НӨҚ құнының түрлерін атаңыз.
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: ЖЭС негізгі өндірістік қорларының құнын анықтау
Орындаған: Құрманбай Д.Б
Эук-15-12 тобы
Тексерген: Сатымова М.Е
Алматы 2016
Жұмыстың мақсаты: негізгі қорлардың орташа жылдық құны ұғымын, қозғалыстық негізгі қорлардың құрамын, құрылымын және негізгі өндірістік қорлардың қалдық құнын меңгеру.
Зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесі
Өзінің натуралды формасын өзгертпеген күйде өндірістік процеске ұдайы қатысатын және де қызмет етудің барлық мерзімі бойында өзінің құнын амортизация түрінде өнім мен қызметтің өзіндік құнына біртіндеп көшіретін өндірістік құралдар негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ) деп аталады.
Негізгі құралдар белсенді (активті) және пассивті болып бөлінеді. Активті құралдар өнімді өндірумен тікелей байланысты болады.
Пассивті құралдар жабдық пен адамдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Келесілерді есептеу керек:
1) негізгі қорлардың жыл соңындағы құнын;
2) НӨҚ-дың орташа жылдық құнын;
3) НӨҚ орташа жылдық құны бойынша НӨҚ-дың жыл басындағы, жыл соңындағы құрылымын;
4) НӨҚ актив бөлігі мен пассив бөлігінің жыл соңындағы құнының жыл басындағы құнымен салыстырғандағы өзгерісін;
5) амортизацияның орташа нормасын, амортизациялық аударымдардың жылдық құнын;
6) НӨҚ-дың қалдық құнын;
7) НӨҚ-дың жете амортизацияланбаған бөлігін.
Барлық бастапқы деректер 3.1-3.3 кестелерде келтірілген.
3.1 кестеде 3.2 кестенің 2, 3 және 5 бағандарындағы мәндерге көбейтілетін түзету коэффициенттері берілген.
Алынған нәтижелерді талдау
Келтірілген есептеулер негізінде НӨҚ-дың жыл басындағы, жыл соңындағы құнының және НӨҚ орташа жылдық құны құрылымының графигін тұрғызыңыз.
НӨҚ құрамы мен құрылымына талдау жасау. Әрбір есептелген көрсеткіш бойынша қорытындылар жасау.
ЖЭС-те негізгі өндірістік қорлар болады, әрі ағымдағы жыл бойына оларды енгізу және шығару жүзеге асырылады. ЖЭС амортизациялық кезеңі – 23 жыл.
Бақылау сұрақтары:
ЖЭС НӨҚ құрамы мен құрылымы қандай?
Өзінің натуралды формасын өзгертпеген күйде өндірістік процеске ұдайы қатысатын және де қызмет етудің барлық мерзімі бойында өзінің құнын амортизация түрінде өнім мен қызметтің өзіндік құнына біртіндеп көшіретін өндірістік құралдар негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ) деп аталады.
Негізгі құралдар белсенді (активті) және пассивті болып бөлінеді. Активті құралдар өнімді өндірумен тікелей байланысты болады.
Пассивті құралдар жабдық пен адамдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
НӨҚ-дың жыл соңындағы құны қалай есептеледі?
Ұйымда негізгі қорлар үнемі қозғалыста болады: жаңа қорлар сатып алынады, ескілері шығарылады және т.б. Сондықтан да құнның келесідей түрлері болады:
- есептік кезеңнің басына (Фж.б);
- жыл бойында енгізілетін негізгі қорлардың құны (Фенг);
- есептік кезеңнің соңына (Фж.с);
- отраша жылдық құн (Форт.ж).
Негізгі өндірістік қорлардың жыл соңындағы құны:
Фж.с= Фж.б+ Фенг–Фшығ теңге.
НӨҚ құнының түрлерін атаңыз.
Шаруашылық тәжірибесінде негізгі қорлардың келесі түрлерін ажыратады:
1) Бастапқы (теңгерімдік), Фбаст – осы түрдегі негізгі қорларды сатып алудың құны (бағасы), соның ішінде жеткізуге кеткен көлік шығындары, құрастырудың (монтаж), жөндеудің құны және т.б. Бұл құн осы объектіні сатып алу кезінде әрекет ететін бағаларда есептеледі және оның шамасы негізінде ұйымдарда негізгі қорлар элементтерін тіркеу және оларды теңгерімде есептеу жүргізіледі.
2) Қалпына келтіру құны, Фқалп – бүгінгі күн шарттарында негізгі қорлардың осы элементін өндіру/шығару құны. Физикалық және моральдық тозуын ескере отырып, қолданыстағы негізгі қорларды қайта бағалау жолымен баға факторының бұрмалаушы әсерін жою үшін қолданылады.
3) Қалдық құн Фқалд – сомасы негізгі қорлардың осы объектісінің барлық өткен қызмет мерзіміндегі амортизациялық аударымдарының шамасы бойынша анықталатын негізгі қорлардың тозуын (Т) шегергендегі негізгі қорлардың бастапқы құны
Фқалд = Фбаст∙(Фқалп) – А тенге, (3.1)
мұндағы А – 3.3 кестеде келтірілген НӨҚ (Негізгі өндірістік қор) пайдалану кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы:
А = ( Фбаст(Фқалп) × Нам × Тсл ) / 100, (3.2)
мұндағы Нам – амортизациялық аударымдардың пайыздық жылдық нормасы;
Тсл – сатып алу жылын есепке алмағандағы негізгі қорлардың сатып алынған кезінен бастап пайдалануда болған жылдарының саны.
Қалдық құн дайын өнімге әлі көшірілмеген құнның бөлігін сипаттайды.
4) Таратылу құны, Фт – демонтаж жасалған техниканы іске асыру құны. Қалдық құн тарату құнынан артық болған жағдайда бұл бөлік ұйымның кірісіне (негізгі қаражатты іске асырудан түскен пайда), ондай болмаған жағдайда – шығынға бағытталады, және бұл сома жаңа (енгізілген) техниканың құнына қосылуы мүмкін.