Жұмысты орындау тәртібі және тәжірибелік нәтижелерді
Деу
1) «СЕТЬ» және «НАГРЕВ» ауыстырып-қосқыштары «ВЫКЛ» жағдайына қойылады.
2) Қоректендіру блогы мен реттеуші ф136 приборы 220 В, 50 Гц тоққа қосылады.
3) «ИЗМЕРЕНИЕ» ауыстырып-қосқышы «УСТ.0», ал «ТЕМПЕРАТУРА» ауыстырып-қосқышы 25оС жағдайларына қойылады.
4) Ф136 приборының кірер штеккерін қосып, нөлді түзету керек.
5) Сыналатын үлгі затты ± 0,001 г дәлдікпенен өлшеп, оның массасын m3 4.1-кестеге енгізу керек.
6) Өлшеуіш ұяның жоғарғы бөлігін көтеру керек.
7) Үлгі заттың (1), ыдыс (2) пен қақпақтың (3) түйісетін беттерін бензинмен тазалап, ПФМС-4 майын жұқалап жағу керек.
8) Сыналатын үлгі затты ыдыстың (2) ішіне орналастырып, қақпағын (3) жабу керек.
9) Өлшеуіш ұяның жоғарғы бөлігін төмен түсіру керек.
10) «СЕТЬ» батырмасын (кнопкасын) басып, қоректендіру және реттеу блогы тоққа қосылады.
11) Қоректендіру және реттеу блогын вольтметрі мен кернеудің шамасы нөлге келтіріледі.
12) «ИЗМЕРЕНИЕ» ауыстырып-қосқышы t1 қалпына қойылады.
13) «НАГРЕВ» батырмасын басып, негізгі қыздырғышты жалғап, реттеу блогын және ондағы вольтметрмен бастапқы кернеудің шамасын 40±2 В-та ұстау керек, егер жұмыс 25оС-тан басталса.
14) Температура 25оС жеткенде (ф136 приборының қозғалмалы (сәулесі) шырағы межелік нөлінен өткенде), секундомерді іске қосып, «ИЗМЕРЕНИЕ» ауыстырып-қосқышын t2 жағдайына қою керек. Қозғалмалы шырақ (сәуле) қайтадан межеліктің нөлінен өте бергенде секундомерді тоқтату керек.
15) Секундомердің көрсеткіші 4.1-кестенің бағанасына енгізіледі.
16) 4.1-кестедегі температуралардың әртүрлі барлық шамаларына қарап, -лерді өлшеуді қайталау керек.
17) Сыналатын заттың температуралары керекті шамаларға жетіп ең жоғарғы шекті шамаларға өткенде қыздыру тоқталады.
18) φ136 приборын толық тоқтату керек.
19) «ИЗМЕРЕНИЕ» ауыстырып-қосқышы «УСТ.0» қалпына қойылады.
20) Қоректендіру және реттеу блогын тоқтан айыру керек.
21) Өлшеуіш ұясы тұрқысының жоғарғы жағын көтеру керек.
22) Өлшеуіш ұясын суыту керек.
23) (4.14) формуласымен меншікті массалық жылу сыйымдылықты есептеу керек.
24) Сыналған үлгі заттың меншікті жылу сыйымдылығының температураға тәуелділігін, график ретінде тұрғызу керек СЗ = f (tЗ).
25) Меншікті жылу сыйымдылықты өлшегендегі ең жоғарғы салыстырмалы қателік мына формуламен табылады.
26)
, (4.15)
мұндағы Кж.ө жылу өлшеуіштің жылу өткізгіштігінің абсолюттік қателігі (Кж.ө=0,003 Вт/К); Δ - эталон үлгі затпен өткізілген тәжірибелердегі жылу өлшеуіштегі температураның кешігу уақытының шамасының абсолюттік қателігі, секундомердің өлшем бөлігінің жартысына сәйкес, С; - бос ыдыспен өткізілген тәжірибелердегі жылу өлшеуіштегі температураның кешігу уақытының абсолюттік қателігі, С ( = 0,3...0,5 с) немесе секундомердің өлшем бірлігінің жартысына сәйкес келеді, С; – сыналған үлгі заттың массасын өлшегендегі абсолюттік қателік (аспаптың дәлдік класымен анықталады = + 0,001 г). Жалпы ең жоғары анықтау қателігі =+ 10%.
Өлшелінген нәтижелер мен тәжірибедегі нәтижелерді өңдеу, 4.1-кестесіне енгізіледі.
4.1 кесте
Өлшелінген нәтижелер және тәжірибедегі нәтижелерді өңдеу
Сыналатын үлгі зат
Сыналатын үлгі заттың массасы =І, кг
t зат, С | , С | , С | К ж.ө, Вт/К | Сзат, ДЖ/ (КГ.К) |
12,4 | 0,483 | |||
12,4 | 0,501 | |||
12,3 | 0,5013 | |||
11,9 | 0,1532 | |||
11,5 | 0,541 | |||
11,0 | 0,552 |
Әдебиеттер: 1 [20-25 бет]; 3 [22-24 бет]; 10 [23-29 бет]; 5,6 [14-15 бет].