ІІІ Қант мөлшерін кемітетін препараттармен емдеу.
ІІ типті қант диабетін емдеуде қолданылатын қант мөлшерін кемітетін препараттар құрамына пероральды және парентеральды қант мөлшерін кемітетін препараттар және инсулинитерапия кіреді .
Қант мөлшерін кемітетін препаратттар тобының түрлері:
• Инсулин секрециясын стимулдаушы – секретагогтар- сульфонилмочевина туындылары; глибенкламид (даонил, манинил, бетаназ, глибенкламид АВД5), гликвидон (глюренорм), гликлазид (диабетон, предиан), ), амарил (глимепирил), глипизид (минидиаб, глюкотрол).
• Ұлпалардың инсулинге сезімталдығын жоғарылататын – сенситайзерлер – (бигуанидтер, тиазолидиндиондар немесе глитазондар).
• Альфа Глюкозидаз ингибиторлары (Глюкобай - Байер)- бұлар көмірсутегілердің жіңішке ішекте сорылуын тежейді.
• Дипептидилпептидаз ингибиторлары 4 типті.
• Глюкагон типті пептид - 1 аналогтары
• Амилин аналогтары.
Ші және 6-шы топтағы препараттар тері астына енгізіледі, басқалары пероральды жолмен енгізіледі.
Жоғарыда аталған топ препараттарынан басқа комбинациялық препараттар бар; Олар; глибомет және глюкованс (глибенкламид+метформин), авандамет (росиглитазон+метформин), метаглип (глипизид+метформин). Секретагогтар(сульфонилмочевина препаратттарының әсер ету уақыты 10- 24 с дейін, күніне 2 реттен, тамақтанудан алдын тағайындалады.
Сенситайзерлер (бигуанидтердің ) әсер ету уақыты 6 сағат, ұзартылған формалары 10-12 сағат, күніне 2-3 реттен мөлшері 1,5 г артық болмау керек ( 500 мг 3 рет күніне немесе 850 мг 2 рет күніне тағайындалады.) Ұлпаларда лактаттың шоғырлануынан лактатацидоз дамитындықтан бигуанидтерді қабылдау шектелген, әсіресе ІІ типті қант диабетімен ауырып жүрек, бауыр, бүйрек қызметі бұзылған науқастарға.
Қазіргі таңда теріс әсері кем бигуанидтер қатарындағы препаратттардан; Метфорадин (Сиофор-Берлин Хеми-, Метформин БМС қолданылуда.
Секретагогтар мен сенситайзерлер мына төмендегі патологиялық, физиологиялық жағдайларда тағайындалмайды:
І типті қант диабетінде, жүктілікте босану кезеңі мен пен лактацияда, операцияларда, гипоксиямен айқындалатын патологияларда, микроангиопатияның
2-4 дәрежесінде, бауыр және бүйректің ауыр тапшылығында, кетоацидозда, өткір, ауыр инфекциялық ауруларда, кенет қатты жүдегенде, өткір макроваскулярлық асқынуларда: - миокард инфаркты мен инсультте, қан ауруларында, қант диабетінің қан тамырлық кеш асқынуларында, диабетикалық, гиперосмолярлық, лактатацидомиялық комаларда, некроз процесстерінде, аяқтарда қан айналым бұзылғанда.
Жиі ІІ типті қант диабетімен ауыратын, дене салмағы жоғары науқастарға сулфонилмочевина препараттары мен метформин комбинациясы тағайындалады.
Сульфонилмочевина препаратттарының өз ара комбинациясы және меглитинидтермен тағайындалмайды
Сульфонилмочевина препараттарын қабылдағанда байқалатын өзгерістер:
Аллергиялық реакциялар, диспепсиялық бұзылыстар, қан құрамында лейкопения, тромбоцитопения анықталады, сирек жағдайда бауыр қызметі бұзылады.
Жоғарыда аталған комбинациялық емнен әсер болмаған жағдайда; инсулинотерапия жүргізіледі.
ІІ типті қант диабетінің ұзақ уақыт дамуына байланысты бетта жасушалардың секреторлық қасиеті төмендейді, сондықтан науқастар 7-10 жылдан кейін қосымша инсулин алуға мұқтаж болады
І V Инсулинотерапия
І типті Қ/Дшалдыққан науқастар өмірінің соңына дейін инсулинотерапияға мұқтаж. Инсулинмен емдегенде әр күні қабылдаған тағам құрамындағы көмірсутегілер мөлшері, физикалық жүктеме, қант диабетінің даму ұзақтығы және оның асқынулары, ашқарынға және тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан кейінгі глюкоза мөлшері есепке алынады. Таңертеңгі және түскі астан алдын инсулиннің тәуліктік дозасының 2/3, кешкі ас және ұйықтардан алдын 1/3 тағайындайды. Организмнің инсулинге қажеттілігі таңертеңгі уақытта жоғарылап, күн барысында төмендейді.
Сондықтан таңертеңгі аста 1 нан бірлігіне (1 ХЕ) инсулиннің
2Б (ЕД), түскі аста- 1,5 Б, кешкі аста -1 Б енгізу керек.
І типті Қ/Д 1 жылдан астам уақыт бойы ауыратын ересек науқастың инсулинге қажеттілігі шамамен 0,6-0,8 Б / кг дене массасына. Жасөспірімдерде бұл қажеттілік жоғары болады, ол орта есеппен 1,0-1,5 Б /кг.