Тақырып Тахеометрлік түсіріс , далалық жұмыстар

Дәрістер жоспары

1.Тахеометриялық түсірістің мәні

2.Далалық жұмыстар

3.Толықтыру және жер бедерін түсіру, крокалар.

Тахеометриялық түcipicтe түсiрiлетiн нүктеде тұpғaн рейка­ны аспаптың дүрбiсiмен бiррет нысаналау арқылы осы нүкте­нің координаталарын, яғни бағытын, ара қашықтығын және салыстырмалы биiктiгiн анықтайды. Демек, тахеометриялық түсірістің мәні­ аспаптың нысаналау осінің бiр жағдайында верти­каль бұрышты ν, горизонталь бұрышты β және рейкадан қашық­тық өлшеуiш жiптерiнiң аралығындағы бөлiктер санын есептеуден тұрады; осы мәлiметтер арқылы нүктенің кеңiстiктегi координаталарын есептеп шығарады. Тахеометриялық түcipicтe жергiлiктi жердiң топографиялық планы түсiрiлетiн нүктелердiң барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулар­дан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары натижесiнде жасалы­нады. Тахеометриялық түcipicтi тахеометрлермен немесе теодолит­термен атқарады.

Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түcipicтi тео­долит пен рейканың көмегімен жүргiзуге болады. Мұндай жағ­дайда әрбiр пикеттiк нүктеге дейiнгi көлбеу ара қашықтықты жiптi қашықтық өлшеуiшпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейдi. Салыстырмалы биiктiктi тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.

В нүктесінің А нүктесімен салыстырғандағы салыстырмалы биiктiгiн (h) анықтау керек болсын делiк (74-сурет). Ол үшін А нүктесінe теодолиттi орнатады да, ал В нүктесінe рейканы қояды. Аспаптың биiктiгiн (i) рулетка мен және сызықтың ұзындығын

74-сурет

АВ лента мен немесе қашықтық өлшеуiшпен өлшейдi. Теодолиттiң вертикаль дөңгелектің көмегімен дүрбiнiң нысана­лау оciн рейканың қандай да бiр нүктeciнe бағыттағандағы көлбеулiк бұрышын анықтайды. Осы нүктеден рейканың тақасына дейiнгi қашықтық (υ) нысаналау биiктiгi деп аталады. 73-су­реттен

h=h1+i- υ. (1)

Бiрақ

hl=dtgv, (2))

ендеше

h=dtgv+i- υ. (3)

Егер рейкаға аспаптың биiктiгiн (i) белгiлеп, осы нүктесi дүр­бiмен нысаналаса, яғни i= υ тең деп алынса, онда салыстырма­лы биiктiктi бұлай анықтауға болады:

h=dtgv. (4)

(139) немесе (140) формулаларымен есептеп шығарылатын са­.лыстырмалы биiктiктi 0,01 м-ге дейiнгi дәлдiкпен дөңгелектейдi.

Егер AB=D ара қашықтығын лента мен немесе горизонталь рейка арқылы қашықтық өлшеуiшпен өлшейтiн болсақ онда d=Dcosv тең болады да (140) формуласының орнына мына фор­муланы шығарып аламыз:

h=Dsinv (5)

Егер нүктелердiң ара қашықтығын вертикаль рейкадан қашықтық өлшеуiшпен өлшейтiн болсақ онда (140) формуладағы d-нің орнына (78) формуладағы мәнін қойып, салыстырмалы биiктiктi мына формула мен анықтауға болады:

Тақырып Тахеометрлік түсіріс , далалық жұмыстар - student2.ru (6)

Немесе kL=D' тең деп алатын болсақ, онда мұндағы

Тақырып Тахеометрлік түсіріс , далалық жұмыстар - student2.ru

k - қашықтық өлшеуiш коэффициентi; L – қашықтық өлшеуiш жiптерiнiң сантиметрлiк аралық белiктерiнiң саны;D'- қашықтық өлшеуiшпен өлшенген ара қашықтық. (142) жә­не (143) формулалар тахеометриялық деп аталады.

Осы формулаларды пайдаланып салыстырмалы биiктiкті анықтағанда тахеометриялық кестелердi пайдалануға болады.

Егер А нүтeciнің биiктiк белгici мәлiм болса, онда В нүктесінің биiктiк белгiciн мына формуламен анықтауға болады

Н в =Н А +h. (144)

Сызықтың вертикаль ұзындығы 400 м-ден артық ара қашық­тыққа биiктiк белгiлердi жеткiзгенде салыстырмалы биiктiктiң өлшенген мәнінe, жердiң қисықтығына және нысаналау саулесi­нің атмосфераның жерге жақын қабаты арқылы өткендегi вер­тикаль рефракциясына түзетулер енгiзiледi.

Tүcipicтің алдында әр станцияда тексерiлген аспапты алды­мен центрлейдi, горизонтальдайды, вертикаль дөңгелектiң нөл орнын анықтайды, аспаптың биiктiгiн өлшейдi, өлшеу натиже­лерiн арнаулы журналға жазады, аспаптың биiктiгiн рейкаға белгiлеп, лимбаны таңдап алынған бастапқы бағытқа қарай бағдарлайды. Содан соң лимбаны бекiтедi. Алидаданы босатып, рейка түсiрiлетiн пикеттiк нүктелердi жүйелi түрде нысаналайды. Дүрбiнi рейкаға тордың вертикаль жiбi рейканың ociмeн, ал горизонталь жiптi рейка­дағы аспаптың биiктiгiне сайкес белгiмен беттесетiндей етiп ны­саналайды. Жiптi қашықтық өлшеуiштен, горизонталь және вертикаль дөңгелектерден есептеулер алып, оларды арнаулы журналға (11-кесте) жазады.

Станциядағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн тексеру мақса­тымен дүрбiнi қайтадан бастапқы нүктеге нысаналайды. Осы кезде есептеулер айырмашылығы 2'-тан аспауы тиiс.Пикеттiк нүктелердi түcipумeн қатар сұлбасы (абрис) сы­зылып, онда бұл жағдайдың кepiнici салынады және жер бе­дерiнiң сызықтары (арналар, суайрықтары, беткейдiң ойлы­-қырлы жерлерi және т. с. с.) көрсетiледi. Сондай-ақ аспаптың тұру нүктeci мен түcipic жуйесiнiң шектес (бұрынғы және ке­лесi) нүктелерi керсетiлiп, олар тұтас сызықтармен қосылады.

Арасында бiр қалыпты көлбеулiгi бар пикеттiк нүктелер беткейдің бағытын көрсететін стрелкалармен қосылады. Планды салғанда стрелкалармен қосылған пикеттер арасындағы интерполяция жасалады. ­

Түсiрiлетiн жердiң планда кескiнделу дәлдiгi көбiне абристi дұрыс жүргiзуге байланысты болады, сондықтан абристағы жағдайлар жазулармен түсiндiрiледi, одан басқа күрделi жер­лердiң жер бедерi схематикалық түрде көрсетiледi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [1] бет 196-198

2. [1] бет 198-200

3. [1] бет 200-207

4. [3] бет 232-240

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (9,10-тақырыптар) [5,10,13]

1. Теодолиттік түсіріс

2. План құру

3. Тахеометриялық түсіріс

4. Тахеометриялық түсіріс кезіндегі далалық жұмыстар.

11-тақырып Тахеометриялық түсірістегі камеральдық жұмыстар, план құру

Дәрістер жоспары

1.Далалық жұмыстарды өңдеу

2.Биіктіктерді байланыстыру

3.Тахеометриялық түсіріс планы

Тахеометриялық түcipicтeгi ғылыми өңдеу жұмысы мына­ларды қамтиды: 1) дала журналдарын тексеру; 2) тахеометрия­лық жүрicтердiң нүктелерiнiң пландық және биiктiк координа­таларын (х, у, Н) есептеп шығару; 3) әр станциядағы рейкалық нүктелердiң биiктiк белгiлерiн есептеп шығару; 4) жергiлiктi жердiң топографиялық планын салу.

Дала журналдарындағы жазулар мен есептеулер eкi қол­дан (басқарушы және оның көмекшiсiмен) өтiп, тексерiледi. Бұл

кезде горизонталь және вертикаль бұрыштар, горизонталь ұзын­дықтар, тахеометриялық жүрiстер нүктелерiнiң тура, кepi және орташа салыстырмалы биiктiктерi қайтадан есептелiп шығары­лады. Табылған қателiктер тиicтi түзетулер енгiзу арқылы жойылады.

Тахеометриялық жүрiс нүктелерiнiң тiкбұрышты координа­талары теодолиттiк жүрiс үшiн қабылданған жоба бойынша есептеп шығарылады. Бұрыштық қиыспаушылықты анықтап егер олар мүмкін болатын шамадан аспаса, оларды теодолиттiк жүрicтерде көрсетiлгендей етiп бөледi. Жүрicтiң ұзындықтарын қашықтық өлшеуiшпен 1:400 дәлдiкпен өлшегенде, тұйықтал­ған жүрiстегi координаталар өсiмшелерiндегi қиыспаушылық­тың мүмкін шамасын жүрiстiң қабырғалар саны аз болғанда формуламен анықтайды. Тахеометриялық жүрiс басталатын бастапқы пункттiң ко­ординаталарын бiле отырып, түзетiлген өсiмшелер арқылы жу­рістің барлық ұштарының тікбұрышты коодинаталарын есептеп шығарады.

Дала журналындағы тахеометриялық тycipicтің нүктелерi­нiң биiктiк белгiлерiн анықтағаннан кейiн пикет нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiн есептеп шығарады; ол үшiн станцияның биiк­тік белгiсiне Н СТ тиicтi рейкалық нүктелерiнiң салыстырмалы биiктiгiн hі алгебралық түрде қосады

Н пик. i =HCT+hi . (146)

Есептеп шығару жұмыстары аяқталғаннан кейiн түсірістің топографиялық планын жасауға кiрiседi. Тахеометриялық түci­рістің планын жасау жұмысы жалпыдан жекеге көшу принципiн сақтай отырып жүргiзiледi. Алдымен координаталық торды са­лады, мұнда теодолиттiк түcipic туралы айтылған тараудағы (§ 54) ереженi сақтайды. Содан соң планға тipeк пункттерiн, одан кейін тycipгi негiздеуiнiң нүктелерiн түсiредi. Одан кейiн түcipгi жүрicтерi мен ситуация нүктелерiн салады. Ситуация­лық нүктелер планға дала журналының және крокидiң мәлiмет­тepi бойынша түсiрiледi. Тахеометриялық түcipicтeгі полярлық әдiспен түсiрiлген нүктелердi планға тахеографтың (75-сурет) көмегімен салу қолайлы. Мөлдiр пластмасса винипроздан жа­сап шығарылған бұл аспап градустық бөлiктерге (ең кiшкене бөлiгi 15'-ке тең) бөлiнген дөңгелек болып табылады. Дөңгелек­тің нөлдiк диаметрi арқылы сызғыш өтедi, оған тиiстi масштаб­та ең аз бөлiгi 0,5 мм ара қашықтық шамасы салынған. Осы шкаланы пайдалану қолайлы болу үшiн тахеографта тeciк ой­ылған. Дөңгелектiң ортасында органикалық шыныдан төлке бекiтiлген, ол арқылы планның тиicтi нүктесінің үстiнде тахео­графты центрлеуге арналған ине етедi. планға нүктенi түci­ру үшiн тахеографты инеде осы станциядағы нөл бағытына қа­былданған сәйкес есептеумен беттескенше бұрады, содан ке­йiн шкала мен станциядан түci­рiлетiн нүктеге дейiнгi арақа­шықтықты салады.

Тахеометриялық жүрicтердiң нүктелерiн, ситуациялық шарт­ты белгiлердi теодолиттiк тусiрicтегiдей етiп планға салғаннан кейiн, планда горизонтальдарды жүргiзедi. Горизонтальдарды жүргiзуден бұрын салынған крокиге сәй­кестендiрiп алдын ала пункт сызықтарымен жер бедерiнiң пiшi­нін, яғни оның өзiне тән және басты сызықтарын түсiредi. Осы­дан кейiн интерполяциялауға және горизонтальдарды жүргiзуге кiрiседi. Алдымен крокиге сәйкес жер бедерiнiң өзiне тән жерлерiн, мысалы, төбенiң ұшын, ойпаттарды, шұңкырларды, жоталар сызыктарын, арналарды және т. с. с. ең төменгi белiгi­нен бастап горизонтальдармен көрсетедi. Пландағы горизон­тальдар штрихтармен толыктырылады да, калыңдатылған горизонтальдардың үзiлген жерiне биiктiк белгiлерiн жазады. Горизонтальдарды түсiрiп болғаннан кейін қажеттi жазуларды орындауға кiрicедi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [1] бет 207-208

2. [1] бет 208-210

3. [2] бет 146-148

4. [3] бет 247-252

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]

1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.

2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.

12-тақырып Геометриялық нивелирлеу, өсімшені анықтау әдісіДәрістер жоспары

1.Геометриялық нивелирлеу әдісі мен мәні

2.Трассаның жолағын түсіру

3.Техникалық нивелирлеу, далалық жұмыстарды өңдеу

Нүктелердiң биiктiк белгiлерiнiң мәнi мен олардың салыстырмалы биiктiктерiн есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулерлер нuвелuрлеу деп аталады. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдiстерi болып бөлiнедi. Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (67-сурет) нүкте­лерiнiң дәл ортасындағы С нүктeciнe орнатылады, ал нүктелер­ге бiрдей рейкалар қойылады. Дүрбiнiң нысаналау оciн гори­зонталь жағдайына келтiредi де, нивелирдiң дүрбiсiн бiртiндеп рейкаларға нысаналайды. Бұдан кейiн З және П есептеулерiн алады, олар нысаналау сәулесiнен А және В нүктелерiне дейiнгi кесiндiлер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерiнiң ара­сындағы салыстырмалы биiктiк (h) мына формула бойынша есептелiп шығарылады:

h=3-П. (1)

Егер «артқа есептеу» З «алға есептеуден» П артық болса (3> П), онда салыстырмалы биiктiк h оң болады, яғни В нүк­тeci А нүктeciнен биiк орналасады. Ал «артқа есептеу» З «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биiктiк тepic болады, яғни В нүктeci А нүктeciнен төмен орналасады. Егер А нүктесiнiң биiктiк белгiсiнiң мәнi Н А белгiлi болса, онда келесi В нүктeciнің биiктiк белгiciнiң мәнi НВ бұрынғы нүктенiң биiктiк белгiсiнiң мәнi НА мен олардың арасындағы салыстырмалы биiктiгiнiң қосындысына тең болады

НВ = Н А + h. (2)

Нивелирдiң нысаналау сәулесiнiң теңiз деңгейiнен биiктiгi аспаптың горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады:

АГ=НА+3=НВ+П. (3)

Егер рейканы аралықтағы бiр нүктеге (D) қойып, одан d есептеуiн алатын болсақ онда оның биiктiгi

НD=АГ -d, (4)

яғни кез келген нүктенiң биiктiк белгiсiнiң мәнi аспаптың горизонты мен осы нүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудiң айырымына тең.

68-сурет

Алға қарай нивелирлеуде бастапқы А нүктeciнe ни­велир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктeciнe рейка қойылады. Содан кейiн рейкадан есептеудi П аладыда, А нүктeciнен нивелир дүрбiсiнiң окулярының центрiне дейiнгi вертикаль ара қашық­тықты, яғни нивелирдiң биiктiгi болып саналатын қашықтықты өлшейдi. 68-суреттен көрiнiп тұрғандай, А және В нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiк (h) мынаған тең болады.

H=i-П (5)

Ортадан нивелирлеудiң алға қарай нивелирлеумен салыстырғанда мынадай артықшылықтары болады: еңбектiң өнiмдi­лiгi 2 есе жоғары; нивелирлеуге әcepiн тигiзетiн кейбiр қателiк­тер жойылады. Едәуiр ара қашықтықта орналасқан А және D нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiктi анықтау кезiн­де, егер нивелирдiң орналасқан жерiнен осы eкi нүктенiң арасындағы салыстырмалы биiктiктi анықтау мүмкін болмаса, онда жүйелi нивелирле қолданылады. Ол үшiн шеткi нүктелердiң ара қашықтығын ортадан нивелирлеуге мүмкiндiк беретiн бiр­ неше тең кесiндiлерге бөледi. Осы байланыстыру нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiктердi жүйелi анықтап, олар­дың қосындысын тауып, бастапқы А және соңғы D нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiктi анықтайды. Eкi нүктенің арасындағы салыстырмалы биiктiк байланыстыру нүктелерi арасындағы салыстырмалы биiктiктердiң алгебралық қосындысы болып саналады. Нивелирдiң eкi шектес орналасуына ортақ нүктелердi байланыстыру нүктелерi деп атайды. J1 станциясына нивелирдi орнатады да артқы 31 және алдыңғы П1 рейкалардан есептеулер алады. Содан кейiн А нүктесiндегi рейканы В1 нүктeciнe апарып кояды да J2 станциясынан 32 және П2 есептеулерiн алады,осылайша жүйелi түрде барлық жүрiсте нивелирлеудi жүргiзедi.

Шеткi А және D нүктелерiнiң арасындағы салыстырмалы биiктiк (h AD )

hАD=h1+h2+hз+...+hп= (з1-п1) + (з2-п2)+ (зз-пз)+...+ (Зпп);

Тақырып Тахеометрлік түсіріс , далалық жұмыстар - student2.ru

Егер байланыстыру нүктелерiнiң биiктiк белгiлерiнiң мәнін анықтаудың қажетi болмаса, онда соңғы D нүктeciнің биiктiк белгiciнiң мәнін мына формуламен анықтайды:

Тақырып Тахеометрлік түсіріс , далалық жұмыстар - student2.ru (7)

Геометриялық нивелирлеу мейлiнше дәл тәсiл болып табы­лады, сондықтан бұл тәсiл елiмiздiң барлық территориясында тipeк пункттерiнiң биiктiк жүйелерiн жасауда және де әр турлі инженерлiк-техникалық есептердi шешуде кеңiнен қолданы­лады.

Тақырып Тахеометрлік түсіріс , далалық жұмыстар - student2.ru

Геометриялық нивелирлеу әдістері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [1] бет 231-235

2. [1] бет 235-238

3. [1] бет 239-240

4. [3] бет 159-165

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (11, 12-тақырыптар) [5,10,11]

1. Тахеометриялық түсірісті өңдеу

2. Тахеометриялық түсірістің планын құру

3. Нивелирлеу түрлері

4. Ортадан геометриялық нивелирлеу.

Наши рекомендации