жамандық» сөздерін ажыратып, тақтаға жазу. Дидактикалық ойын: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?». Екі топтан балалар шығып, нұсқау бойынша интерактивті тақтадан берілген суреттерді әңгімелей отырып, қолдарындағы ақ және қара текшені көтереді. (жақсылық- ақ текше, жамандық- қара текше) (Ж,Т) Әрбір оқушы өздерінің қандай жақсылық жасағандары немесе жақсы іс істегендері туралы қысқаша айтады. (Ұ) Мұғалім әрбір оқушының жазған ойларын талқылайды. Сабақтың қорытындысын «Релаксация» арқылы жай әуенмен аяқтау. Бүгінгі сабақта: не білдім? не үйрендім?     Күнделікті әрекет кестесі оқушылардың өміріндегі күн контекстін пайдалана отыра идеялардың кең ауқымын және ақпараттарды білдіреді. Күн тәртібі кестесін жасау оқушыларды уақытты өлшеу үдерісіне тартады және оқиғалар арасындағы сабақтастық пен қатынастарды айқын көзге елестетеді. Уақыт кестесі бір күнге арналады. Ол қалай мазмұндалып, құрылатынын мұғалімнің өзі шешеді. Күн тәртібі кестесі мен онда сипатталған оқиғалар оқушыларға өздері туралы оқиғаларды, басынан кешірген қызықты және тартымды жайттарды айтуға мүмкіндік береді. Жеке күн тәртібі кестесі оқушыларды олар алдында талқылаған идеялар мен ақпаратты графикалық/жазбаша түрде көрсете алуына, дұрыс мазмұндауға жетелейді. Оқушылардың көзқарастары мен сезімдерді талқылауы мұғалімнің басшылығымен яғни сұрақтар қою, бағыт беруі, жағымды талап етуімен жүзеге асырылады. Оқушылар сондай-ақ, неліктен белгілі бір сезімдерді басынан кешіргенін, сол сәтте қандай үміт болғандығын сипаттау үшін себептерді ұсынып немесе басқа оқиғаларға жүгіне алады. Сауат ашу сабақтарында оқушылар қазақ халық ертегілерін оқып тыңдай алады.     Сабақ төмендегі іс-әрекеттер бойынша жүзеге асырылады:
  • Кіріспе бөлім:
  • Жақсылық сөзінің ұғымын түсіндіру.
  • Негізгі бөлімде
  • «Жақсылық жасау»- ұғымын жаттату.
  • Жақсылық жасау дегеніміз – біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың, жамандықты ойламай, өзгелерді ренжітпей, айналаңа жақсы істер жасап қуантсаң, жақсылықпен дос болсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың.
  Оқушы екі топқа бөлініп, «жақсылық» және «жамандық» ұғымдарын қалай түсінетіндіктерін айтып, «Венн диаграммасын» құрастырады.     Интерактивтітақта арқылы жақсы іс немесе теріс іс жасап жатқан, мазмұнды сурет көрінеді. Сол суреттің мазмұнын әңгімелей отырып, сигналдық карточкаларды (ақ және қара түсті текшелерді) көтеру арқылы ажыратады. Оқушылар мұғаліммен бірлесіп, талқылауға қатысады.  
    Күн тәртібі кестесінің нені білдіретінін және ол қалай толтырылатынын көрсетуге арналған күн тәртібі кестесінің үлгісі. Түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер, маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, флипчард және т.б. Тақырыпқа байланысты бейнебаяндар, мультфильмдер мүмкіндігінше қолдана аласыз.     Сабаққа арналған парақтар. Түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер, маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, флипчарт және т.б. Сыныптағы тұтынатын заттар мен оқу құралдары. Тақта, бор, парта, орындық, кітап, дәптер, сызғыш, қарындаштар, өшіргіш, т.б.
«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып  
2- бөлім: Менің мектебім  
Осыған дейін меңгерілген білім  
Оқушылар мектеп өмірімен таныс. Олар 1Б бөлімнің көпшілік аспектілерімен 1А бөлімінде танысты. Оқушының қарапайым түрде мектеп өмірінің бір күнгі күн тәртібін,үйдегі күндерінің уақыт графигін құруға тәжірибесі болады.  
Мазмұны  
Бұл бөлім, оқушылардың сынып және мектеп қоғамдастығының мүшелері ретіндегі жеке тұлғасын дамытады, бекітеді, олардың бірге оқып және өмір сүретіндігі жайында айтады. Мектептің тәртіп ережелерімен, қауымдастығымен, мектеп бөлмелерінің қызметімен танысады.  
Осы бөлімдегі «Дүниетану» пәнінің тілдік мақсатыОсы бөлімдегі оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті ғылыми тілдегі тілдік мақсаттың үлгісітөменде берілген.  
Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер  
Оқушылар талап пен дәйектерге негізделген келіссөз жүргізу, ымыраға және белгілі бір келісімге келуге үйренеді. Бұған кіретіндер: · ынтымақ · ымыра · пікір-таластар · зерттеу · тыңдау · келіссөздерді жүргізу · қатысу Талқыланатын мәселелер: · Қандай ережелерді қолданғанымыз жөн? · Барлығы белгілі бір ережелерге бағынып жүргендеріне қалай көз жеткізе аламыз? Неліктен…екенін айта аласыздар ма? · …біз ережелерге мұқтажбыз? · …бір-бірімізді мұқият тыңдап, кезекпен сөйлеуге міндеттіміз?  
Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және ғылыми тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.  
Қысқаша шолу  
1Б-бөлімде оқушыларда мектеп және оқу жайында түсінігі қалыптасады. Олар мектептің орналасқан жерімен танысады, мектепке барар жолды зерттейді. Осы төрт сабақ зерттеу және мәселелерді шешу арқылы оларды мектепті және мектеп өмірін зерттеуге ынталандырады. Оқушылар ережелердің мағынасын, олардың оқудағы, әлеуметтік және күнделікті өмірдегі рөлін қарастырады; олар мұғалімдермен, құрдастарымен араласудың нормаларын біледі және мектеп тәртіп ережелерімен танысады. Бөлімнің мазмұны "Өзін-өзі тану" пәнімен байланысты.  
                     
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер Оқыту ресурстары
1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы   1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік     1.1.2.1 Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру     1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау     1.1.4.4 Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру;     1.1.4.5 үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құру;     Мен және менің мектебім (МК,Ұ) Сыныпқа олардың мектептегі түрлі орындарды, мәселен, кітапхананы, зерттейтіндерін айтыңыз. Мектеп туралы қандай сұрақтары бар екендігін сұраңыз. (Ж/Ұ) Оқушылар, жұпта, мектептегі түрлі орындар жайлы ойдан екі сұрақ құрайды. Оларды біріктіріңіз де, тізіп айтып беріңіз. (Ө) Оқушылардан мектептегі түрлі орындарда не болып жатқандығы жайында ойлануына мүмкіндік беріңіз. Олардан 30 секундқа көздерін жұмып, өздеріне ерекше болып көрінетін белгілі орын жайында ойлануларын сұраңыз. Олар көздерін ашқаннан кейін, өз ойларын сыныпқа хабарлайды. (Ұ) Карта ұғымымен таныстырыңыз: оқушалардан бұл не, олар нені көрсетеді және оны не үшін қолданатынын сұраңыз. Әр оқушыға мектептің қарапайым сызба-картасын беріңіз. Ол нені көрсететіндігін сұраңыз. Мектеп айналасында бағдарлану үшін, картаны қалай қолдануға болатынын талқылаңыздар (Т) Төрт оқушыдан құрылған топтар мектептің түрлі орындарында болып жатқан төрт іс-әрекетті талқылайды және үйлестіреді. Әр топтың баяндаушысы топ идеясын сыныпқа жариялайды. (Т) Топтың ұсынысы негізінде мектептегі орындардың тізімін құрыңыз. Оқушылармен бұл орындардың неге арналғанын, оқушылар, қызметкерлер мен мектеп өміріндегі маңызын талқылаңыздар. (Ж) Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Әр жұп жалпы тізімінен, өздері жақсы білгілері келетін орынды таңдап айтуы тиіс. (Ж) Оқушыларды сынып талқылаған орындарды көрсете отырып, мектепішілік саяхатқа шақырыңыз. (Ө) Сыныпқа оралып, оқушылар өз жоспарларын толтыруды аяқтайды. (Ұ) Оқушылар мектеп туралы анықтаған ақпараттарымен, карталар мен жоспарлар туралы білгендерімен бөліседі. Мектепке баратын жол (МК, Ұ) Оқушылармен жолда жүру қауіпсіздігі, ең ыңғайлы жол туралы ой бөлісу. Жолдағы түрлі жағдаяттар туралы суреттер арқылы оқушыларға жолда жүру ережесіне байланысты практикалық жұмыс ұйымдастыруға болады. Оқушылар үйден шығып мектепке келгенше жолдағы маршрут жоспарын белгілейді, Оқушылар жолдағы қауіпсіздік ережесіне қоса бөгде адам шақырса бармау, таныс емес адамдармен байланыс жасамау, бейтаныс адамдардың көлігіне отырмау және көліктердің алдынан жүгіріп шықпау сияқты қауіпсіздік ережелерін білгендерінше мұғалімнің көмегімен әңгімелейді. (Ж, Т) Оқушылар жұпта өз үйлерінен мектепке келудің мүмкіндік болған бірнеше жолын көрсетеді. Қарапайым сызбасын салады. Қай жолмен жүргенде жақын болатынын немесе қауіпсіз екені туралы әңгімелейді. Топта мектепке қалай келетіні (жаяу, автобус, машина) туралы шағын сауалнама жүргізе алады. Сауалнама нәтижесінде неше оқушы жаяу/машинамен/автобуспен келетінін анықтайды. (Т) Көрсетілген суреттерге қарай отырып, талқылау жүргізеді: балалар жолдан дұрыс өтіп бара ма? Неліктен көшеде өзін ұстаудың ережесін білгені жөн? Сабақтың қорытындысында балалар мектепке дейінгі жолда жаяу, автобуспен немесе машинамен келудің қауіпсіздігін меңгереді.   Оқушылар білетін болады: · Мектептің орналасқан орнын; · Мектепке барар жолды; · Мектеп күнін; · Күнделікті сабақ кестесін Бұл әрекеттер оларды өзіндік білімдерінен және мектеп жайлы оқушылар тәжірибелерінен бастап, карталар мен жоспарлардың неге арналатындығын таныстыратын келесі сабақтарға негіз ретінде қолданыла алады. Көзін жұмып орындайтын жаттығулар оқушыларға ойларын жинақтауға жақсы көмектеседі. Топта идеяларын біріктіруге арналған тапсырма, көзқарастарын топтастыру және өз ойларымен/нәтижелерімен бөлісуге көмектеседі. Егер оқушылар картамен қолдануды білсе, олар оны алып, өздері барған мектептегі орындарды белгілей алады. Егер қолда сандық фотоаппарат болса, оқушылар оларды тапқандарын түсіріп алуға қолдана алады. Мектепте не болып жатқандығы жайлы көбірек білу үшін, мектеп ішінде саяхат ұйымдастырыңыз және оқушыларды жоспарлар мен карталардың міндетімен таныстырыңыз. Саяхат барысында кейбір оқушылар өз жоспарларына қысқа жазбалар жасай алады. Оқушылардың мектептегі әртүрлі адамдармен, мәселен, күзетшімен, кітапханашы және қызмет атқарушылармен, олардың жұмыстары туралы әңгімелесуге мүмкіндіктері болғаны жақсы. Сынып, мектеп жоспарын қолдану арқылы жоспардың мақсатымен таныстырылды.   Мұғалім сабақ өтетін күннен 1 күн бұрын оқушыларға үй мен мектеп арасындағы жолды анықтауға тапсырма береді. Практикалық жұмысты мектептің холында немесе ашық алаңда өткізуге болады.   Бұл сабақта оқушыларды жолдан немесе көшеден өтудің ережесімен таныстырған жөн: жер асты жолы, жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам арқылы.   Мектеп картасы немесе жоспары. Маркерлі немесе интерактивті тақта. Оқушылар баратын әр орындардың фотосуреттері/бейне-суреттері- PowerPoint-та болуы мүмкін. Сандық фотоаппараттар. Жол макетін жасаңыз. Бағдаршам, жолаушылар өткелін дайындаңыз.

Наши рекомендации