Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы.

Инерциялық санақ жүйесінде қозғалмайтын электрлік зарядталған денелердің немесе бөлшектердің қасиеттері және өзара әсерлесулері қарастырылатын электродинамиканың бөлімін электростатика деп атайды. Денелердің электромагниттік әсерлесулерге қатынасу қасиеттерін сипаттайтын және осындай әсерлесулердегі күш пен энергияның мәндерін анықтайтын физикалық шаманы электр заряды деп атайды.

Электр зарядтары оң және теріс болып екіге бөлінеді. Электр зарядтарының орнықты тасымалдаушылары – элементар бөлшектер. Оң зарядтың тасымалдаушылары – протон және позитрон, теріс зарядтардікі – электрон және антипротон.

Барлық зарядты элементар бөлшектердің зарядының шамасы бірдей және мынаған тең болады: Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru 1,6*10-19Кл.

Электрлік бейтарап денеде қарама – қарсы таңбалы элементар зарядтардың саны тең болады. Атомдар және молекулалар электрлік бейтарап жүйелер болып табылады. Денені электрлеу үшін онда белгілі бір таңбалы зарядтардың артықтығын немесе кемдігін тудыру қажет. Денелерді электрлеу көптеген әдістермен жүзеге асырылады, олардың ішіндегі ең қарапайымы – үйкеліс арқылы электрлеу.

Электр зарядтарының тәжірибеден белгілі маңызды қасиеті оның сақталу заңы болып табылады: тұйық жүйеде барлық денелердің зарядтарының алгебралық қосындысы тұрақты сақталады. Электр зарядтарының сақталу заңы басқа сақталу заңдары сияқты физиканың негізгі заңы болып табылады:

q1 + q2 + q3 + ... +qn = const.

Тыныштық күйдегі электр зарядтарының өзара әсерлесуі Кулон заңымен сипатталады. Ол екі нүктелік зарядталған дененің вакуумдегі өзара әсерлесу күшінің осы денелердің q1 және q2 зарядтарына және олардың r ара қашықтығына тәуелділігін тағайындайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде заң былай жазылады:

Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru , мұндағы e–ортаның салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі, ол берілген зарядтардың берілген ортадағы өзара әсерлесу күшінің вакуумдегіден қанша есе кіші екендігін көрсетеді, e0=8,85*10-12 Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru электр тұрақтысы деп аталады.

Халықаралақ бірліктер жүйесінде зарядтың бірлігіне Кулон алынады. Кулон – ток күші 1А шамасына тең болғанда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1с ішінде өтетін заряд.

Тақырыптық тест

1. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?

А. Англия

В. Греция

С. Ресей

2. Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағана білдіреді?

А. Элементар

В. Электрон

С. Эбонит

3. Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысы не деп атайды?

А. Денелердің электрленуі

В. Денелердің әсерлесуі

С. Денелердің беттесуі

4. Аттас зарядтар бірін-бірі

А. Тартады

В. Тебеді

С. Еш әрекет болмайды

5. Электр зарядының неше тегі бар?

А. Екі. Оң заряд

В. Бір. Теріс

С. Екі. Оң және теріс

6. Электр зарядының сақталу заңы

А. Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru

В. Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru

С. Yacute;ëåêòð çàðÿäû. Электр зарядының сақталу заңы. - student2.ru

7. Денелердің электрленгендігін білуге арналған прибор

А. Динамометр

В. Калориметр

С. Электроскоп

8. Электр заряды еркін қозғала алатын заттар не деп аталады?

А. Өткізгіштер

В. Жартылай өткізгіштер

С. Диэлектриктер

9. Электр заряды еркін қозғала алмайтын заттар не деп аталады?

А. Өткізгіштер

В. Жартылай өткізгіштер

С. Диэлектриктер

10. Жүнге үйкелген янтарьда болатын заряд.

А. Оң заряд

В. Теріс

С. Оң және теріс

Наши рекомендации