Күн туралы жалпы мағлұматтар
Күн кез-келген басқа да жұлдыз сияқты плазмалық шар болып табылады. Оның массасы M » 1,99&1030 кг, яғни Жердің массасынан ~333 000 есе көп.
Күннің көрнінетін дискі бойынша радиусы RКүн»6,96&108 м, яғни Жердің экваторлық радиусынан ~109 есе көп. Күннің орташа бұрыштық диаметрі 1919”,26.
Күн затының орташа тығыздығы r»1,41 г/см3, бұл Жер затының орташа тығыздығының »0,256 бөлігін құрайды. Күн орталығындағы тығыздық r»160 г/см3.
Көрнекі беті деңгейіндегі еркін түсу үдеуі 274 м/с2 құрайды. Бетіндегі параболалық жылдамдық (екінші ғарыштық жылдамдық) – 6,18×105 м/с.
Күн бетінің (фотосферасының) тиімді температурасы »5780 К, орталығындағы температура - ~1,6&107 К.
Күн тұрақтысы Q=1360 Вт/м2
Күн жарқырауы L=3,9×1026 Вт.
Спектрлік классы – G2V.
Колор- индекстері: B-V=0,65; U-B=0,10.
Масса бойынша Күн ~71% астам сутегінен, ~27% астам гелийден және ~2% басқа элементтерден тұрады.
Галактикада Күн шиыршықты тармақтар біреуінің шетінде (не оған жақын), Галактика центрінен ~10 кпк қашықтықта орналасқан. Галактика центрі бойымен айналу жылдамдығы 220-250 км/с, айналу периоды ~200 млн жыл. Жақын жұлдыздар жиынтығына қатысты қозғалыс жылдамдығы 19,7 км/с.
Күн жасы - ~5 млрд жыл. Герцшпрунг-Рассел диаграммасында Күн негізгі тізбектіліктің орта бөлігінде орналасқан, яғни миллиардтаған жыл ішінде өзінің жарқырауын өзгертпейді.
Күн айналысы
Күннің өз өсі бойымен айналуы оның бойымен планеталардың айналу бағытында (демек Жердің өз осі боймен айналу бағытында да), Жер орбитасының жазықтығына (эклиптикаға) 7015’бұрышпен еңкейген жазықтықта болады.
Күн өсіне перпендикуляр, Күн центрінен өтетін жазықтық күн экваторының (гелиоэкватордың) жазықтығы, оның Күн бетімен қиылысу сызығы гелиоэкватор деп аталады. Экватор жазықтығы мен Күн центрінен оның бетіндегі берілген бір нүктеге жүргізілген радиус арасындағы бұрыш сол нүктенің гелиографиялық ендігі деп аталады.
Күннің айналу мерзімі (периоды) ұзақ уақыт ішінде жойылмайтын күн дақтарының Күннің Жерге қарайтын жағында қайта көріну уақытын өлшеу арқылы белгіленді. Айналыс жылдамдығын Күн дискі шетінің спектріндегі спектрлік сызықтардың Доплер эффектісінен болатын ығысуы арқылы да анықтауға болады.
Күн айналуы дифференциалдық түрде болады: экваторлық аймағы жоғары ендіктік аймақтарынан көрі тезірек айналады: 14,4 0/тәул. және ~10 0/тәул. жылдамдықтармен сәйкесінші, жұлдыздарға қатысты айналу периоды (сидерлік период) экватордағы 25 тәуліктен полюстік аймақтардағы 30 тәулікке дейін, ал Жерге қатысты айналу периоды (синодтық период) 27 тәуліктен 32 тәулікке дейін сәйкесінші өзгереді, айналудың орташа синодтық мерзімі (ол 160 ендіктегі айналу периодына сәйкес келеді) – 25,38 тәул. Экватордағы айналудың сызықты жылдамдығы »2 км/с.
Күн қатты дене сияқты айналмайтындықтан, гелиографиялық координаттар жүйесін оның бетіндегі барлық нүктелерімен қатаң байланыстыруға болмайды. Шартты түрде гелиографиялық меридиандарды гелиографиялық ендіктері ±160 тең нүктелермен қатаң байланыстырады. Бас гелиографиялық меридиан ретінде 1.01.1954 жылдың 0 сағатында (бүкіләлемдік уақыт бойынша) гелиоэкватордың эклиптикамен қиылысу нүктесінен өткен меридианды алады.
Келтірілген мәндердің барлығы Күн бетінің айналуын сипаттайды. Ішкі қабаттардың айналуы тікелей түрде бақыланбайды, оны 1980 жылдары даярланған, жер сілкіністерінен пайда болатын толқындарды тіркеу арқылы Жер қойнауын зерттеудің әдісіне ұқсастығы себебінен гелиосейсмология деп аталатын әдіс көмегімен таниды. Бұл әдістің идеясы мынада. Күннің конвекция алқабындағы газдың турбуленттік қозғалысымен тудырылатын дыбыс толқындары болып табылатын күн затының тербелістер периодының күн қойнауындағы шарттарға байланысты мәндерін (3-12 минут) есептеуге де, спектрлік сызықтар өзгерістерін бақылап өлшеуге де болады. Өлшенген және есептелген мәндерді салыстыру арқылы Күн қойнауындағы шарттар туралы мәліметті алуға болады. Бұл әдіс көмегімен барлық конвекция алқабындағы бұрыштық жылдамдық беттегі жылдамдыққа өте жақын екені, ол тек Күн центрінен қашықтық өсуімен экваторлық аймақтарда аздап кемитіні, ал полюстік аймақтарда - өсетіні анықталған. Сәулелендіретін ядроның бұрыштық жылдамдығы әлі де анықталмаған, бірақ ядро қатты дене сияқты, беттін орташа бұрыштық жылдамдығына жуық жылдамдықпен айналатынына көрсететін деректер бар.
Күн айналуы осындай сипатта болғандығының себебі әлі де толығымен түсініксіз. Жалпы, Күннің дифференциалды түрдегі айналуы конвекциялық аймақтағы газдың (плазманың) қозғалысымен байланысы белгілі.
Күн құрылысы
Күннің жалпы құрылысы 1 суретте көрсетілген. Келтірілген мәндер жуықталған болып табылады, кейбір әдебиеттерде өзгеше мәндер де келтіріледі.