Физикалық дамуды бағалаудың әдістері

Дәріс 2.

Балалардың өсу және даму заңдылықтары

Баланың негізгі ерекшелігі оның өсуі мен дамуы болып табылады.

Өсуі (салмақтың қосылуы) және дамуы («әртүрлі мүшелер мен жүйелердің дамуы) – бұл бала ағзасында үнемі жүретін негізгі екі үрдіс, бірақ бұл үрдістер бірдей жүруі мүмкін емес. Кейбір жастық кезеңде өсу үрдісі орын алса, келесі кезеңде түрлі мүшелердің даму процессі орын алады.

Балалардың физикалық дамуын бағалау антропометриялық көрсеткіштермен жүзеге асады:

· Бойы

· Дене салмағы

· Кеуде қуысыныі өлшемі

· Бас шеңберінің өлшемі

Барлық өлшемдер таңертеңгілік уақытта ашқарынға жүргізіледі.

Физикалық дамуға көптеген факторлар үлкен әсер етеді:

· Генетикалық ақпарат: физикалық күшті, бойшаң ата-анадан үлкен салмақтағы және бойы ұзын балалар туылады. Тым жас немесе егде жастағы ата-анадан кіші салмақ, бойы бар бала туылады. Бір неше бала туған ананың баласы, бірінші туған ана баласына қарағанда ірі болады.

· Гормоналді: СТГ –өсу гормоны, жыныстық және т.б. гормондары

· Алиментарлы: баланың тамақтануы, дәрумендердің жетіспеушілігі және т.б.

· Әлеуметтік – тұрмыстық факторы: өмір сүру жағдайы

· Климатты жағдай: ыстық климат және таулық жер өсу үрдісін тежеп, жетілуді тездетеді.

· Созылмалы немесе фондық патологияларының болуы.

Суді бағалау

Күні жетіліп туылған баланың дене ұзындығы 46 см-ден 56 см. дейін болады. Нәрестелердің өсу қарқыны өте тез.

Нәрестенің I жарты жылдығындағы бойының өсуін анықтау әдісітері:

1-ші әдіс

· алғашқы 3 айда – айына 3 см-ден

· 4-ші айдан 6-шы айға дейін – 2,5 см-ден

Осылайша, бала I-ші жарты жылдығынды 16,5 см.-ге өседі.

2-ші әдіс

· 6 айлық баланың дене ұзындығы 66 см-ге тең

· келесі жарты жылдықта 9 см қосады.

· 1 жастағы баланың бойы – 75 см-ге тең

Бас шеңберінің өлшемін бағалау

Туылған кезде баланың бас өлшемі 34–36 см.тең. Әріқарай бас тез өсіп, баланың жалпы биологиялық даму заңдылықтарын сипаттайды. I жарты жылдығында бас шеңберінің мына формуламен болжамдап есептейміз:

· 6-айында бас шеңберінің өлшемі 43 см тең,

· 6 айдан кейін

БШ=43+0,5*(n-6), n-айлық жасы.

Кеуде шеңберін бағалау

Кеуде шеңбері кеуде қуысының даму дәрежесін көрсетеді, сонымен қатар бұл өлшем тыныс алу жүйесінің функционалді көрсеткіштерімен және кеуде қуысының бұлшықет аппаратының, тері асты май қабатының дауымен тығыз байланыста.

1-ші әдіс

· Туылған кезде кеуде шеңбері орта есеппен 32–36 см. тең. Ол бас шеңберіне (34-36 см) қарағанда біраз кішірек.

· 3-4 айда бұл көрсеткіштер теңеседі,

· 1 жас шамасында кеуде шеңбері бас шеңберіненен 1-2 см артық болады.

2-ші әдіс

· 6-айында кеуде шеңбері 45 см. тең

· 6 айдан кейін

КШ= 45+0,5*(n-6), n-айлық жасы.

Дене салмағын бағалау

Күні жетіліп туылған баланыңдене салмағы 3200–3500 г. құрайды. Алғашқы 3–4 күнде дене салмағы 150–300 г. азайады, яғни салмақтың физиологиялық жоғалтуы болады. Бірақ, бұл жоғалтқан салмақ өмірінің 7-10 күнінде қайта қалпына келеді. Әрі қарай бала салмағы жоғарлай береді.

· Алғашқы өмірінің 3 айында дене салмағы күнделікті 25-30 г. қосады.

· 4 – 6-шы айда – 20–25 г.

Жасқа дейінгі бала дене салмағының орташа айлық қосылымы

· I –ші жарты жылдықта – 800 г.

· I – жарты жылдықта – 400 г.

I–ші жарты жылдықта дене салмағының болжамды есебін мына формула арқылы жүргіземіз:

6 айында бала салмағы – 8200 г құрайды, әрбір жетпеген айға 800 гр алып тастаймыз.

Орта есеппен алғашқы 6 айында дені сау бала 4300 г. қосады.

II–ші жарты жылдықта дене салмағының болжамды есебін мына формула арқылы жүргіземіз:

6 айында бала салмағы – 8200 г құрайды, әрбір келесі айға 400 г. қосамыз

Жастан кейінгі бала дене салмағының қосылымы

· өмірінің 2 жылы – 2,5 кг

· 3 жасында – 2 кг

· 3ж. 10 жасқа дейін – 2 кг жыл сайын

· 10 ж. 15 жас аралығында 3-4 кг жыл сайын

2-11жас аралығында болжамды дене салмағы:

Дене салмағы (кг) = 10,5 + 2n,

n – бала жасы, 10,5 –1 жастағы баланың орташа дене салмағы.

3 жастан жоғары баланың болжамды дене салмағы:

7 жастағыбаланың 125 см дене ұзындығында дене салмағы 25 кг болуы керек

Әрбір жетпеген 25 кг-ға 5 см – ден 2 кг. алып тастайды

125 см артық әрбір 5 см-ге 25 кг-ға 3 кг қосады, жыныстық жетілу кезінде – 3,5 кг.

Тұжырым:

·сәбидің өмірінің 1-ші жылының аяғында дене салмағы 3 ке көбейеді

·6-7 жаста бір жастағы баланың салмағы екі еселенеді

· 11-12 жаста бір жастағы баланың салмағы үш еселенеді

Физикалық дамуды бағалаудың әдістері

1)физикалық даму индекснің әдісі;

2) эмпирикалық формула әдісі;

3) параметриялық әдіс;

4) параметриялық емес (центильді) әдіс.

·физикалық даму индекснің әдісі – антропометриялық белгілердің сандық қатынасын есептеуге негізделген. Қазіргі уақытта баланың биологиялық есейуін бағалауға қолданбайды.

· салмақ-бой индексі

Чулицкий индексі (толықтық индексі) - 3 *иық шеңбері + сан шеңбері + сирақ шеңбері – бой ұзындығы. Нормотрофияда индекс көлемі 20- 25см. құрайды

· дене салмағы индексі (Кетле 2 индексі) – дене салмағының (кг) ұзындығына қатынасы, квадратқа алынған.

Кетле 2 индексі= дене салмағы, кг. / (дене ұзындығы, м)2

Ересек жастағы балалардың тамақтану жағдайын бағалау үшін қолданады. Содан кейін, сызба арқылы ауытқу дәрежесі анықталады: жеткілікті тамақтану, "төмен" тамақтану жағдайы, "жоғарғы" тамақтану жағдайы, өте жоғарғы, "шекаралы" тамақтану жағдайы.

2) Өсудің эмпириялық формуласы. Қарапайым және жиі қолданатын болып келеді. Бұл формула қолайлы. Жеткіліксіздігі антропометриялық көрсеткіштердің қалыпты жағдайдан ауытқығанда көрсеткіштің жоғарылап кетуі болып табылады. Егер оның деңгейі бір жас интервалдан аспаса орташа болып есептеледі. Белгі деңгейінің серпілісі егер оның серпілісі үш жастық кезең серпілісіне жасына сәйкес келмейді.

3) Параметриялық әдіспен бағалау (сигмальді әдіс). Әдіс орташа арифметикалық (М) көрсеткіштерді есептеу негізінде құрастырылған және олардың орташаквадратты ауытқуы (сигма) жасты-жынысты топтарына сәйкес келеді. Бұл кезде келесі бағалау категориялары бөлінеді:

1) 1,5 сигма көлемінде тербелісі бар орташа деңгей;

2) орташадан төмен - 1,5 нан сигма -2 дейін сигма;

3) төменгі - 2 сигмадан -3 сигмаға дейін;

4) өте төмен - 3 сигмадан артық;

5) орташадан жоғары - +1,5 сигмадан +2 сигмаға дейін;

6) жоғарғы - +3 сигмадан артық.

Бұл әдіс өсу бұзылыстарын диагностикалауға жиі қолданады.

4) Антропометриялық мәліметтерді центильді әдіспен бағалау центильді типтегі сызбамен жүзеге асады. Бұл әдіс кең таралған және объективті болып табылады. Бой ұзындығы, дене салмағы, кеуде шеңберінің орташа бағалау нәтижесі бойынша гармониялы дамуды анықтайды.

· центиль арақашықтығының номері 1-ден аспаса гармониялы дамуды көрсетеді

· егер номер 2 құраса, онда даму дисгармониялы

· 3 және одан артық болса – кенеттен дисгармониялы

Баланы ретпен декретті мерзімдерде өлшеп отырса өсудің сапалы бағалай аламыз:

· 1 жасқа дейін - айсайын;

· 1 жастан 3 жасқа дейін – әр квартал сайын;

· 3 жастан 7 жасқа дейін – 6 айда 1 рет;

· 7 жастан – жыл сайын.

Наши рекомендации