Стр. 226 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 225
Стр. 227
Қазақстанның ашық кітапханасы
Бекіністің бақылауға арналған саңлауларынан сығалап тұрып, әрбір жауынгерім жау
қолының, жақындап қалғанын айтады:
—
Батыс жағымыздан шабуыл жақындап қалды!..
—
Көріп отырмын...
—
Солтүстіктен таянып қалды...
—
Көріп отырмын.
—
Шығыстан келіп қалды!
—
Көріп отырмын!
Мен көріп отырсам болатындай-ақ, одан арғы қауіпті ешкім айтпай тоқталады... Самед
пен Володя қозғала алмай қалған танкінің алдыңғы жағынан отыз метр жерді қарауылға
алып отыр. Менің өз қолымда да пулемет. Ұяларында құрулы қалған жаудың екі пулеметі
де түнеріп төмен қарап тұр.
Оң жақтан...
—
Көріп отырмын. Қозғалма!
—
Сол жақтан...
—
Көріп отырмын. Орныңда бол!
Көріп отырмынды айтқан сайын аяғына таяқтай-таяқтай леп белгісін қойып айта
бастаппын... Таяқтарым бірінен-бірі үлкең енді өз көзіме де елестей бастаған сияқты.
Көріп отырмын дерлік мен кіммін? Қандай майданды басқарып келіп ем!.. Бір топ
ержүрек жастардың өмірін босқа бермеуге әл-дерменім жетер ме, жоқ па?.. Төбесінде
туымыз тұрған биік қорғанды неше күн ұстап тұра алармыз...
Көз алдыңа буырқанып-бұрсанып жатқан теңіздің ортасындағы биік жартас келеді. Ұлы
теңеу бар бейнесімен елестейді. Ойың өзіміздің қорғанды да сол биікке теңейді. Қорғарың
да сол биік жартас сияқтанады. Багымыз емес пе, біз сол тәкаппар қияны қорғап тұрмыз.
Капитан Мирошник жау офицеріне бұл қорғанды біз біржола босаттық, енді үміт етпеңдер
деген еді. Капитаным айтқан сөзге мен мұрагер болып қалдым. Орындай біл, мынадай біл,
Сарталиев жолдас!..
Буырқанған долы теңіз езуінен қанды көбігін атып, жарасты сабалағалы келеді. Жау
автоматшылары оқ боратып, тым таяу келіп қалыпты...
—
От!.. От-т-т!..
Дыбыссыз «т» әрпінің өзі бір көш жерге созылғандай шықты. Пулеметтерім аздығына
қарамай, өжет өршеленіп, көсіп-көсіп алды. Қарсы алдына нысанаға тіккендей етіп қойып
атқандықтан жау қолының қырылысы да кеп, беті де тез қайта қалды. Көп боп көрінейік
деп, бес пулеметті бір бетке ғана салып ем, оным дұрыс болып шыққан сияқты. Жау
ортасы ойылып, оңай абыржып қалды.
—
От!.. Қарауылға дәл қондыр! Қыр, иттің күшіктерін!..
Стр. 227 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 226
Стр. 228
Қазақстанның ашық кітапханасы
Дүниеде бұл сияқты команда жоғын жақсы білсем де, ара-тұра ондайлар да қосылып кетіп
жатыр. Текке де кетіп жатқан жоқ, бірдемеге жарап кетіп жатыр...
Жау автоматшыларының ең алғаш беті бұрылып қалған бір шақта Петр жүгіріп өзімізге
қосылды.
—
Мұндай қалаған жерің өмірде бір-ақ кездесер, Костя!.. Жау ойланып қалды! Інге
кіріп кетті!.. Үр!—дейді Петр.
Бақылауға пулеметтерді ғана қалдырып, өзге жауынгерлерді Керчьте болған екінші
«соғыс кеңесіне» шақырдым.
—
Автоматтар жалғыз-жалғыз оқпен ғана ататын болсын. Кездемей ату қойылсын!—
деген бірінші ұсынысты Володя жасады.
Біз мұнда кеп оқ әкеле алған жоқпыз да. Осы күнгі пулемет, автомат дегендер оқты
бұршақтай төгеді. Ондайға шыдар оқ қоры бізде жоқ. Қорғанды алғанда қолға түскен
жаудың екі пулеметінде де оқ қоры шамалы еді. Ең мол нәрсе — ракета ғана... Ол
торғайды қорқытудан басқаға жарамайды. Сондықтан Володяның ұсынысы даусыз
қабылданды.
—
Пулеметтер жау кеудесіне тұмсығын тіреп отырып, иек артпадан ғана атсын.
Қасына келіп қалды деп қауыптенер емеспіз. Бекініс мықты. Хожа Насреддиннің өзі
салып кеткен бекінісіндей...— деп Самед отыр.
—
Солтүстік жақтан жауды граната лақтыратын жерге дейін жақындатуға болады.
Қорғанның ол жағы тіктеу, траншеялар жабық. Сол бетті маған бер!—деп, Петр солтүстік
майданға сұранды...
Екінші «соғыс кекесінің» негізгі қабылдағандары да осылар еді. Он үш-ақ жауынгер
болсақ та, мұнда да «майданды» әр түрлі «бағытқа» бөлдік: солтүстік, оңтүстік, батыс
және шығыс... Әрбір «бағытта» үш-төрт қана жауынгер бар. Орталықтағы үлкен бекіністе,
әр майданның тізгінін түгел бір қолға ұстап мен отырмақшымын... Бір қолым телефонда,
бір қолым пулеметте болмақ. Бекініс — төбенің барлық түкпірін байланыстырып қойған
неміс телефоны, «орталықты» станциясыз-ақ сақылдатып тұр. Сырт жақтың жалпы
бақылауы екінші бөлімнің командир! Зориннің қолында,..
Алғашқы бір шошынып тайқып түскеннен кейін, жаудың әскері қайта қыса бастады.
Шығыны қанша кеп болса да, бізді құртпай тынатын емес, Азғана күшімізді еріксіз төртке
бөлдіріп, қысып келеді.
—
Маңдайдан аққан терің бақайыңнан тамшылап тұрмаса, онда сен әлі қызбағаның
деген Хожа Насреддин...— дейді Самед.— Терлемей істеген іс — іс емес!..
Солтүстік жақтан жау қорғанға өрмелей бастады. Жалаңаш арқаңда қоңыз өрмелеп келе
жатқандай сезілді. Терең траншеяның түбінде жатып Петр маған телефон арқылы:
—
Шыдай тұрыңыз, жолдас командир, саспаңыз... Қазір, қазір... Гранатам біреуінің
маңдайына соғылып жарылатын кезде лақтырам. Бұл бетке мен жауаптымын — дейді.
Жауынгерлердің бәрі де қысылшаңда туатын нар тәуекелге бел байлап, қауіп дегенді
ұмытып кеткендей. Қайта, орталық бекіністе отырған маған дем бере сөйлейді. Мен әр
автоматтан артығырақ кеткен оқты санап отырмын... Басқаңмен бірге сараң да бола білу
керек болып қалды.