Жүрек - тамыр жүйесі

Ауру тарихы

Диагноз:Ауруханадан тыс оң жақты төменгі бөлікті ошақты пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Тыныс жетіспеушілігі І дәрежелі

Орындаған: Дүкебаева Д

Қабылдаған: Абдахина Б.Б

Астана 2016ж

І. Паспорттық бөлім

1.Аты-жөні:Төретаев А.Б.

2. Жасы:17жас (19.03.1999ж)

3. Жынысы:ер

4. Отбасылық жағдайы:бойдақ

5.Ұлты: қазақ

6. Білімі:ЕНУ

7. Мамандығы:студент

8. Мекен-жайы:Абылай хан көшесі, 2/5 Студенттер үйі №2

9. Жіберген мекеме: жедел жәрдеммен жеткізілген

10. Ауруханаға жатқызу күні мен уақыты: 07.12.2016ж; сағ.10-00

II Науқастың шағымдары:

Негізгі:

- Физикалық жүктемеге байланыссыз, ұзақтығы 1-2мин өздігінен басылатын ұстама тәрізді жөтел (тәулігіне 10-15рет) .

- Иіссіз, сірлі-іріңді түсі сарғыштау, жиі таңертеңгілік уақытты жөтелмен бірге бөлінетін қақырық (тәулігіне шамамен 20-30мл).

- Жоғары физикалық жүктемеден кейін, тұншығуға әкелетін ентікпе, тыныс шығарудың қиындауы

- Терең тыныс, жөтелу кезінде кеуде тұсында, оң иыққа таралатын ауырсыну сезімі

- Дене температурасының 37,8-39 °С дейін жоғарылауы .

Қосымша:

- Басының тұрақты түрде ауруы

- Жалпы әлсіздік

- Тәбетінің төмендеуі

- Жоғары тершеңдік

III Ауру тарихы:

Науқастың айтуы бойынша , өзін 2016 жылдың желтоқсан айының бірінші жұлдызынан бері ауру санайды. Ауру жедел дамыған, науқаста біріншіден әлсіздік және дене температурасының күрт жоғарылауы байқалған . Дене температурасы бұл кезде 38,5°С дейін жоғарылаған. Аурудың басталуын суық ауада көп жүрумен байланыстырады. Дәрігерге қаралмаған, өздігінен емделген . Парацетамол, ринзе, амбробене қабылдаған одан соң дене температурасы қысқа уақытқа 1-1,5°С төмендеген. Емнің еш эффект бермеуіне байланысты жағдайы нашарлаған. Жағдайының нашарлауына байланыста жедел жәрдем бригадасын шақыртып, Астана қаласының АО «ЖГМК» ургенттік клиникасына жеткізілген. Қабылдау бөлімшесінде қаралып, жағдайының ауырлығына байланысты пульмонология бөлімшесіне жатқызылған.

IV Өмір тарихы:

1999 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент қаласында дүниеге келген. Отбасында 3 баланың 2 шісі. Жасы және жынысына сәйкес дамыған. Жоғарғы оқу орнына түсу себебінен әскери қызметте болмаған. Жанұялық жағдайы: бойдақ.

Басынан кешкен аурулары: ешқандай ауыр аурулармен сырқаттанбаған.

Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ.

Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық.

Зиянды әдеттері жоқ.

Ешқандай жұқпалы аурулармен ауырмаған.

Аллергоанамнез теріс.

Мектептен кейін Астана қаласына оқуға түскен. 2016 жылы оқу жағдайына байланысты Астанаға көшкен.

V Жалпы қарау

Сана сезімі: анық

Төсектегі қалпы: белсенді

Жалпы жағдайы : орташа ауырлықта

Дене бітімі: нормостениялық

Бойы:182 см

Салмағы: 72 кг ИМТ: 21,7

Дене температурасы : 36,8°С

Тері: түсі өзгеріссіз,құрғақ, таза, эластикалы, теріасты май қабаты жасына сәйкес дамыған.

Лимфа түйіндері: ұлғаймаған, ауырсынбайды

Қалқанша безі: ұлғаймаған

Бұлшықет жүйесі: ауырсынусыз, даму күші жасына сәйкес, тонусы сақталған

Сүйек жүйесі: дефигурация деформация жоқ, ауырсынусыз

Буындар жүйесі: еш ауырсынусыз, буын үстіндегі тері түсі және буын үстіндегі температурасы өзгеріссіз. Пассивті және активті қозғалыстар сақталған.

Тынысалу жүйесі

Кеуде сарайы нормостениялық, симметриялы. Тыныс алу типі құрсақтық. Кеуденің екі жағы тыныс алуға бірдей қатысады. Тыныс алу жиілігі минутына 20 рет. Кеуде торын пальпациялағанда ауырсыну жоқ. Дауыс дірілі екі өкпеде де әлсіреген. Салыстырмалы перкуссияда кеуде куысының оң жақ төменгі бөлігінде тұйықталған дыбыс.

  Оң өкпе Сол өкпе
Жоғарғы шекарасы
Алдынан Бұғана үстінен 2 см Бұғана үстінен 2 см
Артынан 6 мойын омыртқасы деңгейінде 6 мойын омыртқасы деңгейінде
Төменгі шекарасы
Төс маңы сызығы бойынша 5 қабырғааралық  
Ортаңғы бұғана сызығы бойынша 6 қабырға  
Алдыңғы қолтықасты сызығы бойынша 7 қабырға 7 қабырға
Ортаңғы қолтықасты сызығы бойынша 8 қабырға 8 қабырға
Артқы қолтықасты сызығы бойынша 9 қабырға 9 қабырға
Жауырын сызығы бойынша 10 қабырға 10 қабырға
Омыртқа маңы сызығы бойынша 11 кеуде омыртқасының қылқан өсіндісі 11 кеуде омыртқасының қылқан өсіндісі

Өкпе экскурсиясы

  Оң өкпе Сол өкпе
Ортаңғы бұғана сызығы бойынша 5 см  
Ортаңғы қолтықасты сызығы бойынша 6 см 6 см
Жауырын сызығы бойынша 5 см 5 см
       

Аускультация: оң өкпенің төменгі бөлігінде везикулярлы тыныс әлсіреуі және кіші калибрлі ылғалды сырылдардың естілуі.

Жүрек - тамыр жүйесі

Жүрек маңын қарау: жүрек бүкірі, патологиялық жүректік және тамырлық пульсациялар анықталмайды.

Пальпация: жүрек ұшы соққысы орны V қабырғааралықта сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке, көлемі 2 см, күші орташа, биіктігі орташа, резистентті емес.

Шекарасы Шала тұйық дыбыс Толық тұйық дыбыс
Оң жақ IV қабырғааралық төстен 1 см сыртқа IV қабырғааралық төстің сол жақ шеті
Жоғарғы III қабырғааралық төстен 1 см сыртқа IV қабырғааралық төстен 1 см сыртқа
Сол жақ V қабырғааралық сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см ішке Сол жақ шала тұйық шекарасынан 1см ішке

ЖЖЖ: минутына 92 рет

Пульс: синхронды, толымдылығы орташа, кернеулігі орташа, жиілігі минутына 65 рет

АД: 120/80 мм с.б

Аускультация: жүрек тондары анық, ырғақты

Наши рекомендации