Клиникалық есепбі бойынша жауаптарының эталоны
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Эталон жауаптары |
Науқастың шағымдарын анықтау. Ауру анамнез жинау. | Шағымдары: ентігу, цианоз, физикалық және эмоционалды жүктемемен байланысын нақтылау. Физикалық дамудың артта анықтау. Ауру анамнезі жинады (физикалық дамудың артта қалуын, , шаршағыщтықтың пайда болу және өршу уақытын) және өмір анамнезі (бұрын басынан өткерген бронхөкпелік аурулардың болмауы) | |
Клиникаалық симуляция жағдайында келтірілген симптомдарды дұрыс талдау | Объективті қарағанда: науқастың жағдайын бағалау - ауыр; гипотрофия дәрежесі – III дәреже (қазіргі кездегі дене салмағы 7 кг, болу керек 10 кг, дефицит – 3 кг – 30%), қан айналым бұзылысының көріністері. (тері қабаты цианозды реңді, шеткері цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады.); жүрек – қан тамыр жүйесі жағынан объективті өгерістерді байқады: жүректің салыстырмалы шекарасы оң жаққа кеңейген, аускультацияда: шамалы тахикардия, төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген. | |
Туа біткен жүрек ақауының негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтау | Физикалық дамуы қалыс қалған, ентігу, цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы (көк типті ТБЖА тән), аускультацияда жүрек тұсында - төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген (ақаудың туа біткен екендігін анықтады). Синдромдар: қан айналым бұзылысы ҚБ IIа; ентігу – көгеру ұстамалары. | |
Болжам диагнозды негіздеу | Науқастың щағымдарын - физикалық дамуда артта қалушылық, ентігудің пайда болуы, перифериялық цианоздың өршуі; объективті мәліметтер – қан айналым бұзылысының симптомдары (цианоз, «барабан таяқшалары», «сағат әйнекшесі» симптомдары, тахикардия), аускультативті мәліметтер - төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естілуі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреуін ескеріп болжам диагноз: Туа пайда болған жүрек ақауы, көк типті екендігін негіздеді. | |
Зерттеу жоспарын тағайындау | -ЖҚС, ЖЗС - кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы. -ЭКГ, ЭХО-КГ | |
ЖҚС, ЖЗС талдау | ЖҚА: эритроцит және гемоглобин деңгейінің жоғарылауы (полицитемия), организмнің ұзақ уақыттық гиперкапнияға компенсаторлық жауабы ретінде бағаланды ( көк типті ТБЖА - на тән.); Жалпы зәр сынағы-өзгеріссіз. | |
ЭКГ, Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасын талдау талдау | ЭКГ: Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасында: Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «кебіс» тәріздес пішінде болуы, өкпе васкуляризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы. | |
ЭХОКГ талдау | - қарыншааралық перденің ақауы - қолқаның оңға ығысуы және парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен дилятациясы - өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру. - оң қарынша миокардының гипертрофиясы. | |
Қорытынды диагнозды негіздеу | Физикалық дамуда артта қалушылық, ентігудің пайда болуы, перифериялық цианоздың өршуі; объективті мәліметтер – қан айналым бұзылысының симптомдары (цианоз, «барабан таяқшалары», «сағат әйнекшесі» симптомдары, тахикардия), аускультативті мәліметтер - төстің сол жақ қырында p.max қатқыл тембрлі систолалық шу естілуі, II үн екінші қабырға аралықта сол жақта әлсіреуі; ЭКГ қорытындысы : жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы, ЭхоКГ: қарынша аралық перденің ақауы, қолқаның оңға ығысуы және парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен дилятациясы; өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру, оң қарынша миокарды гипертрофиясы; кеуде клеткасының рентгенографиясында: өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «кебіс» тәріздес пішінде болуы), ЖҚС – полицитемия ескеріп, баладағы диагноз: «Жүректің туа біткен даму ақауы, Фалло тетрадасы ентігу – цианотикалық ұстамалармен» деп негіздеді. | |
Емдеу алгоритмі | 1. Ентігу – цианотикалық ұстаманы тоқтату мақсатында: (промедол +кордиамин, ылғалданған оттегі); 2. ұстаманың алдын алу үшін: бетта адреноблокатор - обзидан. 3. Қан айналымм бұзылысы белгілерін симптоматикалық емдеу ( зәр айдағыш, кардиотрофикалық препараттар) Оперативті ем. |
Симуляцияны жабдықтау:
Тапсырмамен парақ, қадамдарды бағалау критерийлері
Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, ЭКГ, ЭхоКГ қорытындылары, фонендоскоп
Жихаз-саймандар:оқу бөлмесі – дәрігер бөлмесі.
Жастықты тақтай төсек (кушетка) – 1
Құралдарға арналған үстел – 1
Құрастырған: Нургалиева Ж.Ж., балалар аурулары кафедрасының доценті, мелекттік тілге аударған асс. Жетписбаева Н.К.
Рецензент:
Балалар аурулары кафедрасы отырысында талқыланып бекітілген, (****** 2016.,хаттама №**)