Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 11

Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 13

Қазақстанның ашық кітапханасы

Мен әлі өліп көрген жоқпын! —дедім, тайынғым келмей. Жалғыздық жасқаншақ та

етеді, жау жүрек те етеді. Мен жасқанбауға бел байладым. Аяғыма білінген бір қатты

нәрсені суырып алып едім, түйенің қабырғасы екен. Қабырғаны оңтайлап қолыма алдым

да, ана екеуінің жабыла кетуін күттім. Әдетте таныс емес балалардың алғашқы

кездесулері азды-көпті жанжалсыз, бірлі-жарымды жұдырықсыз өте қоймайтын.

О!.. Сабаздың өзі екен! — деді ересек бала, менің кескін-келбетіме көңілі толып

кеткендей. Мен ожырая қарап

тұрған бойым үндемедім. Ойымда киімімді ала қаша ма деген қауіп те туа бастады.

Бірақ менің ойлағаным болған жоқ. Екі бала менің шапанымның қасына барып, өз

киімдерін де сыпыра бастады. Ересек бала билегендей бір қозғалыспен көз ілестірмей

шолақ шалбарды сырғытып жерге түсірді де, содан кейін ерекше бір достықпен кішірек

баланы шешіндірді. Ақсақ бала ересектің көзіне дәрменсіз жаутаңдап, жалыныш көзімен

қарайтын сияқты.

Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.

«Анау ағасы, мынау інісі екен»...— деген ойдың келуі-ақ мұң екен Айдаш есіме түсіп

кетіп, жалғызсырай бастадым. Иегім кемсеңдеп, бет-аузым бұзыла бастады. Ересек бала

әуелі ақсақ баланы судың жағасына әкеліп қойды да, қарғып қырға қайта шығып, қыр

басында жатқан барлық, шоқпытты аяғымен лақтырып жағаға түсірді. Содан соң, кішірек

баланы тағы көтеріп алып суға беттеді...

Ересек бала ақсақ баланы ап менің қасыма әкеліп, ақырын ғана суға түсірді де маған

қарап:

Өй, өзіңді қасқыр талаған ба?— деді.

Мен ұялыңқырай тұрып жайымды айттым. Ауылда жүргенде кім ескерген денем борана

жүріп кеткендей екен.

Қышып барады ғой, сірә?

Қышиды... Жаурын ортама қолым жетпейді.

Кішірек бала өңі кетіп, бозарған қолын менің, иығыма салып:

Қасиын ба? —деді.

Қасы...

Кел, Бораш, ендігәрі қышымастай етіп берейік! — деп ересек бала менің арқа-

басымды құммен ысқылай бастады. Әлсіз қолдарымен кішкене бала да қасыған болады.

Оның қолы тиген жер қыши түседі.

Мұның бәрі тазалық жоқтықтан... Кірден! — деп қояды ересек бала.

Менің ол өсиетті ұғынар жайым жоқ.

Мына жерімді, мына жерімді,— деп, тоқыма қораға сүйкенген торпаққа ұсап, о

жер, бұ жерімді тоса берем.

Стр. 13 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 12

Стр. 12 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 14

Қазақстанның ашық кітапханасы

Атың кім? —деді ересек бала.

Қайырғали... Өзіңнің атың кім?

Шеген... Мынаның аты Бораш... Мұны Боря дейтін боласың. Менің атым онша

бұрмалауға келмейді, Шеген аға дерсің. Мен екеуіңнен де үлкенмін. Әкем байғұс баласын

еркелете алмайтынын білген ғой сорлы, Шеген дей салыпты...

Шеген менің атымды «Қайырғали, Қайрош, Қайрушке» деп, орысша-қазақша оңды-солды

бұрмалап көрді де:

Атың ат емес екен... Сендей жеке батырға түк лайығы жоқ... Бүгіннен бастап Костя

боласың! Оған молдадан көргенім бар, қазір дұрыстап атыңды қойып берем! — деп, екі

қолын құлағына апарып:

Бүгіннен бастап сенің атың: Костя! Костя! Костя!— деді үш рет құлағыма

айғайлап.

Апам ұрсып жүрсе қайтем?—дедім Шегенге қарап.

Апаң қайда еді?

Апам Қайрақтыда.

Сен немене, Қайрақтыңа қайта қайтпақпысың? — деп, Шеген менің үсті-басымды

қайыстай илеп жатқан қолдарын дереу тартып алды. Бораш та қасуын тоқтатты.

Жоқ...— дедім, жаңа қосылған үйірімнен айрылғым келмей. Шеген қолын арқама

қайта салды... Сол күннен бастап күні бүгінге дейін менің атым Костя, Константин болып

кетті. Атымды өзгерткенде Шегеннің берген мықты бір медеуі:

Атыңды бұзып қойған молда ғой сенің! Ол саған не жақсылық тіледі дейсің! Енді

міне, туысыңа лайық Костя боласың! —деді.

Туысым, сондай-ақ бір дәстүрлеуге лайық болып тұрса, бола-ақ қойсын! — деп

ойладым да, мен де көндім. Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері

де жаңа туған бұзаудың көзіндей бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты. Қуануы да,

ренжіп қалуы да оп-оңай. Мөлдір қара кезінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай. Бұл,

шынында да, егей шешенің отын-суына пысықтық жасай алмаған соң, оңай ғана

тентіретіп жіберген бала болу керек. Манағы «Кел, Бораш» дегеннен бастап менің

арқамды әлі тырналаған болып тұр. Қолы батпайды, сипап тұрғандай ғана білінеді. Ол

жаратылысында ауыр еңбекке арналмай жаралған бала сияқты. Жүзінде естен бір

шықпайтын, жүрегіне мәңгі байланып қалған ауыр бір күрсініс бар. Ол күрсініс езу

тартқанда да түгел жойылып кете алмайды.

Өз әліме қарамай, Борашты аяп кетіп, мен оған:

Қара әжең келіп кетсін,— деді... ұрыспаймын деді...— дедім.

Бораш әpeң, ғана езу тартқандай болып еді, көзінің түбінде қуаныш ұшқыны бір ғана

жылт ете түскендей болды да қайта сөнді. Тез ешті, із қалдырмай өшті. Жанары жарқырап

бір қалған әдемі қара кездеріне қайтадан күрсініс кірді.

Ой, өзің бір құдайдың еркесі екесің, ғой! —деп, Шеген мені жаурын ортадан

шапалақпен шарт еткізді де, өзі де күліп жіберді. Үнсіз ғана Бораш та жымиды.

Наши рекомендации