Масштабтар жӘне олардыҢ дӘлдігі

Лекция 5

ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР ЖӘНЕ ПЛАНДАР

МАСШТАБТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДӘЛДІГІ

Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымең бірме-бір көрсету мумкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінін береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Масштаб:

масштабтар жӘне олардыҢ дӘлдігі - student2.ru

және т. с.с. алынады.

Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен қартаға кескіндеу кезінде каншалыкты, кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді. Масштаб әрбір план мең карта бетінің рамкасының оңтүстік қабыр-ғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) турде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1 : 1000, пландағы ұзындығы .145,3: 10= 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см— 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100=913 м болады.

Планды не картаны жасағанда жердің әрбір сызығының
ұзындыктарын әрдайым бір санға кішірейту кажет; оған сызық-
ты масштабты пайдаланған кезде қол жеткізуге болады. Сы-
зықтық масштаб масштабтың негізі деп аталып, мысалы, әрбір
1—2 см сайын тең кесінділерге бөлінген тік сызық болып табы-
лады. Мұндағы шеткі сол жақтағы кесіндіні әдетте 10 тең бөлік-
ке бөледі. Сызықтық масштабтағы әрбір кесіндіге жердегі бел-
гілі бір кесіңді сёйкес келеді. Нөлдік сызықшадан оңға қарай
салынған кесінділер. 1 ; 2000 масштабта жердегі 20, 40, 60, 80,
100, 120, 140, 160 м-ді, ал солға қарай 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18,
20 м-ді көрсетеді. Масштабтағы аb кесіндісіне жердегі 88 м
ұзындығы сәйкес (15-сурет) келеді.

Сызықтық масштабтың көмегімен 0,5 мм дәлдікпен ара қашықтықты өлшеуге және салуға болады. Ара кашықтықты өте дәлдікпен анықтау үшін көлденең масштабты қолданады. Көлденең масштаб кесінділерді пропорционал бөлуге негізделген

масштабтар жӘне олардыҢ дӘлдігі - student2.ru

график болып табылады. Көлденең масштабты салу үшін тузуге бірнеше рет 2 см-лік кесіндіні салады, ол масштабтың негізі деп аталады. Бөлінген нүктелерден перпендикулярлар тұрғызылады. Масштабтың негізіне параллель тең аралыкта перпендикулярлар арқылы түзулер жүргізіледі. Масштаб негізінің шеткі сол жактарын жоғарыдан және төменнен 10 бөлікке (2 мм-ден) бөледі. 16-суретте көрсетілгендей, алынған нүктелерді көлбеу түзулермен қосады. ВЕ сызығына параллель көлбеу сызықтардың арасындағы кесінділер АВ табанының оннан бір бөлігіне тең болады, яғни ED=АВ/10), ал ВD перпендикуляры мен ВЕ көлбеуінің арасында жатқан кесінділер масштаб табанының жүзден бір бөлігіне тең. Сірә, осы кесінділердің ең кішісі (t)

ED кесіндісінен 10 есе кем, яғни t=ED/10 = AB/100 . Осындай мас-

штаб нормальды жүздік көлденең масштаб деп аталады.

масштабтар жӘне олардыҢ дӘлдігі - student2.ru

Көлденең масштабты қолданып өлшеу жүргізу алдында оның негізгі бөліктері жердегі қандай ара қашықтықтарға сәйкес келетінін анықтау, яғни 2 см, 2 мм, 0,2 мм план масштабының бөліміне көбейтілгенде неге тең болатынын білу қажет. Мысалы, 1 : 5000 масштабтағы план үшін — 100 м, 5 м, 0,5 м.

Өлшеу кезінде циркуль ашасының инесін диаметрі 0,1 мм шеңбер ретінде қабылдауға болады. Осы шамадан кем кесінділерді сызбаға тусіру іс жүзінде мүмкін емес. Планның 0,1 мм нақты масштабына сәйкес келетін жердегі ара қашықтық масштабтың дәлдігі деп аталады. Мысалы, 1/500 , 1/1000, 1/2000, 1/5000, 1/10000 масштабтары үшін олардың дәлдігі 0,05 м, 0,1 м, 0,2 м, 0,5 м, 1,0 м-ге тең. Демек, осы көрсетілген кесінділерден кем кесінділер берілген масштабтағы планда кескінделмейді.

КАРТА ЖӘНЕ ПЛАН ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Геодезиялык өлшеулер мен жекелеген учаскелердің түсірулері жер беті, оның сапалық жағдайының өзгеру заңдылықтары, физикалық кеңістік, табиғи, жер ресурстарының халық шаруашылығының барлық салаларында пайдаланудағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы жеткілікті дәрежеде толық мағлұмат бере алмайды. Халық шаруашылығына қажетті осы сияқты және т. б. мәліметтерді картография береді. Картография уақыт пен кеңістіктегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысы және өзгеруі туралы географиялық карталарды жасау мен әдістерді пайдалану туралы ғылым.

Карта дегеніміз жер бетінің едәуір территориясының Жердің қисықтығын еске ала отырып картографиялық проекцияда салынған жазықтықтағы кішірейген кескіні. Карта арқылы шешілетін міндеттердің сан алуандығы мазмұны жағынан да, олардың масштабтары жағьшан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Мазмұны жағынан географиялык карталар жалпы географиядык және тақырыптық болып бөлінеді.

Жалпы географиялық карталарда жер беті туралы физикалык-географиялық мәліметтер (бедер, топырақ, өсімдік, гидрография және т.б.) және адам қызметімен байланысты объектілер (елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жол торабы және т. т.) кескінделеді. 1 : 10000-1 : 1000000 масштабтағы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп аталады. Олар ірі масштабты — 1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000, 1 : 5000, 1 : 10000, 1 : 25000, 1 : 50000, орта масштабты — 1 : 100000, 1 : 200000, ұсақ масштабты - 1 :500000, 1: 1000000 болып бөлінеді. 1 : 500, 1 : 1000, 1 : 2000 және 1 : 5000 масштабтағы топографиялық карталар топографиялық пландар деп аталады. Жер бетінің шектеулі учаскесі бедерінің контурлары мен пішіндерін горизонталь проекцияда қағаз бетінде кішірейтіп және осы сияқты кескіндеуді (Жер қисықтығы ескерілмейді) топографиялық план деп атайды.

Ұсак масштабты карталары халық шаруашылығының дамуын негізгі жобалау кезінде жерді жалпы зерттеуге, су кеңістігінің және жер бетінің қорларын есепке алуға, күрделі инженерлік объектілерді алдын ала жобалауға, еліміздің қорғаныс муддесіне арналған.

Орта масштабты карталар егжей-тегжейлі мазмұнға және неғұрлым жоғары дәлдікке ие болады; олар ауыл шаруашылығында егжей-тегжейлі жобалауға, жолдарды, трассаларды, электр жеткізу желісін жобалауға селолык елді мекендерді алдын ала жоспарлау және салуға, пайдалы қазбалардың қорын барлау және іздестіруге арналған.

Ірі масштабты карталар мен пландар әр алуан жұмыстарды неғұрлым дәл егжей-тегжейлі жобалау (суландыру, құрғату, көгалдандыру, қалалардың басты жоспарларын жасау, инженерлік тораптарды және коммуникацияларды жобалау) үшін жасалады.

Тақырыптық арнайы карталар жалпы географиялық карталардың негізінде жасалынады, бірақ олардың элементтерінің бірі ғана барынша толық ашылады (топырақ карталары, орман, сортандану, дымкылдану геологиялық карталар және т. б.).

Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кенін барлау және игеру кезінде жердің үлкен ауданын мелиорациялау және игеру жөніндегі шараларды жүзеге асыруда, жолды салуда, айналадағы ортаны қорғауда және халық шаруашылығының баска мақсаттарында арнайы салалық карталар жасалынады.

Наши рекомендации