Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері.

Түсіндірме жазба

Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС тіркеу № 4.05.006-2008) сәйкес 1504092- «Электр құралдарын жөндеуші электромонтер» мамандығы бойынша әзірленген.

Осы оқу бағдарламасы «Электр машиналар мен аппараттар» пәні мазмұнының міндетті минимумдарына және даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды іске асыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу жұмыс бағдарламасын құруға негіз болады.

«Электр машиналар мен аппараттар» пәнінің мақсатымен мәні бәсекеге қабілетті мамандарды электр машиналар мен аппараттардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін жете меңгерген, оларды дұрыс пайдалану және техникалық қызмет көрсете білетін, жөндеу жұмыстарын істей білу тәжірибесіне машықтануды қарастырады.

Осы оқу бағдарламасы біліктіліктің 1504092 «Электр қондырғылармен қызмет көрсету бойынша электромонтер» деңгейлері бойынша жүзеге асырылады.

Бөлімдер мен тақырыптар тізімі оқуға міндетті болып саналады және кемітуге болмайды.

«Электр машиналар мен аппараттар» пәнінің оқу бағдарламасын іске асыруда оқытудың келесі түрлері ұсынылады: лекциялар, семинарлар, саяхат сабақтар, практикалық сабақтар, бақылау жұмыстары және т.б.

Оқу материалы мазмұнының ерекшеліктері мен күрделілігін ескере ртырып, оқытудың келесі әдістері ұсынылады: сұхбаттасу, пікірталас, өндірістік жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, миға шабуыл, материаларды жариялау, кіші топтардағы жұмыс және т.б.

Жергілікті жағдайлар мен жұмыс берушілердің талабын ескеретін аймақтық ерекшеліктерді енгізу арқылы оқылатын тақырыптарды, бөлімдерді тереңдету немесе кеңейту бағытында бөлімдер мен тақырыптар тізімін өзгертуге болады.

Білім беру ісін ұйымдастыру түрі ұсынылымдық сипатта болып отыр. Бөлімдерді оқуға арналған сағаттар санын тақырыптардың минимумдық мазмұнын сақтаған күйінде өзгертуге болады.

Оқылатын курс келесі пәндермен меңгерген білімдерге негізделеді:

Химия, биология, физика, электрматериалтану, электротехника, еңбекті қорғау.

Курсты оқу барысында меңгерген білімдер келесі пәндерді оқуда қолданылады:

Электр энергиясымен жабдықтау

Электр құралдарын пайдалану және жөндеу

Ауылшаруашылық агрегаттары дәстүрлі емес электр энергия көздерін электр қондырғыларымен жабдықтау және автоматтандыру

Осы оку бағдарламада зертханалық сабақтар өткізу қарастырылған. Бұл зертханалық сабақтар теориялық материалдарды бекіту және электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдалану біліктерін үйрену мақсатында жүргізіледі.

Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері.

Стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері Оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері
Білім алушы меңгеруі тиіс: Құзыреттіліктер: Базалық: БҚ. Оқу және өз бетінше оқу-өз бетінше білім алуға үздіксіз даярлану қабілеттілігін таныту және кәсіптік білім алу модернизациясы; Біледі: сауат және есеп, біліктілікті арттыру кезеңдерінің реттілігін. Меңгереді: теориялық білімді тәжірибеде пайдалану, мәселелерді шешу. Дағдыланады: еңбек және оқу сапасына жауап беруге. Құзыретті: өз бетінше оқудың әдістері мен тәсілдерін таңдауға.
БҚ.Формальды және формальды емес деңгейлерде іскерлік танытуды, қарым-қатынас жасауға командада жұмыс істей білу; Біледі: іскерлік этикет ережелерін; топ ішінде жұмысты рөлге атқару. Меңгереді: түрліше өндірістік және өмірлік жағдайларда өзін бірқалыпты ұстауды, шешім қабылдау барысында өзінің теріс ұғымдарынан бас тартуды. Дағдыланады: өз әрекеттерін жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау. Құзыретті: қарым –қатынас барысында рөлдік ұстанымды таңдау.
БҚ. Түрлі ақпарат бастауларымен жұмыс істеу-іздеу, өңдеу, сақтау және дамыту; Біледі: Негізгі анықтама және мезгілдік баспалардан табуға болатын қызықты ақпараттарды; ақпараттармен жұмыс барысында компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды. Меңгереді: дербес компьютерді және оргтехника заттарын пайдалану, ақпараттық базалар құрастыру (картотэка, электрондық), түрлі каталогтарды пайдаланып қажетті ақпараттарды табу. Дағдыланады: ақпараттарды жүйелеу. Құзыретті: іздену тәсілдерімен материалдарын таңдау, жинақтау және пайдалану.
БҚ.Сын тұрғысынан ойлау, мақсатты әрекеттерді жүзеге асыру: Біледі: өз көзқарасы және басқалардың пікірін ескере отырып, объективті түрді ақылға сайлауды. Меңгереді: зерттеу тәсілдерін пайдалану, өзінің алдына мәселе қою, жоспарлы өлшемді жауаптарды іздеуді жүзеге асыру, дәлелдердің себептері мен зардаптарын ашу, логикалық дәлелдемелердің көмегімен оларды екшеу, қойылған мәселеге сәйкес әрекеттерді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Дағдыланады: логикалық ойлауға, жылдам әрекет етуге. Құзыретті: қойылған мәселеге сәйкес әрекеттер жасау.
БҚ.Өзін өзі бәсекелі ортада тиімді ұстау- жұмыс іздеу, жұмыс берушілермен шартқа отыруды; кәсіби карьераға жетуді; Біледі: жұмыс іздеу тәсілдері, жұмыс туралы ақпараттардың көздері. Меңгереді: түйіндеме құрастыру, жұмыс берушімен сұқбаттасу, келісім шартқа отыру. Дағдыланады: қарым - қатынас жасауға. Құзыретті: жұмыс іздеу тәсілдерін таңдау.
Электр машиналар Біледі: электр машиналардың сызбада белгіленуін, жұмыс қағидасын, құралымдарын, жұмыс режимдерін. Меңгереді: электр машиналардың жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығулардың себептерін анықтау, оларды жою Дағдыланады: алмасу сұлбаларын түрлендіруге, құруға, параметрлерін анықтауға, қысқа тұйықталу токтарын есептеуге, Құзыретті: электр машиналар шарттарында және жұмыс режимдерінде
Қосу,қорғау қондырғылары Біледі: қосу-қорғау қондырғылардың сызбада белгіленуін, жұмыс қағидасын, құралымдарын, жұмыс режимдерін. Меңгереді: қосу-қорғау қондырғылардың жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығулардың себептерін анықтау, оларды жою Дағдыланады: алмасу сұлбаларын түрлендіруге, құруға, параметрлерін анықтауға, қысқа тұйықталу токтарын есептеуге, Құзыретті: қосу-қорғау қондырғылардың шарттарында және жұмыс режимдерінде
Трансформаторлар Біледі: трансформаторлардың сызбада белгіленуін, жұмыс қағидасын, құралымдарын, жұмыс режимдерін. Меңгереді: трансформаторлардың жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығулардың себептерін анықтау, оларды жою Дағдыланады: алмасу сұлбаларын түрлендіруге, құруға, параметрлерін анықтауға, қысқа тұйықталу токтарын есептеуге, Құзыретті: трансформаторлар шарттарында және жұмыс режимдерінде
Тұрақты ток машиналары Біледі: тұрақты ток машиналардың сызбада белгіленуін, жұмыс қағидасын, құралымдарын, жұмыс режимдерін. Меңгереді: тұрақты ток машиналардың жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығулардың себептерін анықтау, оларды жою Дағдыланады: алмасу сұлбаларын түрлендіруге, құруға, параметрлерін анықтауға, қысқа тұйықталу токтарын есептеуге, Құзыретті: Тұрақты ток машиналар шарттарында және жұмыс режимдерінде
Синхронды машиналар Біледі: синхронды машиналардың сызбада белгіленуін, жұмыс қағидасын, құралымдарын, жұмыс режимдерін. Меңгереді: синхронды машиналардың жұмысындағы ақаулықтар мен істен шығулардың себептерін анықтау, оларды жою Дағдыланады: алмасу сұлбаларын түрлендіруге, құруға, параметрлерін анықтауға, қысқа тұйықталу токтарын есептеуге, Құзыретті: синхронды машиналар шарттарында және жұмыс режимдерінде
Электротермиялық жабдықтар және олардың қолданылуы Біледі: электротермиялық жабдықтардың түрлері, қасиеттері, сақталу ережелері мен техникалық қызмет көрстеу ережелері, электр жетекті басқару Меңгереді: электротермиялық жабдықтарға техникалық, ағымдық және күрделі жөндеу жасау, қолдану және электр жетекті басқару Дағдыланады: таңдау және қолдану Құзыретті: электротермиялық жабдықтарды қолдану және электр жетекті басқару барысында кемшіліктрдің алдын алу және оларды болдырмауға шешім қабылдау.
Машина және механизмдер, электр жетектер Біледі: машина мен механизмдер, электр жетектер түрлері, қасиеттері, сақталу ережелері мен техникалық қызмет көрстеу ережелері, электр жетекті басқару Меңгереді: Электр жетектерге техникалық, ағымдық және күрделі жөндеу жасау, қолдану және электр жетекті басқару Дағдыланады: таңдау және қолдану Құзыретті: электр жетектерді қолдану және электр жетекті басқару барысында кемшіліктрдің алдын алу және оларды болдырмауға шешім қабылдау.
Электр қондырғылары мен сұлбалары туралы мағұлмат Біледі: мейрамхана бизнесіндегі сәндік тенденциялар. Дайын аспаздық өнімдердің сапасын бақылау тәсілдері. Меңгереді: тағам дайындауға кететін шығын мен алынған табысты салыстыру; мейрамханаға келушілер талаптарына талдау жасау. Дағдыланады: тағамдарға зертханалық аспаптардың көмегімен оргонолептикалық баға беру. Құзыретті: сән мен сұранысы жоғары тағамдарды таңдау.
Асинхронды машиналар Біледі: азық- түлікті механикалық аспаздық өңдеуден өткізу, дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, дайын өнімді сақтау және мерзімімен сақтау шарттары. Меңгереді: дегустация өткізу ережелері, дайын өнімді бағалау тәсілдері. Дағдыланады:Азық-түліктерді механикалық аспаздық өңдеу өткізуге. Құзыретті: тағам дайындау барысында кемшіліктердің алдын алу және оларды болдырмауға шешім қабылдау.
Арнайы электр машиналар Біледі: технологиялық караталарды құрастырудың алгоритімі, түрлі тағамдар, басытқылардың шығымы, дайын өнімді пайдалануға дейінгі сақталу мерзімі мен шаарттары, мейрамхана бизнесіндегі сәндік тенденциялар; Меңгереді: Азық-түліктер мен дайын өнімдердің қоректік қасиеттерін анықтау, тағамдардың коллориясын есептеу, сапалы шикізатпен азық-түліктерді сақтау және оларды өндіріске жіберу. Дағдыланады: аспаздық өнімдермен тағамдардың рецептурасын сақтай отырып, технологиялық карта құрастыру. Құзыретті: тағам дайындау барысында кемшіліктердің алдын алу және оларды болдырмауға шешім қабылдау.
Қосалқы станция Біледі: салма мен тұздықтың негізгі тағамға сәйкестігі, түрлі тағамдардың шығымы, дайын өнімнің пайдалануға дейінгі сақталу шарттары мен мерзімі, мейрамхана бизнесіндегі сәндік тенденциялар. Меңгереді: Азық-түліктер мен дайын өнімдердің қоректік қасиеттерін анықтау, тағамдардың коллориясын есептеу, Азық-түліктерді сақтау және оларды өндіріске жіберу. Дағдыланады: дайын тағамды мейрамхана бизнесіндегі сәндік тенденцияға сәйкес безендіруге.   Құзыретті: тағам дайындау барысында кемшіліктердің алдын алу және оларды болдырмауға шешім қабылдау.
Жасанды жарық көздері Біледі: салма мен тұздықтың негізгі тағамның пайдалану мерзімі, дайын өнімнің пайдалануға дейінгі сақталу шарттары мен мерзімі, мейрамхана бизнесіндегі сәндік тенденциялар. Меңгереді: Азық-түліктер мен дайын өнімдердің қоректік қасиеттерін анықтау, тағамдардың коллориясын есептеу, Азық-түліктерді сақтау және оларды өндіріске жіберу. Дағдыланады: аспаздық өнімнің пайдалану мерзімін сақтауға; Құзыретті: тағам дайындау барысында кемшіліктердің алдын алу және оларды болдырмауға шешім қабылдау.
Тарату құрылғылары  

Наши рекомендации