КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК. 1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. A) Кең, тар. B) Зор

1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. A) Кең, тар. B) Зор, үлкен. C) Пайдалы, зиян. D) Туған, қайтыс болған. E) Бай, кедей.
2. Бір буынды сөзді табыңыз. A) Еңлік. B) Жалт. C) Түлік. D) Қуатты. E) Жоба.
3. Түбір сөзді табыңыз. A) Желдеткіш. B) Қайықшы. C) Күнделік. D) Ойыншық. E) Қасық.
4. Сын есімнің сұрағын көрсетіңіз. A) Кім? B) Не? C) Кімнен? D) Қандай? E) Неше?
5. I жақтағы етістікті табыңыз. A) Сыйлады. B) Сыйлаймын. C) Сыйлайсыз. D) Сыйладың. E) Сыйлайсың.
6. Анықтауыштың сұрақтарын табыңыз. A) Кім? Не? B) Қалай? Қашан? C) Қайтіп? Қайтеді? D) Кіммен? Немен? E) Қандай? Қай?
7. Лепті сөйлемді табыңыз. A) Жаңбыр жауды B) Қандай тамаша C) Күн жарқырап тұр D) Оқу жоспары орындалды E) Сен қайдасың
8. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемді анықтаңыз. A) Шынында да, халіміз онша мәз емес. B) Менің жеңгем - Айсұлу. C) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. D) Ұялма, балам, төрге шық! E) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның ісі ғой!
9. Дәулеткерей Шығайұлы кім екенін анықтаңыз. A) Суретші. B) Мүсінші. C) Әнші. D) Күйші-композитор. E) Қобызшы.
10. Антонимдерді табыңыз. A) Кітап – білім бұлағы. B) Сабақ өте қызықты өтті. C) Қарағанды – өндірісті қала. D) Алыс пен жақынды жүрген біледі. E) Көктемде күн жылынады.
11. Бірыңғай жуан дауыстыдан тұратын сөзді табыңыз. A) Мұғалім. B) Кітап. C) Кітапхана. D) Қазір. E) Қалалық.
12. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз. A) Орындық. B) Буын. C) Арман. D) Оқушы. E) Дыбыс.
13. Сөйлемнен тек қатаң дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз. Ол үйге қайтарда соқпақ жолмен жүрді. A) Қайтарда. B) Ол. C) Соқпақ. D) Жолмен. E) Жүрді.
14. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. A) Құрмет. B) Дәреже. C) Байлық. D) Үлкен. E) Қарындас.
15. Зат есімді табыңыз. A) Қуырдым. B) Қуырған. C) Қуырып. D) Қуырдақ. E) Қуыр.
16. «Одан, бұдан» есімдіктерінің қай септікте тұрғанын анықтаңыз. A) Барыс септік. B) Шығыс септік. C) Жатыс септік. D) Көмектес септік. E) Табыс септік.
17. Себеп-салдар жалғаулығын көрсетіңіз. A) немесе B) өйткені C) біресе D) және E) бірде
18. Киіз үйдегі қастерлі орынды көрсетіңіз. A) Ірге. B) Төр. C) Босаға. D) Ошақ. E) Шаңырақ.
19. Сынып кезекшісінің сыныпта атқаратын қызметін анықтаңыз. A) Бала оқытады. B) Телевизор көреді. C) Тамақ ішеді. D) Тақта сүртеді. E) Гүл тереді.
20. Мақалды толықтырыңыз: ”Аз … алтын, көп … күміс” A) Негіз. B) Сөз. C) Ақыл. D) Ой. E) Өмір.
21. Туынды түбірдің анықтамасын көрсетіңіз. A) Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. B) Түбір мен қосымшадан құралған сөз. C) Екі түбірдің қосылуы арқылы жасалады. D) Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі. E) Жұрнақ пен жалғаудың тіркесуі арқылы жасалған түбір.
22. Тәуелдік септеулі қатарды ажыратыңыз. A) Мектебімнің, қызымның. B) Мектепте, қызымда. C) Мектебім, қызым. D) Мектепке, қызымын. E) Мектептің, қыздың.
23. «Бүтін, жарым» сөздері сан есімнің қай түрінде болатынын анықтаңыз. A) Есептік сан есім. B) Реттік сан есім. C) Жинақтық сан есім. D) Болжалдық сан есім. E) Бөлшектік сан есім.
24. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз. A) -ғанмен, -генмен. B) -ғандықтан, -гендіктен. C) -ғанда, -генде. D) -са, -се. E) -мақшы, -мекші+болып.
25. Сөйлемде одағайға қатысты қойылатын тыныс белгілер қатарын анықтаңыз. A) Сұрау белгісі, леп белгісі. B) Леп белгісі, жақша. C) Сызықша, үтір. D) Үтір, леп белгісі. E) Нүкте, тырнақша.     ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗАВЕРШЕН

Наши рекомендации