Туа біткен жүрек ақауы. Фалло тетрадасы».
Клиникалық тапсырма
Клиникалық жағдай: «Туа біткен жүрек ақауынық диагностикасы. Фалло тетрадасы және жүргізу тактикасы».
Ситуация:Сіз –кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 11 айлық ұл бала келіп түсті.
Ø Аурудың жетекші симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз.
Ø Науқастың объективті жағдайын бағалаңыз.
Ø Болжам диагнозын негіздеңіз.
Ø Зерттеу жоспарын құрыңыз
Ø Лабораторлы –аспаптық зерттеулер нәтижелеріне интерпретация жүргізіңіз.
Ø Диагноз қойыңыз.
Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Соңғы қорытынды(outcomes):
-Жүрек патологичсы бар науқастың шағымдарын, ауру анамнезін жинау, физикалды зерттеуді жүргізу.
-Туа біткен жүрек ақауы. Фалло тетрадасы клиникалық диагностикасы.
-ЖҚА, ЖЗА, кеуде қуысының рентгенограммасы, ЭКГ, ЭхоКГ нәтижесін талдау.
-ТБЖА. Фалло тетрадасы диагнозы бар науқасты жүргізу тактикасы.
-ТБЖА. Фалло тетрадасы бар науқастың жргізу тактикасы. Функциональды жағдайды бақылау.
Клиникалық тапсырма:
Ұл бала, 11 айлық.
Шағымдары: Өмірінің 2 айынан бастап физикалық дамуының артта қалуы (дене массасы 7 кг), физикалық және эмоцианальдық жүктеме кезінде (жылағанда және емгенде) ентігу мен периоральды цианоздың пайда болуы.
Анамнезін:2 айлығынан бастап салмақ қосуы қалыс қалған, емізген уақытта тез шаршап қалады, тіпті емшектен бас тартады. Бронхит және пневмониямен ауырмаған.
Қарап тексергенде:Тері қабаты цианозды реңді, шеткері цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады. Жүрек аймағы өзгермеген, жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасы: сол жақ - сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен, оң жақ - оң жақ парастерналды сызық бойымен, жоғарғы - II қабырғааралық. Жүрек үндері қалыпты, ЖСЖ-минутына 140 рет. Төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген. Өкпеде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, сипағанда ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.
Жалпы қан сынағы
Эр –5,4х1012/л
НЬ - 170 г/л
Т.к. - 0,91
Лейкоциттер - 6,1х109/л
таяқша ядролар - 3%
сегмент ядролар - 26%
эзонофильдер - 1%
лимфоциттер -64%
мононоциттер - 6%
ЭТЖ - 2 мм/сағ.
Жалпы зәр анализі
түсі - сары
салыстырмалы тығыздығы - 1005
белок - жоқ
лейкоцит 0-1 көру аймағында
жалпақ эпителий 0-2 көру аймағында
Электрокардиограмма:
Қорытынды:Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы.
Эхокардиография Қорытынды:Екі өлшемді ЭХО-КГ: - қарыншааралық перденің ақауын тікелей көру - қолқаның оңға ығысуы және парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен дилятациясы - өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру. - оң қарынша миокардының гипертрофиясы. | Кеуде қуысы мүшелерінің рентгені Қорытынды:Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «кебіс» тәріздес пішінде болуы, өкпе васкулиризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы. |
Бағалау беті (check-list)
Клиникалық жағдайға бойынша
«Туа біткен жүрек ақауы. Фалло тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы».
№ | Қадамдарды бағалау критерилері | Баллмен бағалау | ||
Дұрыс орындалды | Ескертулермен орындалды | Орындалған жоқ | ||
Шағымдарын анықтады, ауру анамнезін жинады | 1,0 | 0,5 | ||
Клиникалық тапсырмада берілген симптомдардың дұрыс интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | ||
ТБЖА-ның негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Болжам диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Зерттеу жоспарын тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
ЖҚА, ЖЗА интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭКГ, Кеуде қуысының рентгенограммасын талдау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭХОКГ талдау | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды диагнозды негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу жоспарын негіздеу | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды балл | 10,0 | 5,0 |
Максималді балл 10
Туа біткен жүрек ақауы. Фалло тетрадасы».