БӨлім 1. кҮн физикасы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л -ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ

ЛИЦЕЙ, №182 МЕКТЕП

Байшымырова Сабина

Сынып оқушысы

Бабахнова Айнұр

Сынып оқушысы

КҮННІҢ РАДИОСӘУЛЕЛЕНУ АҒЫНДАРЫНДАҒЫ

ЗҚАУЫМ ПРОЦЕСТЕР

Секция: Жер және ғарыш туралы ғылым

Жобаның ғылыми жетекшілері:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының аға оқытушылары, ф.-м.ғ.к.: Ізтілеуов Н.Т., Алимгазинова Н.Ш.

физика пәнінің мұғалімдері: Сәйполла Құрбан,

Алматы 2014

АБСТРАКТ

Ғылыми жоба 31 беттен, 14 суреттен, 12 әдебиет көздерінен, 2 қосымшадан тұрады.

Ғылыми жобаның мақсаты – Күн радиосәулеленуінің әртүрлі сигнал түрлерін ретсіздіктен реттілік пайда болу қасиетіне тексеру.

Зерттеу міндеттері – динамикалық хаос теориясы әдістерін Күннің радиосигналдарын сараптауға қолдану.

Зерттеу объектілері –

Sagamore Hill(Massachusetts),Palehua (Hawaii),San Vito (Italy),Learmonth (Australia) обсерваторияларынан алынған мәліметтер бойынша Күннің әртүрлі жиіліктердегі радиосәулеленуінің уақыттық ағындары.

Зерттеу әдісі - бейсызық сараптау.

Зерттеу жаңалығы:

Алғаш рет Күннен келетін радиосигналдар динамикалық хаос теориясы әдісімен зерттелді. Алғаш рет күн жарқылдары сигналдарының ерекшеліктері сандық түрде сипатталды.

Зерттеудің негізгі нәтижесі:

Күшті хромосфералық жарқылдар кезіндегі оқиғаларда хаостан реттілік пайда болуының бүкіл белгілері мен сипаттамалары көрініс тапты. Сонымен, күн құбылыстарының өзқауымдығы кезінде оқиғалардың тек бірінші тобының ғана (ІІ-ші және IV-ші типті жарқылдар) пайда болатыны анықталды.

МАЗМҰНЫ

    КІРІСПЕ………………………………………………………………………..   БӨЛІМ 1. КҮН ФИЗИКАСЫ 1.1. Күн туралы жалпы мағлұматтар.Күн айналысы.........…………………... 1.2. Күн құрылысы......................……………………………………………... 1.3. Күннің радиосәулеленуі.................………………………………………. 1.4. Радиожарқылдар....…………………………………………………….…...   БӨЛІМ 2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК МӘЛІМЕТТЕРДІ САРАПТАУ ӘДІСТЕМЕСІ 2.1. Бейсызық физиканың негізгі түсініктері.....…………………………….. 2.2. Өзқауымдық дәрежесінің сандық белгі-шарттары …………………...... 2.3. Зерттеу нәтижелері..........…………………………………..……………..   ҚОРЫТЫНДЫ.…………………………………………………………………… пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......…………………..………....   ҚОСЫМША 1…………................................................................................. ҚОСЫМША 2…………....................................................................................                      
   

КІРІСПЕ

Астрофизикалық құбылыстарды бейсызық физикасы әдістерін қолданып түсіндіру қазіргі кезде өте үлкен қызығушылық туғызуда. “Соңғы кездері электромагниттік және корпускулалық сәулеленудің зерттеулері өте кең диапазонында жүргізіледі. Өткен ғасырдың басында А.Л.Чижевский орнатқан Жер құбылыстары мен Күнде болатын үдерістердің байланысын және Күн белсенділігінің периодтылығын қазіргі кезде жаңа ғылыми бағыт түрінде космостық ауа райында қолдауын тапты.

Күн белсенділігінің әртүрлі көріністерінің ішінен өте үлкен қызығушылық туғызатыны бейстационарлы Күн құбылыстары, ол дербес жағдайда, Күннің жарқ етуі. Соңғы он жыл ішінде Күннің жарқ етуін зерттеуге арналған, ерекшелігінде ірі жарқылды оқиғаларды зерттеуге арналған, яғни бӨлім 1. кҮн физикасы - student2.ru эрг-қа дейін ортақ энергия шығаратын оқиғаларға арналған өте көп жұмыстар басылып шықты. Бұл біріншіден, осы құбылыстардың Жер маңындағы космостық кеңістікке үлкен әсерімен, екіншіден, кейбір ірі жарқыл сипаттамаларын өте аз балды жарқ етулерімен салыстыру арқылы оңай анықтауға болады. Бірақ, техникалық базаның дамуынан, жарқ ету туралы эксперименталды материалдардың жинағынан және Күн белсенділігі механизімі туралы теориялық көріністердің дамуынан аз қуатты жарқ ету оқиғаларын тереңірек зерттеу мүмкіндігі болды. Бұл жолда Күннің жарқ етуі физикасының өзінде де және кейбір өте маңызды аралас мәселелерде жаңа нәтижелерді күтуге болады, мысалы Күн тәжінің қызып кету мәселесі. Сондай-ақ, ірі жарқ ету талдауында көбінесе қарастырып отырған құбылыстардың күрделілігімен қиындатылған, мұндай жарқ етулерде плазма- магниттік құрылымдардың әртүрлі бөліктерінде және жарқыл дамуының әртүрлі этаптарында жарқ ету үдерісінің өзара қабаттасуы өтеді. Шындығында, берілген зонадағы жарқ ету энергия шығарудың жекелеген этаптарын айқын бөліп алу өте қиын болғанда, нақты зерттелетін жағдайларда біз көптеген құбылыстардың суперпозициясын бақылаймыз. Тіпті орташа қуатты жағдайларда жекелеген өте ұсақ жарқ ету құбылыстарының өзіндік «ретсіздігі» бақыланады. Сондықтан бізге кем дегенде қарапайым жарқ ету этаптарының нақты кеңістіктік және уақыттық локализация энергияның қарапайым бөлінуіне қатысты нақты бөліп алу кезіндегі талдаулары өте маңызды. Нақтысында, жекелеген минималды жарқ етуді бөліп алып (минималды энергия шығарумен) және оның даму этаптарын қадағалау. Осының бәрі осы жұмыстың мақсатын айқындап берді: динамикалық хаос сипатамаларын пайдаланып радиосәулелену ағынының физикасын ашу, сапалы түрде сипаттап беру.

Ғылыми жобаның мақсаты – Күн радиосәулеленуінің әртүрлі сигнал түрлерін ретсіздіктен реттілік пайда болу қасиетіне тексеру.

БӨЛІМ 1. КҮН ФИЗИКАСЫ

Наши рекомендации