Лшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
Түзету деп жүйелік қателіктерді алып тастау мақсатында өлшеу нәтижесіне енгізілетін шаманың мәнін айтады.
Көбінде түзетуді тұрақты жүйелік қателіктерге енгізеді.Түзетуге қатысты өлшеудің негізгі теңдеуі:
y =x+∆ж+∆т
х-өлшенетін шама
∆ж-жүйелік қателік
∆т-түзету
Түзету шама жағынан жүйелік қателікке тең ал таңбасы бағыты жағынан қарама –қарсы.
∆т=-∆ж
Түзетуге қолданылатын әдіс:
Орынбасу әдісін түзетуге қолдану.
1)х-белгісіз шама өлшенеді.Осы кездегі прибордың көрсетуі:
xпр=x+∆ж
Өлшеу процесіне ешқандай өзгеріс кіргізілмейді,реттеліп отыратын мөлшердің шамасы (х-тің) орнына енгізіледі.
20.Нәтижелерді дөңгелектеу ережесі. Мәнді цифрлар. Нәтижелерді дұрыс жазу.Өлшеулерді орындай отырып олардың дәлдігі аспаптардың дәлдігіне жақындатуға ұмтылу керек. Өлшеулер нәтижелеріне математикалық өңдеу жасағанда, тура өлшеулердің дәлдігімен көрсетілген дәлдікке дейін есептеудің ешқандай мағынасы жоқ.сандарды дөңгелектеу ережесі
2)жуықтап алынған сандарды қосқанда немесе бір-бірінен алғанда қай санда ең аз ондық таңба бар, соншама ондық таңбасын нәтижеде сақтау керек
3)жуықтап алынған сандарды көбейткенде, бөлгенде, дәрежеге шығарғанда, түбір алғанда, логарифмдегенде нәтижесін осы сандардың үтірден кейінгі цифрлер (нөлден басқа цифрлер) саны ең аз сан бойынша алынады
4)кестелік шамаларды дәл өлшенбеген шамадан бір цифрге артық болатындай дөңгелектеу керек. Сонымен қатар олардың қателіктерін ескермеуге болады. Мысалы, дөңгелектің , болсын.Диаметрді микрометрмен өлшегенде мынадай нәтиже алынды: D=20,51 мм (төрт мәнді цифрлер). бұл жағдайда бес мәнді цифрге дейін дөңгелектейді ( ). Тәжірибе нәтижелерін дұрыс жазбау(жаңылыс жазу). Мысалы, таразы басындағы таразы тастарының мәндерін дұрыс есептемеу. Тәжірибені жүргізуші адам прибордың көрсеткіштерін екінші бір адамның айтуы бойынша жазуы. Жаңылыс жазу, көбінесе, 6 және 9 цифрларын ауыстырып жазудан кетеді, мысалы, 369 орнына 396 деп жазады.
Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
Си бірліктерімен қатар қолданатын бірліктер, минут, тәулік, тонна, литр, сағат, градус, гектар, процент, промилля, децибел т.б Өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесі (Си жүйесі) өлшемдердің халықаралық қалпы, метрлік жүйенің заманауи нұсқасы. Си күнделікті өмірмен қатар ғылым мен техникада әлемде ең көп пайдаланылатын бірліктер жүйесі болып табылады.Си жүйесі мына өлшемдерге негізделген. Ұзындық- метр, масса- килограмм, уақыт- секунд, температура- кельвин, ток күші- ампер, жарық күші- кандела, зат мөлшері- моль.Халықаралық бірліктер жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:
• Әмбебаптығы - ғылым мен техниканың, өндірістің барлық аумақтарын қамтиды.
• Бірліктердің унификациялануы. Мысалы, бұрын қолданылып келген қысымның бірнеше бірліктерінің (атм, ат, мм.сын.бағ, мм.су.бағ т.б) орнына Халықаралық жүйеде жалғыз паскаль ғана , ал жұмыс пен энергияның бұрынғы бірліктерінің(кг*с, эрг, кал, ккал, эв, кВт*сағ т.б) орнына тек бір ғана Джоуль қолданылатын болды.
• Қолдануға ыңғайлылығы
• Когеренттілігі. Туынды шамалардың бірліктерін анықтайтын физикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициенттің өлшемсіз бірге тең болуы.
• Массаның өлшем бірлігі мен күштің өлшем бірлігінің айырмашылығының айқындалуы.
• Теңдеу мен формулаларды жазудың жеңілдеуі
Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
Кездейсоқ қателіктер деп- бірнеше рет қайталап өлшеу кезінде кездейсоқ өзгеріп отыратын қателіктерді айтады. Кездейсоқ қателіктердің жалпы сипаттамасы оның байқалу ықтималдылығы.Байқалу ықтималдылығы деп кездейсоқ шаманың байқалуына орайлы болатын жағдайлардың санының болатын жағдайлардың жалпы санына қатынасын айтады:
Р(А)=n_A/N
Байқалу ықтималдылығы математикалық статистика және ықтималдылық теориясына бағынады.
1. f(x)- ықтималдылықтың тығыздығы
2. х-бақыланатын шама
3. а=х ̅=N(x)-математикалық күтілу
4. б^2-дисперсия
5. б- орташа квадраттық ауытқу
f(x)=1/(√2б б) e^(〖-(x-a)〗^2/〖2б〗^2 )
x_i i=1,2,3,...,n
x_i – a=Δx_i=Δ
Кездейсоқ қателік те Гаус теоремасына бағынады.
Үздіксіз кездейсоқ шаманың математикалық күтілуі:
a=x ̅=∫_(-∞)^∞▒〖xdP(x)〗=∫_(-∞)^∞▒〖xf(x)dx〗
dP(x)- кездейсоқ шаманың шексіз аз dx интервалында байқалу ықтималдылығы.