Кабельді байланыс жолын жобалау кезіндегі жалпы жағдай
Кіріспе
Жаңа NGN ұрпақ желілері бірте-бірте байланыс торларын құру базалық технологиясына айналып, барлық телекоммуникациялық инфражүйесіне жол салып жатыр. Тор қажетті аппараттың қолдауымен бірге, пакетті коммутациямен цифрлық мәліметтен дауыс телефониясы, телевизияға және т.б. дейін конвергентті ортасы мультимедиялық трафигінің бірыңғай концепциясын жүзеге асыра алады.
ҒТП негізгі бағытының бірі - оптикалық - талшықтық жүйелердің жан - жақты дамуы болып келеді. Олар едәуір қашықтықтарға үлкен көлемді ақпаратты өте жоғары жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде үлкен ақпаратты сыйымдылығы бар, регенерация бөліктерінің ұзындығы 200километрге жететін талшықты- оптикалық байланыс жолдары бар. Талшықты – оптикалық телекоммуникациялық технологияның осыншама қарқынды дамуы ақпаратты тарату теориясы, физика және талшықты – оптикалық байланыс жолдары (ТОБЖ) элементтерін шығару технологиясының дамуынсыз бола алмайды.
Қазіргі ТОБЖ-да ақпаратты тарату жылдамдығы мен көлемінің қарқынды өсуі регенерация аймақтарының ұзындығымен бір уақытта өсуі байланыс саласы мен ТОБЖ-ның энергетикалық потенциялына әсер ететін рэлеевтік шашырау әсерінен болатын талшықтағы шығындар, хроматикалық дисперсия, локальді біртексіздіктердегі шығындар секілді факторлармен қатар поляризациялық модалық дисперсия, поляризациялық модалық шығындар және орташа қуаты 10мВт-тан артық болатын оптикалық сәулеленуді талшық бойымен тарату кезінде байқалатын сызықсыз оптикалық құбылыстарды да ескеру қажеттілігіне әкеліп соғады. Жоғарыдағы құбылыстарды ескеру қажетттілігіне байланысты бұл параметрлерді өлшеудің арнайы әдістері мен құралдары бар.
Кабельді байланыс жолын жобалау кезіндегі жалпы жағдай
Курстық жұмысты орындай отырып студенттер келесі сұрақтарды меңгеруі тиіс:
1 Кабельді байланыс жолын жобалау кезіндегі жалпы жағдайды
2 Берілген елді мекендердің орналасуына байланысты топология түрін таңдауды
3 ТОТЖ трассасын таңдауды
4 Негізгі жобалау есептерін
4.1 Ағындардың топтық жылдамдықтарын есептеу негізінде мультиплексор типі мен иерархия сатысын таңдауды
4.2 Оптикалық кабельдің типі мен конструкциясын таңдауды
5 байланысты ұйымдастырудың схемасын таңдауды
6 Техникалық есептеулерді
7 Таңдалған трассаға байланысты ТОТЖ құрылысын.
Трасса ретінде АҚ «Қазақтелеком» және АҚ «Транстелеком» операторларының магистралдарын таңдау керек. Ең қысқа ТЖ станциялар арасындағы ең қысқа қашықтық Петропавл Ақтау үшін 2425км[1].
Енді өзімнің нұсқам бойынша таңдаған Петропавл мен Ақтау қалаларының арасындағы жобаланатын байланыс трассасының бойында халық шаруашылығының даму перспективасы, халықтың орналасу деңгейі байланыс өнімдерімен қамтамасыз етілуі туралы аздаған мәліметтер келтіре кетсем. Қостанай мен Алматы қалаларының арасындағы трассада орналасқан ірі пунктер: Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Құлсары - Ақтау.
1 Кесте –Тапсырма нұсқасы
Сынақ кітапшасының соңғы екі номері | |
ТОТЖ трассасы | Петропавл - Ақтау |
Трассаның өту жолы | АВТО |
Цифрлық ағындардың саны |
2 Кесте – Кабель орнату тәсілдері
Сынақ кітапшасының соңғы номері | |
Кабель орнату тәсілі | Траншеяда |
1 Сурет –Ұлттық ақпараттық супермагистраль