Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар

Дәрістер жоспары

1.Теодолиттік түсірістің мәні.

2.Жергілікті жерді байқапзерттеу

3.Геодезиялық торға теодолитті жүрісті қабыстыру

4.Толықтыру түсірістері , өңдеу жұмыстары

Белгiлi бiр жер территориясының жай-жапсарын 1 : 500­, 1 : 5000 масштабтары пландарда жер бедерiнсiз кескiндеу үшiн жүргiзiлетiн горизонталь түcipic теодолиттiк түcipic деп ата­лады.

Осы жұмыстарда бұрыш өлшеуiш аспабы ретiнде теодолит қолданылады, ал ара қашықтықты өлшеу үшiн ленталар (ру­леткалар ) жане оптикалық қашықтық өлшеуiштер пайдаланы­лады. Теодолиттiк түcipic үшiн тipeк жүйесi әдетте теодолиттiк жүрiстер жүйесi түрiнде құрылады да, олардың нүктелерiнен ситуацияны түcipe отырып, қажеттi нүктелердiң орнын поляр­лық әдicпен, перпендикулярлар және жарма әдiстерiмен, соны­мен қатар әр түрлi бұрыштық және ұзындық қиыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттiк түcipic дайындық, далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезiнде жергiлiктi жердiң жай-жап­сарын кескiндеудiң қажеттi дәлдiгiне сүйенiп,түcipicтің мас­штабын таңдайды да, қолдары бар картографиялық материал­дарды (планды, картаны жане профильдi) мқұият қайта қарап зерттейдi. Егер түcipic жургiзiлетiн ауданда геодезиялық тірек жүйесiнiң пункттерi болса, онда олардың орналасқан жерiнiң схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар енедi:

1) жергiлiктi жердi рекогносцировкалау жане пункттердi бекi­ту; 2) түcipicтің пландық негiздеуiн жасаран кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындырын өлшеу; 3) жергiлiктi жердiң кон­турын түcipy; 4) түcipic негiздеуiнiң пункттерiн мемлекеттiк не­месе жергiлiктi жүйе пункттерiне байланыстыру.

Рекогносцировка кезiнде геодезиялық тірек жүйесiнiң пункт­тepi iзделiнiп табылады және жүргiзiлетiн теодолиттiк жүрic­тердің неғұрлым қолайлы орындары белгiленедi. Рекогносци­ровканың нәтижесiн ipi масштабтары немесе жұмыс барысында жасалған схемаға тусiредi.

Теодолиттiк жүрiстер тұйықталған, тұйықталмаран және бiр жары байланыстырылған болуы мүмкін.

Теодолиттiк жүрiстердi жүргiзу кезiнде мына жұмыстар ic­теледi:

-теодолиттiк жүрicтердiң бұрылу нуктелерiн қазықшамен, шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналар­мен бекiтедi, олардың жанындағы белгiлерде нүкте нөмiрлерi, жұмысты жүргiзiп отырған мекеме аты мен орындаран жылы көрсетiледi;

- бұрыштарды Т15, Т30, 2Т30 және т. б. техникалық теодо­литтердiң көмегімен бiр толық тәсiлдер жолымен 30" дәлдiкпен өлшейдi. Теодолиттi орнату нүктесінің үстіне дәлдiгi (5-10) мм

қателiкпен центрлейдi. Нысаналау кезiнде дүрбiнi қаданың кө­рiнiп тұрған ең төмен бөлiгiне бағыттайды, қабырғаларының көлбеулiк бұрыштары ν Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru ±20º болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бiр толық тәсiлдер жолымен өлшегенде жартылай тәсiлдер арасын­да лимбаның орнын 90º-қа ауыстырады;

-сызықтың ұзындықтарын 20 м-лiк өлшеуiш лентамен не­месе рулеткамен тура және кepi бағытта өлшейдi: өлшеудiң eкi натижесiн және олардың орта мәнiн арнайы дайындалған жур­налға жазады. Әрбiр қабырғаның eкi рет елшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы l-разрядты жүрiстерде ұзындық 1 : 2000-нан, ал 2-разрядты журiстер де - 1 : 1000-нан аспауы керек.

Толықтыру түcipicтepi теодолиттiк жүрicтердiң пункттерiнен жүргiзiледi. Ол берiлген тапсырмаға және қабылданған мас­штабқа байланысты планда кескiнделетiн әрбiр контурдың жә­не ситуацияның барлық нүктелерiнiң орнын анықтайтын өлшеу­лерден тұрады.

Перпендuкулярлар әдiсi анықталатын нүктеден теодолиттiк­жүрicтiң қабырғасына түсiрiлген жергiлiктi жердегi перпенди­кулярдың ұзындығын және жүрicтiң нүктeciнен перпендикуляр­дың табанына дейiнгi ара қашықтықты өлшеуден тұрады (61, а­ сурет). (Қысқа перпендикулярлар көз мөлшерiмен, ал ұзында­ры - эккердiң (62-сурет) көмегімен тұрғызылады. Эккер үш

қырлы призма болып табылады, оның eкi қыры теодолиттiк жүрiстiң қабырғасына перпендикулярларды түcipeтін және көз алдына келтiретiн айна қызметiн атқа­рады.

Жармалар әдiсi теодолиттiк жүрicтiң қабырғаларына тiрелетiн сызықтардың жармаларын немесе тipeк нүктелерiнiң жармасында орналасқан нүктелердi түci­руде қолданылады (61, г-сурет). Бұл әдiскесiндi сызықтардың шеткi нүктелерiнiң арасында көрiнушiлiк болған жағдайда пайдаланылады. Жармалар әдiсi құры­лыс салынған аймақтарды түсiруде кең қолданылады, әpі перпендикулярлармен ұзындық қиылыстыру әдicтерiмен жиi

ұштастырылады.

Бұрыштық қuылыстыру әдiсi, әдетте жетуi қиын нүктелердi Tүcipy үшiн қол­данылады (61, в-сурет). нүктенің орны теодолиттiк жүрicтiң нүктелерiнен неме­се қабырғаларында орналасқан нүктелер­ден өлшенiлетiн eкi бұрышпен анықтала­ды. Анықталатын нүктедегi бұрыштың шамасы 30º-150º аралығында болуы тиіс.Нүктенің кecкінін салу транспортир­ мен жасалынады, олардың қиылысқан жерi тиicтi нүктенің орны болып табы­лады.

Айна.ма жол әдiсi таса жердегi маңызды объектiлердi түcipу үшiн, яғни негiзгi теодолиттiк жүрicтiң қабырғалары мен ұшта­рынан алыста орналасқандықтан жергiлiктi жердегi кедергiле­piнe байланысты түcipyre мүмкiндiгi болмайтын жағдайда қол­данылады.

Ұзындық қuылыстыру әдiсi кезiнде нүктенің орны қабырға­лары өлшенген үшбұрыштың төбесi арқылы анықталады. Нүктeнiң пландағы орнын табу үшiн жергiлiктi жерде үшбұрыштың үш қабырғасының ұзындығын өлшеп, содан кейiн планда олар ақарылы үшбұрышты салу керек . Полярлық коордuнаталар әдсі жүрiстен ашық жерде қашықтау орналасқан жергiлiктi заттарды және контур­лардың сипатты нүктелерiн түcipy үшiн қолданылады. Бұл әдiс кезiнде түcipic тұрақты сызық арқылы жүргiзiлiп, оның бiр шетi полюс ретiнде қабылданады. Түсiрiлетiн нүктенiң орны eкi ко­ординаталармен: тұрақты сызықтан берiлген нүктенің бағытына дейiнгi есептелетiн горизонталь бұрышпен және полюстен осы нүктеге дейiнгi ара қашықтықпен анықталады. Бұрыштарды по­люсте орнатылған теодолитпен, ал ара қашықтықтарды өлшеуiш лента мен, рулеткамен және қашықтық өлшеуiшпен өлшейдi. Жергiлiктi жердiң контурларын, түcipic нәтижелерiн, кесiндi сызықтардың ұзындықтарын өлшеу жұрналынан абриске eнгi­зедi. Абрис схематикалық сызба болып табылады, бiрақ ол жер­гiлiктi жердiң контурларының өзара және тipeк сызықтарының орналасу peттepiн мiндеттi түрде сақтай отырып, анық әpi мұқият салынады. Абристегi жазулар қарапайым қарындашпен, контурлардың түзу учаскелерi сызғышпен түсiрiледi. Абристi салғанда ондағы орналасатын бедерлер мен жазулардың анық және қолайлы орналасуын қамтамасыз eтетін масштаб таңда­луы тиiс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [1] бет 161-163

2. [1] бет 163-165

3. [2] бет 117-123

4. [2] бет 123-126

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (7,8-тақырыптар) [5,7,13]

1. Ара қашықтықтарды өлшеу

2. 20-метрлік таспамен ара қашықтықты өлшеу

3. Теоделиттік түсіріс

4. Толықтыру түсірістері.

9- тақырып. Теодолиттік түсірісте есептеу жұмыстары, план құру Дәрістер жоспары

1.Бұрыштық қиылыспаушылықты анықтау

2.ВДирекциондық бұрыштарды есептеу

3.Координаталар өсімшелері мен теоделит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.

4.Тедолитті жүрістің планын салу.

Далалық жұмыстарды аяқтараннан кейiн ғылыми өңдеуге және теодолиттiк түcipicтің планын жасауға кiрicедi. Теодолит­тік жүрiстердi ғылыми өңдеудiң түпкi мақсаты нүктенің тiкбұ­рышты координаталарының х және у мәнін және олардың биiк­тігін шығару болып табылады.

Теодолиттiк жүрicтердi жүргiзгендегi алынған өлшеулердi ғылыми өңдеу мынадай жолмен жасалынады: далалық журнал­дағы жартылай тәсiлдерден алынып есептелген бұрыштардың дұрыстығы тексерiледi; жүрiстiң өлшенген қабырғаларының ұзындығына (сызықтың горизонтқа көлбеулiк бұрыштары 1,50 тан артық болса) көлбеулiгi үшiн түзетулер енгiзiледi.

Ендi тұйықталған теодолиттiк жүрiстегi нүктелердiң координаталарын есептеп шығару жолын қарастыралық (64-сурет). Есептеп шығарулар арнайы ведомост қолданылып (7-кесте) тө­мендегi ретпен жасалынады:

1. Бұрыштарды өлшеу журналынан 2-графаға горизонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.

2. Ведомостың 4-графасына 1-2 қабыррасының бастапқы дирекциондық бұрышын және 6-графаға теодолиттiк жүрicтiң қабырраларының горизонталь ұзындықтарын енгiзедi.

3. Өлшенiлген бұрыштардың қосындысын есептейдi және по­лигонның бұрыштарындағы бұрыштық қиыспаушылықты мына өрнектен анықтайды:

fβ=∑βпр-∑βт (1)

мұндағы ∑βпр - өлшенiлген бұрыштардың практикалық қосын­дысы; ∑βт - полигонның iшкi бұрыштарының теориялық қо­сындысы.

Тұйықталған теодолиттiк жүрicтiң бұрыштарының теория­лық қосындысы мына формуламен есептеледi:

∑βт =180º(n-2), (2)

мұндағы n – көпбұрыштың iшкi бұрыштарының саны.

7-кесте

Тұйықталған теодолиттiк жүрicтiң ұштарының координаталарының есептеу ведомості

4. бұрыштық қиыспаушылықтың fβ табылған шамасы болуы ықтимал бұрыштық қиыспаушылықпен fβu салыстырылады. Бұрыштық қиыспаушылықтың шамасы бұрыштық өлшеудің дәлдігін сипаттайды; оның мәні мына формула бойынша анықталатын ықтимал шекті шамадан аспауы керек:

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (3)

5. Егер іс жүзіндегі бұрыштық қиыспаушылықтың болуы ықтимал бұрыштық қиспаушылықтан аспаса fβ < fu, онда оны барлық бұрыштарға таңбасын теріс етіп тепе-тең үлестіреді, яғни барлық өлшенген бұрыштарға таңбасының қиыспаушылықтың таңбасы кері етіп түзетулер Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru δβ енгізіледі:

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (4)

Түзетулерді минуттың ондық бөлігіне деін дөңгелектеп енгізеді. Егер 0,1ге дейін дөңгелектеген соң түзетулер тепе-тең бөлінбесе, онда қабырғалары қысқа бұрыштарға көбірек түзетулер енгiзедi. Кішкене полигондармен қысқаша жүрістер үшін бұрыштар толық минутқа дейін дөңгелектеу мақсатында әр түрл таңбалы түзетулер енгізілуі мүмкін.

6. Өлшенген бұрыштарды есептелiнген түзетулермен алгеб­ралық қосып, түзетiлген бұрыштарды табады

βт.б.і= βөіβ (5)

7. Бұрыштар уйлесуiнiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн түзетiлген бұрыштардың Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru қосындысын есептейдi, сонда бұрыштық өлшеулердi еңдеудiң дұрыстырын мына теңдiк бойын­ша тексередi

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (6)

8. Бастапқы белгiлi қабырғасының алғашқы дирекциондық бұрышы және полигонның түзетiлген iшкi бұрыштарының мәнi бойынша жүйелiлiкпен iшкi полигонның барлық қалған қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын мына формуламен есеп­теп шығарады.

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru

Немесе (7)

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru

мұндағы Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru , Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru - жүрiстегi оң және сол түзетiлген сәйкес бұрыштар; αk - келесi қабырғаның дирекциондық бұ­рышы; a.k-1 - бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышы.

9. Дирекциондық бұрыштарды есептеп шығаруды тексередi. Тұйықталған теодолиттiк жүрicте бастапқы қабырғаның дирек­циондық бұрышын табу есептеулердi тексеру болып табылады.

10. Румбалардың мәндерi мына формулалармен есептеп шы­ғарылады

I ширек r11;

II ширек r2= 180º- α2;

III ширек rз= α3-180º; (8)

IV ширек r4 = 360º- α4

11. Теодолиттiк жүрiстiң қабырғаларының горизонталь про­екциялары есептелiнiп шығарылады. Егер қабырғалардың ұзын­дығын өлшеу кезiнде көлбеулiк ұзындық D және көлбеулiк бұ­рыш ν анықталса, онда горизонталь ұзындықтарды мына өрнектің көмегімен анықтауға болады:

d=Dcosν. (9)

12. Геодезиялық тура есептiң формулаларын пайдаланып

координаталар өсiмшелерiн есептеп шығарады

Δх=dcosα=± dcosr

Δу=dsinα=± dsinr (10)

Координаталар есiмшелерiнiң таңбалары берiлген бағыттың қай ширекте жатқанына байланысты болады, яғни қабырғаның дирекциондық бұрышының мәнмен анықталады (5-кесте).

Координаталар өсiмшелерiнiң есептелiп шығарылған мән­дерiн координаталар ведомостысының 7-және 8-графаларына жазады. 13. х және у қиыспаушылықты табады: осьтерiндегi координаталар өсiмшелерiндегi (f х және f у) мына формулаларды қолданып табады.

Осы мақсатпен 7-және 8-графалардағы оң және тepic eciм­шелердi жеке-жеке қосады, содан соң алгебралық қосындысын есептеп, оның нәтижесiн қорытынды сызықтың астына жазады.

14. Теодолиттiк жүрicтiң периметрiндегi абсолют ұзындық қиыспаушылықты (f абс) мына формула бойынша анықтайды:

fабс = Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (11)

15. Теодолиттiк жүрiстегi бұрыштық және ұзындық өлшеу­лердiң дәлдiгi салыстырмалы ұзындық қиыспаушылықтың ша­масымен бағаланады, ол абсолют ұзындық қиыспаушылығына f абс тура пропорционал, ал полигонның периметрiне Р кepi про­порционал болады, оның мәнi периметрдiң Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru бөлiгiнен ас­пауы тиic.

16. Егер салыстырмалы ұзындық қиыспаушылық шегiнен

аспаса, яғни (98) шарт орындалатын болса, онда координаталар өсiмшелерiне теодолиттiк жүрicтiң қабырғаларының ұзындығына пропорционал етiп кepi таңбамен түзетулер енгiзiледi.

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (12)

мұндағы (δх)і , (Oу)і -Х және У осьтерiндегi координаталар өсiмшелерiнiң тиicті түзетулерi. Табылған түзетулердi метрдiң жүз бөлiгiне дөңгелек­ теп, оларды ведомостың 7-және 8-графаларына тиicтi, өсiмше­лердiң мәндерiнiң үстінe жазады.

17. Тексеру мақсатымен түзетулердiң (δх)і және (δу)і қо­сындыларын табады: олар тиicтi қиыспаушылықтарға кepi таң­бамен тең болуы тиiс, яrни

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru

18. Есептелiп шығарылған координаталар өсiмшелерi ментүзетулерi бойынша координаталардың түзетiлген өсiмшелерiнанықтайды

Әрбiр остегi түзетiлген координаталар өсiмшелерiнiң ал­гебралық қосындысы нөлге тең болуы тиiс

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (13)

19. Түзетiлген өсiмшелер және бастапқы нүктенiң координа­талары бойынша жүйелi түрде полигонның барлық ұштарының координаталарын есептеп шығарады:

Тақырып Теодолиттік түсіріс, далалық жұмыстар - student2.ru (14)

мұндағы х I+1 , у 1+ хХ және У осьтерiндегi келесi нүктелер­дiң тиiстi координаталары; X1 , У1; - Х және У осьтерiндегi алдыңғы нүктелердiң тиicтi координаталары; Δхт.і, Δут.і- өзде­рiнiң таңбаларымен алынған координаталардың түзетiлген өciм­шелерi. Есептеп шығарылған координаталарды 7-кестенiң 11-және 12-графаларына жазады. Координаталарды есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру бастапқы берiлген нүктенiң координата­ларын табу болып саналады.

Теодолиттiк түсiрiстiң мәлiметтерi бойынша планды жасау планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан басталады. Планшетке көлемi 60×60 см-дей жоғары сапалы фанера немесе алюминий табағы алынып, оған сызба қағазы жапсырылады. Координаталар торы координатограф­тың немесе Ф. В. Дробышев сызғышының көмегімен құрылады. Дробышев сызғышымен координаталар торын салу қағаз бетiне 50×50 см (502+502=70,712) квадратың немесе қабыр­ғалары 30, 40 және 50 см (302+402=502), не тиiсiнше 60, 80 және 100 см (602+802= 1002) үшбұрышты көшiрiп түсiруден тұрады; мұның өзi Дробышев сызғышының өлшемiне байланысты болады. Қабырғасы 10 см квадраттарға бөлiнетiн ABCD төртбұры­шын салу үшiн Дробышев сызғышын (66сурет) қағаз бетiне оны ұзын қабырғасына параллель етiп, мысалы, AD жағдайына қойып, ұшы үшкiр қатты қарындашпен сызғыштың ойықтарын­ да А, 1, 2, 3, 4 және D сызықтарын (доғаларын) сызады. Содан кейiн сызғышты АВ бойымен (бiрiншi AD жағдайына перпен­дикуляр) қояды, осы кезде бiрiншi ойықтары кесiлген шетiнiн ортасындағы штрихтың шетi А доғасының ортасымен сәйкестен­ 66-сурет дiрiлiп, сызғыштың ойықтарында А, 1, 11, 111, IV, В

сызықтарын сызады. Ендi сызғышты BD бойымен қойып, В сызықшасы мен бiрiншi ойықтың нөл штрихын сәйкестендiредi, ал бесiншi ой­ықтың кесiлген қырын D сызықшасымен беттестiрiп, бұл жағ­дайда қарындашпен В және .D доғаларын сызады; осының наәтижесiнде А нүктесiнде тiкбұрышты ABD үшбұрышы табылады. ABCD төртбұрышын табу үшiн С нүктесiнде тiкбұрышты BCD үшбұрышын салады. Ол үшiн сызғышты қағаз бетiнiң бас­қа ұзын қабығасына параллель етiп қойып, бiрiншi ойықтың кесiлген қыры В нүктeciмeн сәйкестендiрiлуi тиic, содан кейiн В, 1', 2', 3', 4', С сызықшаларын сызады. Ендi сызғышты бiрiн­шi ойықтың кесiлген шетiнiң штрихi D нүктесiндегi сызықша­мен сәйкес келетiндей етiп төртiншi DC бойымен қояды да, D, 1', 11', III', IV', С сызықшаларын сызады. Дәл осылай екiншi BCD үшбұрышы салынады. Үшбұрышты салуды тексеру үшiн сызғыштың бiрiншi ойы­ғындары штрихтiң шетiн А нүктесiндегi сызықшамен сәйкестен­дiргенде, бесiншi ойықтары штрихтiң шетi С нүктесiндегi штрих­тердiң қиылысуымен тура келуi тиic. Демек, А, В, С және D нүктелерiнiң арқайсысындағы сызғышты үш рет қайта салып белгiлегендегi барлық үш сызықшалар бiр нүктеде қиылысатын болса, онда ABCD төртбұрышының дұрыс салынғаны. Осыдан кейiн Дробышев сызғышының кесiлген шетiн В және С, А және D, А және В, D және С аттас нүктелерiне тақап ұстап сызықтар­ды жүргiзедi. Осы сызықтардың белгiленген сызықшаларымен қиылысқан жерлерi қабырғасы 10 см квадраттың ұшының орын­дары болады. Салынған квадраттарды тексеру үшін диагональ­дарының ұзындықтарын өлшеу керек: олар бiр-бiрiмен тең бо­луға тиiс. Координаталар торын салғаннан кейiн олардың сызықтарының координаталарын: абсциссаларды координаталар торының оң және сол жағынан, ал ординаталарды жоғарғы және төменгі жағынан жазады. Координаталардың толық мәндерiн коорди­наталар торының бұрышына және координаталары бүтiн мың метрге тең нүктелерде жазады, ал тордың басқа нүктелерiнде жүз метрге тең координаталарын көрсетедi. Жергiлiктi жердiң контурларын планға салу абрис негiзiнде жасалынады. Планға контурларды салу әдici оларды жергiлiк­тi жердегi түcipy тәсiлiне сәйкес болады. Hүктeнi өзiнiң тiкбұ­рышты координаталарымен планға түсiргенде ең алдымен нүк­те орналасқан квадратты анықтайды. Содан кейiн нүктенің ко­ординаталарынан квадраттың оңтүстiк батыс бурышыныц коор­динаталарын алады. План масштабында керсетiлген абсцисса айырымын квадраттың оңтүстiк қабырғасынан вертикаль қа­бырғаларына салады. Осы кесiндiлердiң шеттерi арқылы сы­зықты жүргiзiп, оның бойына квадраттық батыс қабыррасын антығысқа қарай планның масштабында көрсетiлген ордината айырымын салады. Осы кесiндiнiң шетi нүктенің орнын анықтайды. Негiзгi полигонның басқа нүктелерiн салу осыған ұқсас етiп жасалады. Әрбiр нүктенi шаншып, диаметрi 1,5 мм дөңгелекпен айналдыра сызады. Нүктелердi салудың дұрыстырын тексеру олардың арасындағы қашықтықты салыстыру арқылы жүргiзi­ледi. План масштабында циркуль-өлшеуiшпен масштаб сызғы­н қолдана отырып анықталған ара қашықтықтың оған сәй­кес горизонталь ұзындықтың арасындағы болатын алшақтық 0,2 мм-ден аспауы тиiс. Tүcipic торының барлық нүктелерiн салғаннан кейiн егжей-тегжейлi толықтыруға кiрiседi. Жергiлiктi жердiң контурларын салудың дұрыстығын тек­сергеннен кейiн, план безендiрiледi. Планға көлемдерi мен кес­кiндерiн сақтай отырып шартты белгiлердi қарындашпен түci­редi, содан кейiн қарындашпен толық безендiрiлген планды«Шартты белгiлердiң:» талаптарын сақтай отырып тушьпен ай­налдыра жиектейдi.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [1] бет 172-174

2. [1] бет 175-181

3. [4] бет 125-127

4. [4] бет 127-129

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]

1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.

2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.

Наши рекомендации