Останай (Николаевск) қаласы.
1036. Торғай облысындағы ең үлкен қала Қостанай (Николаевск) қаласы.
1037. Қостанай қаласының негізі қаланды 1879 ж.
1038. 1879 ж. қалаға көшірілген шаруалар саны 1200 отбасы.
1039. 1889 ж. қала мен қала маңындағы халықтың саны 18 000.
Темір қаласы.
1040. Жем өзені бойындағы күзет пункті ретінде негізі қаланған қала 1897 ж. Темір қаласы.
1041. ХХ ғ. бас кезінде тұрғын саны 750 адам.
1042. 1807 ж. Верныйда – 22 744,Жаркентте – 16 094,Әулиеата – 11 722,Перовскіде (Ақмешітте) – 5058.
§34. Сауда. Жәрмеңкелер.
1043. Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды 1835 ж.
1044. Әр түйеге осынша жүк артуға болды 16 пұт.
1045. Қазақстанда болған ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезінде-Қоянды-Ботов,Ақмола уезінде-Константинов-Еленов,Атбасар уезінде-Петров,Орал облысында-Ойыл және Темір,Верный уезі-Қарқара, Жаркент,Сырдария облысындағы-Әулиеата,Семей уезінде-Шар,Павлодарда-Тайыншакөл.
1046. 1900 ж. Қазақстанда болған жәрмеңке саны 104.
1047. Қарқаралы казак станицасынан 52 шақырым жерде айырбас сауда орталығы ашылды 1848 ж.
1048. Жәрмеңкенің негізін қалаған көпес В. Ботов.
1049. Жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады ХІХ-ХХ ғ. шебінде.
1050. 1860 ж. алғашқы орыс коммерциялық фирмасы ашылды Ургада (Ұлан-Баторда).
1051. Қытай аумағындағы сауда жүргізілді Шұғышақ, Құлжа, Үрімші, Гучен қалаларында.
1052. Қытаймен сауда-саттық жасаған Қазақстан қалалары Семей, Зайсан, Бұқтырма, Петропавл.
1053. 1883 ж. Іле өзені арқылы тікелей су жолын ашты көпес Уәли Ахун Юлдашев.
1054. Өскенмен мен Омбы арасында қазыналық төте жол салынды 1745 ж.
1055. В. Ботов– орыстың белгілі көпесі. 1848 ж. Қарқаралы маңында Ботов (Қоянды) жәрмеңкесінің негізін қалады.
§35. Өнеркәсіптің дамуы.
1056. Қарағанды көмірін алғашқылардың бірі болып ашты 1833 ж. Аппақ Байжанов (1824-1887).
1057. Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын алғаш ашқан Қосым Пішенбаев.
1058. Екібастұз көмірі 1867 ж.Майқайың полиметалл кен орындарын 1895 ж.ашқаны туралы мәлімдеді Қосым Пішенбаев.
1059. Павлодардағы миллионер-көпес А.И.Деровқа жалданып, кен көздерін іздеуші және маркшейдер болып жұмыс істеді Қосым Пішенбаев.
1060. «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды 1904 ж. Лондонда.
1061. 1904 ж. Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын сатып алды австриялық кәсіпкер.
1062. «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» пайда болды 1906 ж. Лондонда.
1063. Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алған «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы».
1064. ХХ ғ. бас кезінде Өскемен уезінде болған алтын қазылатын рудник саны 50.
1065. Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашытатын зауыт болды 1888 ж.
1066. Зауыттар мен фабрикаларда болған жұмысшы саны 2-5 адам.
1067. Мекке қаласындағы жүз кісілік қонақ үй салуға үлкен үлес қосты Томск губерниясындағы бай қазақ Нұрекен.
1068. Покровская слобода – Орал темір жол желісі тартылды 1891 – 1893 ж.
1069. Челябі мен Омбы арасында темір жол қатынасы орнады 1894 ж.
1070. Орынбор – Ташкент темір жолы салынды 1901 – 1905 ж.
1071. 1905 ж. Қазақстандағы темір жол желісінің жалпы ұзындығы 2000 км.
1072. Семей мен Өскемен уезіндегі жұмысшылар ереуіл жасады 1888 ж.
1073. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамының кеніштерінде ереуілге шықты 300 кенші.
1074. Акция – құнды қағаз. Ол кәсіпорынға акционердің белгілі мөлшерде үлес-жарнасының қосылғандығын куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді.
§36. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.
1075. Ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы басталды 1881 ж.
1076. Ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы жалғасты 1881-1884 ж.
1077. Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болды 1897 ж.
1078. Қазақстанда 64 мың ұйғыр, 20 мың дүнген болды 1907 ж.
1079. Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәденитеін зерттеген Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, В.И. Роборовский және т.б.
1080. Дүнгендердің ертегі мен аңыз әнгемелер айтуышлары фофуди.
1081. ХІХ ғ. халық арасына кеңінен танылған ұйғыр әншілері Садыр Палуан, Назугум.
§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы.
1082. 1897 ж. Алтайда болған орыстар саны 90 мыңға жуық орыс шаруалары.
1083. 1897 ж. Қазақстанның алты облысындағы орыстар саны 544 мың адам.
1084. Жоламан деген қазақ өкілі украин баласын асырап алды Афанасий Латута – Жақып Жоламанов.
1085. Қазақ тілін меңгеріп, исламның негізін үйретіп, мұсылман дінін қабылдаған Жақып Жоламанов.
1086. 1916 ж. қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде ол Қорғалжыңдағы көтерілісшілердің танымал басшыларының бірі болды Жақып Жоламанов.
1087. 1897 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда тұрған украин саны 86,7 мың.
1088. Украиндердің басым көпшілігі шоғырланды Ақмола облысында (51%-ы).
1089. 1897 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда тұрған татарлар саны 56 мың.
1090. 1897 ж. қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың.
1091. «Қырғыз даласының тіршілік-тынысы» картинасының авторы поляк суретшісі Бронислав Залесский.
1092. «Қырғыз», «Дала» дастандарының авторы поляк ақыны Густав Зелинский.
1093. Қазақ халқының тарихын қызыға зерттеген Адам Янушкевич.
1094. Жетісу мұражайның негізін қалаған Владимир Недзвецкий.
1095. «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арналған материалдар» кітабының авторы Северин Гросс.
1096. 1897 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда тұрған поляктар саны 1254.
1097. Поляктардың көпшілігі шоғырланды Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстары.
1098. Қостанай қаласының төңірегінде қоныстанған болгарлар шығырмен суаратын бау-бақша өсірді.
1099. 1897 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда тұрған мордвалықтар саны 12 мың.
1100. Мордвалықтар орыс халқымен араласып ассимиляцияланып кетті.
1101. 1897 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда тұрған еврейлер саны 1651.
1102. 1897 ж. Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша Қазақстанда өзбек-29,5 мың,түрікмен-2,8 мың,башқұрт-2,6 мың,қалмақ-997,тәжік-987 және т.б. ұлт өкілдері.
1103. Ақмола аумағындағы эстондықтар мен латыштардың шағын бір тобы 375 адам.
1104. Ассимиляция –бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.
1105. Шығыр –егістікке су шығару үшін жасалған, су жүретін науасы бар қарапайым құрал.
§38. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы.
1106. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінен кейін көшіп кеткен қазақ саны 300 мыңға тарта.
1107. Орта жүз қазақтары Тобыл және Томск губернияларымен шекаралас аймақтарға уақытша көшіп-қонуға рұқсат алды 1771 ж.
1108. Қытай өкіметі қазақтардың Синьцзяньға көшіп, қоныс аударуына рұқсат етті 1767 ж.
1109. 1911 ж. есеп бойынша Томск губерниясында-29 мың,Тобыл губерниясында-9 мың қазақ тұрды.
1110. ХІХ ғ. аяқ кезінде Қытайда тұрған қазақтар 100 мыңға жуық.
1111. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінен кейін 300 мыңға жуық қазақ көшіп кетті Қытайға.
1112. Монғолияның батыс бөлігінде тұратын қазақтардың негізі тобын құрады абақ керейлер.
1113. ХХ ғ. бас кезінде Монғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуық.
1114. 1869-1870 ж. қазақтардың бір бөлігі көшіп кетті Түрікменстанға.
1115. 1897 ж. халық санағы бойынша Түрікменстандағы қазақтардың саны 73 мыңға жуық.
1116. 1897 ж. халық санағы бойынша Жызақ және Ходжент уезіндегі қазақтар саны 63 мың.
1117. Ауғанстанда қазақтар пайда болды ХІХ ғ. 40-жылдарында.
1118. Ауғанстандағы қазақтардың негізін құрады Кенесары хан мен Наурызбай батыр жасақтары.
1119. ХХ ғ. бас кезіндегі Ауғанстандағы қазақтар саны 2 мыңға жуық.
§39. Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 ж. революция кезінде.
1120. Бірінші орыс революциясы 1905 ж. 9 қаңтар – 1907 ж.
1121. «Қанды жексенбі» өлеңінің авторы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
1122. Ақмола және Семей аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды 1906 ж. 6 қаңтардан бастап.
1123. Орал қаласында теміржолшылардың қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподағы құрылды 1905 ж. қараша айында.
1124. Семей, Торғай, Орал және Сырдария облыстарындағы шаруалар жергілікті әкімшілік билікке қарсы шықты 1905 ж. жазында.
1125. Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезі өтті 1905 ж. желтоқасан айында.
1126. Семей қаласында қазақтардың съезі ашылды 1906 ж.
1127. Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды 1905 ж. ІІ Николай патша.
1128. 1906 ж. І Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов,Уфа губерниясынан – Сәлімгерей Жантөре,Орал облысанан – Алпысбай Қалменұлы,Астрахан губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов,Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы,Семей облысынан – Әлихан Бөкейханов сайланды.
1129. Ресейдің І Мемлекеттік Думасы жұмыс істеді небары 73 күн.
1130. Депутаттардың көтерген бастамаларына көңілі толмай Думаны таратып жіберді ІІ Николай.
1131. 1907 ж. Думаны қайта құрып Қазақстаннан мына азаматтар құрылды Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов,Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы,Семей облысынан – Темірғали Нұрекенов, Сырдария облысынан – Тілеулі Алдабергенұлы,Жетісу облысынан – Мұхамеджан Тынышбаев,Орал облысынан – Бақытжан Қаратаев,Астрахан губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов.
1132. ІІ Мемлекеттік Думасы жұмыс істеді небары 104 күн.
1133. І және ІІ Мемлекеттік Думада Ақмола облысына екі рет сайланды Шәймерден Қосшығұлұлы.
1134. І және ІІ Мемлекеттік Думада Торғай облысына екі рет сайланды Ахмет Бірімжанов.
1135. Ә.Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды 1908 ж.
1136. ІІ Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған Выборг үндеуі.
1137. Мемлекеттік Дума – Ресейдің 1906 – 1917 ж. заң шығарушы жоғары өкілетті органы.
§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы.
1138. Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы іс-әрекеттері әр түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды.
1139. 1905 ж. Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақтар атынан петиция жолданды ІІ Николайға.
1140. Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде жіберілген петицияға қол қойды 42 қазақ.
1141. Петицияны жазуға қатысқан белгілі саяси қайраткерлер Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Т.Нұрекенов.
1142. Петицияларлдың бір нұсқасын орыс тіліне аударып Ішкі істер министрінің атына жіберді Темірғали Нұрекенов, 1905 ж. 22 шілде.
1143. ХХ ғ. бас кезіндегі өмірлік проблемаларды толық қамтыған, 47 тармақтан тұратын петицияны орыс тіліне аударған Темірғали Нұрекенов.
1144. Петицияда көрсетілді мектеп қабырғасында Ислам дінін оқытып, «орысша сауат ашуды» содан кейінгі орынға және қырғыз (қазақ) халқының арасынан бастық болғысы келетіндер қырғыз тілін білуге міндеттенсін, іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізу талап етілді.
1145. Петиция –мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органының атына көпшілік атынан тапсырылатын өтініш.
1146. ІІ Николай (1868-1918) – Ресейдің соңғы императоры.
§41. Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі.
1147. Қазақтар сайлау құқығынан айырылды 1907 ж.
1148. Оқу-ағарту министрі бекіткен ережеде қазақ тілінің мәртебесі төмендетілді 1907 ж.
1149. Орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды 1909 ж. Дала облыстарының әскери губернаторлары.
1150. Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты №7 ауылда дүниеге келді Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов, 1870 ж.
1151. Ә.Бөкейханов Омбы техникалық училищесін 1890,Санк-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді 1894 ж.
1152. Ә.Бөкейханов Тобыл губерниясын зерттейтін, кейін Ф.Щербинаның статистикалық экспедициясына белсене қатысты ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезі.
1153. Авторларының бірі Ә.Бөкейханов болып табылатын Петербургте «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» басылымының 18 томы шықты 1903 ж.
1154. Ә.Бөкейханов Ресейдің земство және қала қайраткерлерінің Мәскеуде өткен съезіне делегат болып қатысты 1905 ж.
1155. Ә.Бөкейханов Ресей конституциялық демократтар (кадет) партиясына мүшелікке қабылданды 1905 ж.
1156. Кадеттердің «Степной пионер», «Степной край», «Иртыш», «Омич», «Голос» газеттерінде белсенді түрде мақала жазып тұрды 1905-1907 ж. Ә.Бөкейханов.
1157. Ә.Бөкейханов А.Байтұрсынов және М.Дулатовтармен тұңғыш «Қазақ» газетін ұйымдастырды, 1913 ж.
1158. Ә.Бөкейханов 1917 ж. 21-26 маусымында Орынборда І Бүкілқазақ съезін өткізіп, «Алаш» партиясы атқару комиететінің төрағалығына сайланды.
1159. «Алаш» партиясының ІІ Бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметі құрылып, оған төраға болып сайланды 1917 ж. Ә.Бөкейханов.
1160. Ә.Бөкейханов ату жазасына кесілді 1937 ж.
1161. Ә.Бөкейханов ақталды 1989 ж.
1162. А.Байтұрсынұлы дүниеге келді 1873 ж. Торғай облысы, Торғай уезінің Сарытүбек жерінде.
1163. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірді 1895 ж.
1164. «Қазақ» газетінде редактор 1913-1918 ж.
1165. М.Дулатов дүниеге келді 1885 ж. Торғай облысы, Торғай уезінің Қызылбел жерінде.
1166. М.Дулатов ату жазасына кесілді 1935 ж.
1167. Ә.Бөкейханов және А.Байтұрсынұлымен кездеседі 1904 ж. Омбыда.
1168. «Оян, қазақ!» жыр жинағы жарық көрді 1909 ж.
1169. «Оян, қазақ!» кітабын замандастары атады «Ұлттық манифест».
1170. Қарқаралы петициясын әзірлеуге ат салысты М.Дулатұлы.
1171. Мұхамеджан Тынышбаев дүниеге келді 1879 ж. Жетісу облысына қарасты Лепсі уезінің Садыр болысында.
1172. Верный гимназиясын алтын медальмен бітірді 1900 ж.
1173. Санк-Петербург транспорт инженерлері институтын бітірді 1906 ж.
1174. Оралда өткен Қазақстанның бес облысының съезіне қатысты 1905 ж. аяғында.
1175. ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу губерниясынан депутат болып сайланды 1907 ж.
1176. М. Шоқай дүниеге келді 1890-1841ж. Сырдария облысы.
1177. Көлбай Тоғысов дүниеге келді Семей облысы, Зайсан уезінің Шорға болысында.
1178. Көлбай Тоғысов 3 тілде шығармаларды еркін жазды: қазақ, татар, орыс.
1179. Татар тілінді«Вахыт»,орыс тілінде «Семипалатинский листок» газеттерінде шығармалар шығып жүрді.
1180. Қазақстандағы алғашқы газеттердің бірі «Түркістан уәлаяты газеті» 1870 ж. Ташкент қаласында қазақ, өзбек тілдерінде шықты.
1181. «Дала уәлаяты газеті» алғаш Омбыда 1888 ж. шықты.
1182. Алғашқы журнал 1911 ж. Орынбор губерниясының Троицк қаласында «Айқап» журналы.
1183. «Айқап» журналының баспагері, редакторы, ақын, прозашы, журналист Мұхамеджан Сералин.
1184. Айқап» журналы жабылды 1915 ж.
1185. «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымы жұмыс жасады Омбы қалас.да, 1914-1918 ж.
1186. «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымы жұмысына белсене қатысты ақын, жазушы, драматург Қошке Кемеңгеров.
1187. «Бірлік» ұйымы қолжазба түрінде жұмыс істеп журналға айналды «Балапан» журналы.
1188. «Балапан» журналының редакторы Қошке Кемеңгеров.
1189. 1915-1918 ж. «Садақ» журналы шығарылды Уфа қаласында.
1190. Сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды 1905 ж.
1191. Қазақтардың тұңғыш қоғамдық-саяси газеті шықты «Серке» газеті, 1907 ж. Санк-Петербургте.
1192. «Серке» газеті татар тілінде шығатын «Ульфат» газетінің қазақша қосымшасы.
1193. Апталық басылым «Қазақ» газеті жарық көрді 1913 ж.
1194. «Қазақ» газетінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы.
1195. «Қазақ» газетінің таралымы орта есеппен 3000-8000 данаға дейін.
1196. 1900-1917 ж. аралығында қазақ тілінде басылып шыққан кітап саны 400, олардың жалпы таралымы 60 000 данаға дейін.
1197. Абай өлеңдері мен А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» кітабы жарық көрді 1909 ж. Санк-Петербургте.
1198. М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлең жинағы 1909 ж. Қазанда.
1199. «Бақытсыз Жамал» романы, «Азамат» және «Терме» шығармалырының авторы М.Дулатов.
1200. «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» кітабы жарық көрді 1911 ж.авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы.
1201. «Маса» өлеңдер жинағы жарық көрді 1911 ж.авторы А.Байтұрсынұлы.
1202. «Оқу құралы», «Әліпби», «Жаңа әліппе», «Тіл құралы» оқу құралдары жазылып шықты қазақ тілінде 1912 ж.авторы А.Байтұрсынұлы.
1203. «Шолпан» өлең жинағы жарық көрді 1912 ж.авторы М.Жұмабаев.
1204. «Өткен күндер» кітабы жарық көрді 1912 ж. авторы С.Сейфуллин.
1205. С.Сейфуллинның «Өткен күндер» кітабы жарық көрді 1912 ж. «Бірлік» ағарту үйірмесінің көмегімен.
1206. Халел Досмұхамедов (1887-1938) –«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің мүшесі.
§42. Оқу-ағарту ісі.
1207. Медереседе оқу мерзімі созылды 3-4 жылға.
1208. Мектептер мен медреседе оқу үшін уезд бастығының арнай рұқсаты болу керек 1867-1868 реформалар бойынша.
1209. Жаңа әдістемелік мектептер пайла бола бастады ХХ ғ. басында.
1210. Жаңа әдістемелік мектептің негізін қалады түркі тілдес халық ағартушысы И.Гаспиранский.
1211. Қазақстандағы ең алғаш жаңа әдістемелік мектеп ашылды 1900 ж. Түркістан қаласында.
1212. Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б.Майлин,Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ.Болғанбаев оқыды.
1213. Абай Құнанбаев оқыған медресе Семейдегі Ахмет Риза медресесі.
1214. 1917 ж. Қазақстан аумағында болған жаңа әдістемелік мектеп саны 100-ге жуық.
1215. 1813 ж. Омбыда, 1825 ж. Орынборда ашылды әскери училищелер.
1216. Әскери училищелер кейін айналды кадет корпустарына.
1217. Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасымен алғашқа қазақ мектебі ашылды 1841 ж.
1218. Орынборда жаңа үлгідегі 7 жылдық мектеп ашылды 1850 ж.
1219. Омбыда осындай жаңа үлгідегі мектеп ашылды 1857 ж.
1220. Троицкіде орыс-қазақ мектебі ашылды 1861 ж.
1221. Ташкентте мұғалімдер институы ашылды 1879 ж.
1222. Торғай облысында екі сыныптық орыс-қазақ мектебі ашылды 1879 ж.
1223. Орынбор губерниясының Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды 1883 ж.
1224. Ор қаласында ашылған мұғалімдер мектебінің ашылуына үлес қосқан Ы.Алтынсарин.
1225. 1885 ж. бастап барлық уездерде ашыла бастады ауыл шаруашылық мектептері.
1226. Ауыл шаруашылық мектептерінің бағыты қазақ жерінде білім мен қолөнер түрлерін дамыту.
1227. 1887 ж. бастап барлық жерде ашыла бастада орыс мектептері.
1228. 1891 ж. қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды Торғай, Ақтөбе, Қостанай жерінде.
1229. Қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектеп ұйымдастырылды 1892 ж. бастап.
1230. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап халыққа білім беру орталықтарына айналды Омбы, Семей, Орал, Ақмола.
1231. Ақмола облысындағы Халық училищесінің директоры А.Е. Алекторов.
1232. 1902 ж. Далалық өлкеде ашылған мектеп саны 14.
1233. Бір-екі сыныптық училищелер жұмыс істей бастады 1904 ж. бастап.
1234. Омбыда Азия мектебі ашылды 1789 ж.
1235. Жатып оқитын интернаттар ашылды 1877 ж. Омбыда, Көкшета мен Ақмолада.
1236. Омбыда техникалық училище ашылды 1882 ж.
1237. Омбыдағы техникалық училищенің түлегі Ә.Бөкейханов.
1238. Омбы мал-дәрігерлік-фельдшерлік мектебі ашылды 1852 ж.
1239. Медресе –Ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.
§43. Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті жазушысы.
1240. Ы.Алтынсарин дүниеге келді 1841 ж. Қостанай облысы.
1241. Ы.Алтынсарин тәрбиеленді атасы Балқожа Жаңбыршиннің қолында.
1242. Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті бітірді алтын медальмен, 1857 ж.
1243. Ы.Алтынсарин шет тілдерде еркін сөйледі орыс, араб, парсы, татар.
1244. Мектепті бітергеннен кейін атасының қол астында кеңсе қызметкері болды 3 жыл.
1245. Ы.Алтынсарин оқу құралдарының авторы: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық».
1246. 1860 облыстық басқарманың тапсырмасы қазақ балаларына арналған Торғай қаласында бастауыш мектепті ашуды.
1247. Қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды 1864 ж.
1248. Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды 1879 ж.
1249. Үйлену тойларына байланысты әдет-ғұрыптарды суреттеді «Орынбор ведомствасы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі».
1250. Ы.Алтынсарин шығармалыры «Азған елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана».
1251. Ы.Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты 1868 ж.
§44. Ғылыми мекемелер мен ғылыми-зерттеу жұмысы.
1252. «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» жұмысының авторы орыс офицері Б.С. Броневский.
1253. Броневскийдің жұмысы 1830 ж. жарияланды «Отечественные записки» журналында.
1254. «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» 3 бөлімнен тұратын зерттеу жұмысының авт. А.И. Левшин.
1255. А.И. Левшин «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» 3 бөлімнен тұратын зерттеу жұмысының арқасында атаққа ие болды «Қазақ тарихының Геродоты».
1256. Қазақстанды зерттеуші ірі ғалым П.П. Семенов-Тян-Шанский (1827-1914).
1257. П.П. Семенов-Тян-Шанский зерттеген аймақтар Алтай мен Жетісу және Қазақстанның оңтүстік өңірі.
1258. Тян-Шанский еңбектері «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы», «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі».
1259. XVI – XVIII ғ.қазақ халқының тарихын зерттеуші, Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Вельяминов-Зернов.
1260. Вельяминов-Зерновтың еңбектері «Қасымов патшалары мен ханзадалары тураллы зерттеу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер».
1261. Торғай облысының мал дәрігері А.И.Добросмысловтыңдерек көзге толы еңбегі «Торғай облысы. Тарихи очерк» 3 томдық еңбегі.
1262. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзектің еңбегі «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар».
1263. М.М. Красовскийдың еңбегі «Сібір қырғыздарының аймағы» 3 томдық еңбек.
1264. «Сібір қырғыздарының аймағы» мазмұны Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағының өмірі, тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтерден тұрады.
1265. Жәмішев селосында, Сібір казактарының отбасында дүниеге келген Г.Н. Потанин (1835-1920).
1266. Омбы кадет корпусында оқып таныс болады Ш.Уәлиханұлымен.
1267. Потанин Қазақстан, Орталық Азия, Монголия, Урянхай өлкесі, Қытай және Тибет жерлеріне саяхат жасады ХІХ ғ. 60-90 ж.
1268. Потанин мақалалары «Қырғыз жәрмеңкесінде», «Қырғыздардың сауда-саттығы», «Шоң би», «Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы», «Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында».
1269. Потаниннің 80 жасы тойланды 1915 ж. Орынборда.
1270. 1915 ж. Потаниннің 80 жасын құрмет көрсетіп салтанатты түрде өткізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов.
1271. Қазақтар Потанинге құрмет көрсетті «Греке» деп атайтын.
1272. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші башқұрт ғалымы Әубәкір Диваев.
1273. Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуді бастайдыХІХ ғ. 80-ж.
1274. 1917 жылға дейін жазған еңбектерінің саны 100-ге жуық.
1275. Орыс ғалымдармен қосылып қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинаған Ә. Диваев.
1276. Пушкин Орал қаласында болғанда болған жазып алған эпосы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
1277. Пушкиннің ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық туғызған шығармасы «Капитан қызы».
1278. «Майра», «Түнгі күзетші» әңгімелері мен «Бикен мен Маулана» повестінің авторы В.И. Даль.
1279. «Тағы да көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді».
1280. 1845 ж. Парижде француз тілінде жарияланды «Бикен мен Маулана» повесі.
1281. 1850-1859 ж. он жылға жуық айдауда жүрді орыс ақыны А.Н. Плещеев.
1282. ХІХ ғ. 40-ж. Орталық Қазақстанға жасалған ғылыми экспедицияға белсене қатысты Польшаның революционер демократы Адольф Янушкевич.
1283. Польшадан Семейге жер аударылып келген Северин Гросс.
1284. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлымен дос болған Северин Гросс.
1285. Қазақтың әдет-ғұрыптары туралы материалдар жинастырды Северин Гросс.
1286. «Қазақтардың тұрмыстық заңдарын оқып үйренуге арналған материалдар» кітабының авторы Северин Гросс.
1287. «Қазақтардың тұрмыстық заңдарын оқып үйренуге арналған материалдар» кітабын шығарды Омбы қаласында.
1288. Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченко Қазақстанның Кіші жүз аумағында айдауда болды 1847-1857 ж.
1289. 1847-1857 ж. Қазақстанның Кіші жүз аумағында айдауда болды Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченко.
1290. «Егіздер», «Түрмеден қашқан»(«Варнак») повесінің авторы Т.Г. Шевченко.
1291. Қазақтардың ауыр халі суреттелетін Т.Г. Шевченконың шығармасы «Түрмеден қашқан»(«Варнак»).
1292. Дала кедейлерінің өміріне арналған суреттері «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда», «Қайыршылар».
1293. Тарас Григорьевич Шевченкоға берген қазақтардың сый-құрметі «ақын Тараз» деп атақ берді.
1294. Қазақстан аумағында облыстар құрыла бастады ХІХ ғ. 70-ж.
1295. Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде жұмыс істеген комиссия Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы.
1296. «Ақын Тараз» деген сыйлы атаққа ие болған Тарас Григорьевич Шевченко.
1297. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы құрылды 1887 ж.
1298. Қазақстан оңтүстік аумағын археологиялық тұрғыдан зерттеуге кірісті 1895 ж. Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі.
1299. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Қазақстанның далалық уездерін зерттеген Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ.
1300. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын зерттеген ағылшын саяхатшысы әрі суретшісі Т. Аткинсон.
1301. Неміс географы, этнограф, тарихшы Ф. фон Хелльвальдтың еңбегі «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы».
1302. Хелльвальдтың Қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен көршілес халықтармен қарым-қатынасы туралы айтылған еңбегі «Орталық Азия. Жер бедері мен халқы».
1303. Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеген француз ғалымы Ш.Е. Ужвальди де Мезе-Ковез.
1304. Омбы кадет корпусында оқыған қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819-1884).
1305. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген этнограф Мұхаммед-Салық Бабажанов (1832-1898).
1306. Мұхаммед-Салық Бабажанов Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып жарияланды 1862 ж.
1307. Орыс географиялық қоғамының Үлкен күміс медалімен марапатталды Мұхаммед-Салық Бабажанов.
1308. Мұхаммед-Салық Бабажановтың мақалалары «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер», «Ішкі қырғыз ордасындағы саятшылық».
1309. Қазақ ақыны, публицист, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931).
1310. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дүниеге келді Семей облысы Баянауыл сыртқы округы.
1311. Қазақтың алғашқы дәрігері, ғылым қайраткерлерінің қатарында болды Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, ағайынды Асылбек және Мұсылманбек Сейітовтер.
1312. Санк-Петербургтегі әскери-медицина академиясын бітірген Халел Досмұхамедов.
1313. Халел Досмұхамедов дәрігер болып жұмыс жасады Орал облысының, Темір уезінде.
1314. Томск университетінің медицина факультетін бітірген Асылбек Сейітов.
1315. Ориенталистер –шығыстанушы ғалымдар.
§45. Шоқан Уәлиханов – қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі ағартушысы.
1316. Ш. Уәлиханов дүниеге келді 1835 ж. Құсмұрын бекінісінде.
1317. Ш. Уәлихановтың шын есімі Мұхамедханафия.
1318. Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы.
1319. Шоқанның балалық шағы өтті табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте.
1320. Шоқан салған суреттер саны 150-ден астам.
1321. Шоқанның арғы бабасы XVII ғ. қазақ билеушілерінің бірі болған Абылай хан.
1322. Шоқанның атасы патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді Уәли хан.
1323. Әкесі Омбы әскери училещесін бітірген, Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған Шыңғыс.
1324. Шоқанның анасы Зейнеп,әжесі Айғаным
1325. Шоқанныңнағашы атасы Мұса.
1326. Шоқанның нағашылары Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті.
1327. Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылманша сабақ алды 12 жасқа дейін.
1328. Шоқан білген тілдер араб, парсы, шағатай.
1329. Бала кезінен дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер Көкше».
1330. Омбы кадет корпусына оқуға түсті 1847 ж.
1331. Кадет корпусында Шоқанмен бірге оқығандарС.Я. Капустин, Г.Н. Потанин.
1332. Потанин Шоқанның әкесі Шыңғыс ауылында болды Шоқанмен таныстықтан 30 жылдан соң.
1333. Потанинның Шыңғыс ауылына сапары нәтижесіндежазған еңбегі «Қырғыздың ең соңғы ханзадасының отауында».
1334. Кадет корпусын бітірді 1853 ж.
1335. 1853 ж. кадет корпусын бітірді корнет офицер шенімен.
1336. Кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне жіберілді.
1337. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына тағайындалды адъютант болып.
1338. Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне сапарына қатысады 1855 ж.
1339. Тян-Шанскиймен танысады 1856 ж.
1340. Тян-Шанскийдің ұсынуымен Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданады1857 ж.
1341. Атақты Қашғария сапарына барып қайтты 1858-1859 ж.
1342. Санк-Петербургте орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылады 1860 ж.
1343. Генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады 1864 ж.
1344. Ұзаққа созылған аурудан қайтыс болады 1865 ж. 10 сәуірде.
1345. «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды», – деп жазды шығыстанушы ғалым И.Н. Веселовский.
1346. Шоқанның еңбектері «Абылай», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақтары туралы».
1347. «Қырғыздың ең соңғы ханзадасының отауында» еңбегінің авторы
Г.Н. Потанин.
1348. Гасфорттың Орталық Қазақстан,Тарбағатай,Жетісу сапарына қатысты 1855 ж.
1349. Қазақтардың және Орта Азия халықтарының өмірінен салынған суреттері 150-ден астам.
§46. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері.
1350. Махамбет Өтемісұлының (1804-1846) поэзиясы тығыз байланысты И.Тайманұлы бастаған 1836-1838 ж. көтеріліспен.
1351. Махамбет дүниеге келді 1804 ж. Ішкі Ордадағы Бекетай құмында.
1352. И.Тайманұлы ерлікпен қаза тапты 1838 ж.
1353. Махамбеттің шығармалары «Ереуіл атқа ер салмай...», «Соғыс», «Тарланым», «Баймағамбтет сұлтанға айтқаны», «Таманның ұлы Исатай», «Алайма, сұлтан, алайма!», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс».
1354. Шернияз Жарылғасұлы дүниеге келді 1817 ж. Ақтөбе облысы.
1355. Д.Бабатайұлы, М.Мөңкеұлы, Ш.Қанайұлы аталды«зарзаман» ақындары.
1356. «Үш қиян» өлеңінің авторы Мұрат Мөңкеұлы.
1357. Баржан сал Қожағұлұлы дүниеге келді 1825 ж. Солтүстік Қазақстан облысы.
1358. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді 1806 ж. Бөкей ордасының Жиделі жерінде.
1359. «Зарзаман» ақындары Д.Бабатайұлы, М.Мөңкеұлы, Ш.Қанайұлы.
1360. Құрманғазы күйлерінің саны 60-қа жуық.
1361. Дәулеткерей Шығайұлы дүниеге келді1820 ж. Бөкей ордасының Қарамола жерінде.
1362. Дәулеткерей күйлерінің саны 40-қа жуық.
§47. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі.
1363. Абай Құнанбаев дүниеге келді1845 ж. Шыңғыс тауында.
1364. Азан шақырып қойған есімі Ибрахим.
1365. Әкесі Құнанбай қажы беделді биі болды тобықты руының.
1366. Ақынның бабасы Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағында әділетті би болды Өскенбай.
1367. Арғы атасы Ырғызбай да бебелді би болды.
1368. Абай поэмалары «Ескендір», «Масғұд», «Әзім әңгімесі».
1369. Алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді 1880 жылғы.
1370. Орыстың ұлы ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударды 50-ден астам.
1371. 1891 ж. ең жақсы көретін інісінен айырылды Оспаннан.
1372. Үлкен ұлы Әбдірахмен қайтыс болды 1895 ж.
1373. 1904 ж. көктемде тағы бір ұлы қайтыс болды Мағауия.
1374. Абай қайтыс болады Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде.
1375. Абайдың ізбасарлары Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия.
1376. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы басылып шығарылды 1909 ж. Қазанда Кәкітай басып шығарады.
1377. Абай өлеңдерін басып шығаруға ықпал еткен Көкбай Жанатайұлы.
1378. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы атап өтілді 1995 ж. ЮНЕСКО көлемінде.
§48. Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты.
1379. Қазақтар ислам дінінің бағытын ұстанды суниттік.
1380. Ислам дінін қолдау саясатын ұстанды Ресей патшаймы ІІ Екатерина.
1381. Ертіс өзенінің жағасында, Жәмішев бекініс-қамалы мен Семей қаласының ортасында мешіт салынды Шаншар Сұлтанбетовтың өтініші бойынша.
1382. Мешіттің жанында болды балаларды оқытатын шағын медресе.
1383. Ресей француздарға қарсы Отан соғысын жеңіп шықты 1812 ж.
1384. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билік жойылды 1822-1824 ж.
1385. Патша үкіметінің қазақтарды шоқындырудағы қызметі басталды 1808 ж.
1386. ХІХ ғ. ортасына қарай Омбы өлкесінде 25,Томск губерниясында 4,Тобыл губерниясында 66 қазақшоқынған еді.
1387. Қазақтардың православие дініне кіруі көбірек байқалды ХХ ғ. 50-60 ж.
1388. Құнанбай Өскенбайұлының бастамасымен Қарамола жерінде Семей облысы
Қарқаралы уезі аумағында қазақ билерінің съезі өткізілді 1869 ж.
1389. Дала қазақтарын христиандару қарқын алды 1881 ж. бастап.
1390. Жаңа шоқынғандарға православие дінін жақсылап оқыту үшін жіберді стандарға.
1391. Шаншар Сұлтанбетовтың өтініші бойынша мешіт салынды Ертіс өзенінің жағасында, Жәмішев бекініс-қамалы мен Семей қаласының ортасында.
1392. 1897 ж. Бүкілресейлік халық санағы бойынша Қазақстан аумағында шоқынғандар саны 660 адамнан аспады.
1393. ХІХ ғ. ортасына қарай Томск губерниясында шоқынған қазақ саны 4.
1394. ХІХ ғ. ортасына қарай Омбы өлкесінде шоқынған қазақ саны 25.
1395. ХІХ ғ. ортасына қарай Тобыл губерниясында шоқынған қазақ саны 66.
1396. Ақмола облысының Көкшетау облысындағы қазақтар патшаға тікелей хат жазып
сұрады қазақтардың өз мүфтиін тағайындауды 1889 ж.
1397. Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей қалаларында мұсылмандардың құпия ұйымы ашылды 1903 ж.
1398. Ақмола облысының Көкшетау облысындағы қазақтар патшаға тікелей хат жазып қазақтардың өз мүфтиін тағайындауды сұрады 1889 ж.
1399. Стан –лагерь, тұрақты орын.
1400. Мүфти –мұсылман дініндегі жоғары лауызымды тұлға.