Солт Американың ірі өзендері мен көлдерге кешенді сипаттама

Өзендер:

Миссисипи (Mіssіssіpі – үндістерше «үлкен өзен») — Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен.]

Дүние жүзіндегі аса ірі өзендердің бірі. ұзындығы 3950 км, Миссуридің бастауынан есептегенде 6420 км. Алабы 3268 мың км2, орташа жылдық су ағымы сағасында 19000 м3/с. Ірі оң салалары – Миссури, Арканзас, Ред-Ривер, сол салалары – Висконсин, Иллинойс және Огайо. Миннесота штатындағы шағын көлден басталып, АҚШ-ты солтүстігінен оңтүстікке қарай өлы жазықтарды бойлап қиып өтеді де, Мексика шығанағына үлкен атырау жасап құяды. Миссисипи жыл сайын теңізге 360 миллион тұнба алып барады да атырауы Мексика шығанағының ішіне қарай жылына 100 метрдей жылжиды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Оң салалары арқылы Сеңгір тауларынан, көбінесе, еріген қар суы, сол салаларымен жаңбыр суы келіп қосылады. Көктем мен жазда тасиды. Жоғарғы жағы қыста 3 – 4 ай қатады. Миссисипи өзен жүйесіндегі кеме жолының ұзындығы 25 мың км-ден асады. Каналдар арқылы өлы көлдер алабымен және Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасады. Өзен кемелері Сент-Пол қаласына дейін (3 мың км-ден артық қашықтыққа), теңіз кемелері Батон-Руж қаласына дейін қатынайды. Миссисипи және оның салалары өзен алабының оңтүстік қуаң аудандарында жер суаруға пайдаланылады. Аса ірі қалалары мен порттары: Миннеаполис (Сент-Полмен қоса), Давенпорт, Сент-Луис, Мемфис, Батон-Руж, Жаңа Орлеан.[1]

Юкон (Yukon; үндістерше – үлкен өзен) – Канада мен АҚШ (Аляска) жеріндегі өзен. Ұзындығы 3700 км, алабының аумағы 855 мың км². Кордильерадан басталып, жоғарғы ағысы Юкон таулы үстіртінің терең тау аңғарымен өтіп, көпшілік бөлігі Аляска жазығы арқылы ағып, Беринг теңізінің Нортон шығанағына құяды. Ірі салалары – Танана (сол), Пелли, Поркьюпайн, Коюкук (оң). Суының орташа ағымы 6,5 мың м3/с. Негізінен қар суымен толығады. Су тасу маусымында (мамыр – маусым) деңгейі 15 – 20 м-ге көтеріледі. Қазан – қараша айларынан сәуір – мамыр айларына дейін қатады. Мамыр – қыркүйекте сағасынан 3200 шақырымға дейін кеме жүзеді. Теңіз толысуы өзен бойымен 160 шақырымға дейін таралады. Ірі қалалары: Танана (АҚШ), Уайтхорс, Доусон (Канада). [1]

Миссури (Mіssourі) – жергілікті үндістердің тілінде «суы лай өзен») — Солтүстік Америкадағы өзен. Миссисипидің ірі (оң) саласының ұзындығы 4740 км, алабы 1370 мың км2 (оның 10 мың км2 Канада жерінде). Орташа су ағымы 260 м3/с. Ірі салалары – Йеллоустон, Платт, Канзас

Макензи — Канаданың солүстік-батысындағы өзен. Бастауын Үлкен Еріксіздер көлінен алады. Макензи ойпатымен ағып, Солтүстік Мұзды Мұхиттағы Бофорт теңізіне құяды. Ұзындығы 1770 км, Пис-Ривер өзенімен қоса 4250 км. Алабының ауданы (Еріксіздер, Пис-Ривер, Атабаска өзендер жүйелерін қосқанда) 1804 км². Ірі салалары — Лиард, Пис. Қар және жаңбыр суымен толығады. Орташа су ағымы 11 мың м³/с. Қазаннан мамырға дейін мұз құрсанып жатады. Кеме жолының ұзындығы 2200 км. Макензи жағалауындағы ірі елді мекендер: Форт-Провиденс, Форт-Симпсон, Аклавик. Өзен шотландтық көпес А.Макензи есімімен аталады.

Көлдер:

Ұлы көлдер (ағылш. Great Lakes) — Солтүстік Американың шығысындағы Әулие Лаврентий өзені алабындағы ірі көлдер тобы. Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді. Ауд. 245,2 мың км², алабының аум. 768 мың км², суының көл. 22,7 мың км³. Батыс жарты шардағы тұщы судың ең көп жиналған жері. Көпшілігінің тереңд. 200 м-ден астам, тек Эри к-нің тереңд. 64 м. Көлдер төрттік кезеңнің мұздықтары өңдеген тектоник. қазаншұңқырда орналасқан. Бойында Ниагара су құламасы бар Ниагара өз. Эри және Онтарио көлдерін жалғастырады. Желтоқсаннан сәуірге дейін Ұлы көлдердің жағалау бөлігі қатады.

Үлкен Еріксіздер көлі (Great Slave Lake) — Канаданың солтүстік-батысындағы көл. Ауданы 28,6 мың км², ұзындығы 480 км, тереңд. 150 м. Қазаншұңқыры мұздық-тектоникалық жолмен пайда болған. Батыс жағалауы аласа, қылқан жапырақты орман жапқан; шығыс және солтүстік жағалауы төбелі, жалаңаш. Шығыс бөлігінде аралдар көп. Көлге Еріксіздер, Хей, т.б. өзендер құйып, Маккензи өззені ағып шығады. Қазан айының аяғында қатып, маусым айында мұзы кетеді. Кеме жүзеді. Балық ауланады. Порттары — Форт-Резольюшен, Йеллоунайф.

Үлкен Аюлы көлі (Great Bear Lake) — Канаданың солтүстік-батысында 119 м биіктікте орналасқан көл. Ауданы 30,2 мың км², ұзындығы 280 км, тереңдігі 137 метрге дейін. Көл қазаншұңқыры мұздық-тектоникалық жолмен пайда болған. Үлкен Аюлы өзені арқылы Маккензи өзенімен жалғасқан. Суы өте мөлдір. Қазан — мамыр айлары аралығында мұз құрсанып жатады. Жағалауы биік жартасты, құзды, күшті тілімделген; қылқан жапырақты орман өседі. Кеме жүзеді. Балық ауланады. Порттары — Порт-Радий, Форт-Франклин.

Наши рекомендации