Газдардағы өздік разрядтың пайда болу шарттарын көрсетіңіз
Газдық разряд деп ток тасымалдаушы зарядталған бөлшектердің (зарядтардың) газдық ортамен өтуін айтамыз, бұл әрекеттерді зерттейтін сала - газдық разряд физикасы. Бертін келе иондалған газ арқылы токтың өтуі деп айтыла бастады, өйткені ток жүргенде газық орта иондалады. Жеткілікті иондалған (қозған) газ жарық береді сол себептен разряд жанады, сөнеді деген терминдер пайда болды. Электр тогының газ арқылы өту құбылысы бұрынғы кезден екі түрде белгілі болған, олар табиғатта кездеседі, яғни найзағай және сібір шұғыласы. Негізінен разряд екі класқа бөлінеді өздік емес және өздік. Бос зарядтар немесе сыртқы иондағыш күш әсерінен пайда болатын разрядтар - өздік емес. Электродтар маңайында немесе аралықтағы газ көлемінде өтетін процестер әсерінен туатын разрядтар - өздік (термоэлектрондық эмиссия құбылысы, фотоэффект және басқалар). Разрядтың пайда болуы, газ атомдарының түрі мен тығыздығына, электр өрісінің түрі мен кернеулігіне, разрядтық камераның материалына және көлеміне, сонымен қатар иондалған газдың сыртқы ортадан қаншалықты оқшауланғанына байланысты.
10.Солғын және доғалы разрядтардың жалпы параметрлерін көрсетіңіз. Газдағы дербес разряд катодты қыздыру арқылы электрондар шығаруға негізделген термоэлектрондық эмиссия процесінің нәтижесінде де пайда болады. Тәуелді разрядтың дербес разрядқа көшуі газды тесіп өту деп, ал ол көрнеу тесіп өту көрнеуі деп аталады. Біртекті өрістегі тесіп өту көрнеуі – газ қысымы мен электродтар арасы қашықтығының көбейтіндісіне тең (Пашен заңы). Дербес разрядтардың көптеген түрлері бар. Разрядтардың бұл түрлері, ең алдымен, ток жүру нәтижесінде бейтараптанған зарядтарды толықтырып отыратын катодтағы эмиссиялық процестермен анықталады. Токтың тығыздығы аз болғанда (газ мейлінше сиретілгенде) электрондардың катодтан разрядтық аралыққа шығуы оң иондардың катодты атқылауы, фото-эффект құбылысы және метасбильді атомдардың әсері арқылы жүзеге асады. Мұндай разряд солғын разряд деп аталады. Катодтағы ток тығыздығының артуы нәтижесінде разрядтың негізгі сипаттамаларын күрт өзгертетін доғалық разряд пайда болады.Солғын разряд- газдың атмосфералык кысымымен салыстырғанда төмендетілген және шамалы аз ток тығыздығындағы катодтың төменгі температура кезіндегі өздік газ разряды.Қолданыста : мекемелерде жарық беру, жарнамалық бағана, оның түсі ішіндегі газға байланысты.
12.Пашен сызықтары және олардың сипаттамасы.
температураның өзгермейтін мәнінде, біртекті өрісте разрядтық кернеу қысым мен электродтар ара-қашықтығының көбейтіндісінің функциясы болып табылады, яғни, Uөт=f(pd) Пашен заңы деп аталады.
Здік разрядтың пайда болу шарты. Пашен заны
Здік разрядтың пайда болу шарты. Газдық күшейту теңдеуін (9) қортындылағанда шамасының аз және d мәні онша үлкен болмағандықтан, яғни деп қарастырғанбыз. Бұл теңдеуінің бөлімі бірден аз, оң шектік шама екенін білдіреді. Егер бұл теңдеудегі ток шамасын азайтатын болсақ (сыртқы факторлар өзгерісімен, мысалы катодтық эмиссия тогын төмендедтіп), онда анодтық ток та азаяды. болғанда анодтық ток та нөлге тең болады, бұл өздік емес разрядқа тән сипат. Егер мәнінің шамасын өзгертпей, электрондардың иондағыш қабілетін өсіретін болсақ (бұл газ қысымы мен электр өрісі кернеулігін өзгерту жолымен жүзеге асады), онда анодтық ток өседі, яғни, теңдеудің алымындағы өсуі мен бөліміндегі азайуынан болады. Алайда, теңсіздік орнап тұрғанда, анодтық ток катодтық эмиссиялық ток әсерінен болады, яғни разряд өздік емес дегенді білдіреді. Егер коэффициентін үлкейтетін болсақ (мысалы, электродтарға түсірілген кернеуді көбейту арқылы), онда бөліміндегі мүше бірге тең болады , ал барлық бөлім нөлге теңеседі және мына шартта , теңдеуінің оң жағында анықталмағандық пайда болады. ең кіші шектік мәнінде, теңдеу өте үлкен анодтық ток береді. Физикалық тұрғыдан, анодтық ток тіпті сыртқы факторлар әсерінен, эмиссия кезінде пайда болатын электрондарсыз ақ байқалатынын білдіреді. Электрон- иондық көшкінің күшті болғаны соншалықты, тіпті разряд, катодтан электрондар эмиссиясы иондар соққысымен пайда болып, ұсталып тұрады. Сонымен өздік емес разрядтың өздікке айналуын сипаттайтын математикалық теңдеу төмендегідей. Теңдеудегі өрнегі, катодтан бір электрон шығу нәтижесінде көлемде пайда болатын иондар саны көрсетеді. Ал көбейтіндісі осы иондық көшкін соққысымен катодтан туатын электрондар санын береді. Сонымен, өздік разряд шарты келесідей қарапайым физикалық мағынаны береді: егер катодтан шыққан бір электрон, катодқа соқтығып кем дегенде қайтадан бір электрон шығаратын ион тудырса, разряд өздік деп аталады. Өздік разрядтың пайда болу кернеуінің pd ( p -газ қысымы, d -электродтар ара- қашықтығы) көбейтіндісінен тәуелділігін эксперименттік түрде, Таунсенд теориясына дейін 1889 жылы Пашен алған (Пашен заңы). Пашен заңы жеке жағдайда газдық разрядтың ұқсастық заңына сәйкес келеді, яғни разрядтағы құбылыстар pd көбейтіндісі тұрақты болып қалса, ұқсас болады