Студенттердің білімін қорытынды бақылау
Ф.7.11-12
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
РЫЛЫС ЖӘНЕ КӨЛІК» ФАКУЛЬТЕТІ
СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ДИЗАЙН» кафедрасы
СТУДЕНТ ҮШІН
Сәулеттік физика» (AF 4223) пәнінен
ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(SYLLABUS)
мамандығы: 050420 - «Сәулет»
Курс: 4
Семестр: 8
Кредиттер саны: 2
Дәріс: 15 сағат
Зертханалық сабақтар: 30 сағат
ОСӨЖ - 30 сағат
СӨЖ - 30 сағат
Шектік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 8 семестр
Оқытушы туралы мәліметтер: Сүлейменов Ұлан Сейтқазыұлы – техника ғылымдарының докторы, ғылыми зерттеулер саласы – құрылыс конструкциялар, сәулет және қабықша конструкциялар.
Офис: «Сәулет және дизайн» кафедрасы
Мекен жайы: Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, 416 кабинет, №3 «В» ғимараты.
Сымтетік: 30-09-70
Е-mail: [email protected]
Кеңес беру уақыты: кесте бойынша
Шымкент, 2013ж.
Оқу бағдарламасы (SYLLABUS) ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және типтік оқу бағдарламаға сәйкес «Сәулеттік физика» пәні бойынша 050420 – «Сәулет» мамандығында оқитын студенттерге арналып, типтік жұмыс бағдарлама негізінде құрастырылып, түзілген және «Сәулет және дизайн» кафедрасының мәжілісінде бекітілген. 04 қаңтар 2013ж. хаттама № 6
Кафедра меңгерушісі ________________ Юсупов А.Н.
Оқу бағдарламасы (SYLLABUS) Құрылыс және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып мақұлданған « 14 » қаңтар 2013 ж., хаттама № 6
Төрайымы ___________________ Бекаулова А.А..
Факультет администраторы ______________ Жүсіпбеков Ә.Қ.
Сәулеттік физика» пәнінің мақсаты мен міндеті.
«Сәулеттік физика» пәнінің мақсаты: мамандығына сай сәулеттік физика негіздерінен теориялық база, жылу-техникалық, жарық-техникалық және акустикалық тұрғыдан жүйелік білім беру мен есептеу әдістері, өлшеулік шамаларды рационалды өңдеу болып табылады.
«Сәулеттік физика» пәні «Сәулет» мамандығы үшін профильді пән ретінде оқу жоспарына кіргізілген; қала кеңістігі мен ғимараттар интерьерінде жылулық, жарықтық, акустикалық микроклиматты қалыптастырудағы фундаменталдық ұғымдар қажетті білім деңгейін алуға икемделген. Басқа да профильді пәндермен қоса дайындықтың теориялық базасын толтыруға үлесін қосады.
Пәннің пререквизиттері: студенттерге «Сәулеттік физика» курсын оқуда келесі пәндерден білім қажет: Информатика, Физика, математика, компьютерлік жобалау, сызба геометриясы.
Пәннің постреквизиттері: пәннен алынған білім сәулеттік физиканың теориялық негізін оқуда, оның ішінде сәулет, декоративті қолданбалы искусство, дизайн саласында жоспарлауға пайдаланылады, сонымен қатар «Сәулеттік жоспарлау», «Ғимараттар мен үйлердің сәулеттік типологиясы», «Сәулеттік жоспарлаудың әлеуметтік-экологиялық негіздері», «Қала құрылысының негіздері» және «Ландшафтты сәулет» пәндерін оқытуда қажет.
Курс саясаты
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары семестрдің 1 және 8 апталарында беріледі.
2. Студенттер жіберілген сабақтарды кафедрада белгіленген кестеге сәйкес тапсырады.
3. Ағымдағы аптаға белгіленген тапсырманы өз мезгілінде орындамағаны үшін баға 20 % төмендетіледі.
4. Студент семестр барысында лекциялық сабақтар бойынша 7 тапсырманы, 3 есептік тапсырма, 6 реферат, 10 лабораториялық жұмыс және 4 глосарий орындауы керек, олардың тізімі типтік бағдарламаға сәйкес оқытушы белгілейді.
5. Сабақтың әр бір түрі оқытушымен 100% дейін бағаланады, балға есептеуді университеттің компьютерлік бағдарламалық жүйесі автоматты түрде есептейді.
6. Әр бір межелік бақылау нүктесінде 30 балл жиналады.
7. Межелік бақылау лекциялық материалдар бойынша тестік тапсырма ретінде өткізіледі (30 сұрақ).
8. Емтиханға ең кемі 30 балл жинаған студенттер жіберіледі.
9. Қорытынды аттестация (емтихан) 40 балмен бағаланады, ең аз бал- 20.
Студенттердің білімін қорытынды бақылау
Әріптік жүйе бойынша баға | Баллдардың цифрлық баламасы | Пайыздық мазмұны | Дәстүрлі жүйе юойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
Д+ | 1,33 | 55-59 | |
Д | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Курстың мазмұны