Стр. 54 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 53
Стр. 55
Қазақстанның ашық кітапханасы
Апам темір төсегін маған беріп, өзі жақын ғана еденге жатты Айдаш «түнгі сменді» көріп
келуге кетті. Есік ашық тұр. Анам екеуміздің әңгімеміз жылжып ауыл-ағайынға көшті.
Мен бүгін «Қайрақтының» басқармасын көргенімді айттым. Айғырлары мен түйелерін
мақтадым. Апам маған арнап алып қойған көкқасқа құнанын айтты. Біздің ауыл жайын
әңгімелесіп жатқанымызды білгендей, ашық есіктен безектеп жылаған бала даусы келеді.
Ауылды еске алған соң, жүрегімді қырық мысықтай тырналап жатқан Ақботаның аты
аталар ма екен деп, мен күтіп жатырмын. Апам бір әңгімесін айтып келе жатады да,
жылаған баланың, даусы тым шырқырап кеткенде, әңгімесін бөліп:
—
Байғұс бала неткен зар жақ еді! Әкеңе тартпай кеткір, жылаудан көзін ашпайтын,
жылауық әкесіне тартқан ғой! — дейді.
Осы үйлердің алдыңғы жағында жалғыз ғана қазақ үйі тұр еді, бала даусы сол үйден
келеді.
—
Өзі ұйқысы ашылмаған баланы көк жұлын қылып өлтіретін болды-ау! — деп, апам
тұрып киіне бастады.
—
Қайда барасың, апа? — дедім.
—
Соқыр әжең үйіндегі Тана дейтін қыз баланы білуші ме ең? Ауыл оны Ақбота деп
кетіп еді ғой. «Нашар бала» деп текке айтады деймісің, соны жуырда бұрын апасын алған
жездесі алып келіпті...— деді апам.
—
Жуырда дегеніңіз қалай, бала құшақтап жүр ғой! — дедім, өз сырымды өзім ашып
бере жаздап.
—
Бала апасынан қалған. Жазғытұры қайтыс болды. Ақботаның, әке-шешесі жоқ,
кемпірдің қолында өсіп еді ғой. Кемпір қазір қартайды. Құдайдан безген жездесі, сүліктей
жабысып жүріп, алып келгелі бір жеті болды, — деді.
Апам ұзақ сүре бір әңгімені айтып кетті. Қалалық ақша бөлімінің бір налог жинаушысы
алғашқы әйелі өлген соң, дімкар кемпір мен балдызы Ақботаға ұсақ-ұлан жәрдем көрсетіп
жүріп, қолына қондырып алыпты. Оқи алмай қалған Ақбота, өз болашағын қайдан болжай
алсын, құр жылау, құр көнбеумен қолға түсіпті...
—
Жасы он алтыда-ақ, сені сотқа тартқызам деп, біздің басқарма соңына түсіп жүр.
Ондай-мұндайды білетін адам еді, кім білсін қолынан не келерін... Ал енді, мынау бір
кескілеп өлтірсең обалы жоқ адам! Бір бие алып соны саудырып, киіз үй тігіп отыр. Өкпе
құрт болса керек.
Ақботаның апасын да ауруын жұқтырып өлтірген екен бұл сорлыны да сор әкелді де.
Түнде тұрғызып бие саудырады екен! —деп, апам қатты назаланып сөйледі.
—
Ал, өзің, неге барасың онда?
—
Ана зар жақ баланы біраз ала тұрайын да... Ақбота байғұс азырақ ұйқтап тұрсын —
деп, апам маған жалынғандай қарады. Мен үндемедім, бала әлі шырқырап жатыр. Күңк-
күңк ұрысқан еркек даусы да келгендей болады. Анам шығып кетті. Тезірек барып баланы
алса екен деп, мен апамның аяқ басқанын санап жатқандаймын.
Шешемнің ақкөңіл, жаны мырза адам екені, бүкіл елге белгілі болатын. Ал енді, өзі ауыр
жұмыста жүріп, түнде біреуді демалғызуға кеткені мені де таң, қалдырды. Ақботаға
кетпесе, мен жібермейтін де едім.