Стр. 134 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 134 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 133

Стр. 134 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 135

Қазақстанның ашық кітапханасы

үшінші взводтың жауынгерлері ұялғандай үнсіз ғана келіп, окоптарына қайта орналасты.

Таңертеңгі боранды буалдыр тарамай тұрып, біз кейін оралдық. Алты жігіт әрең көтеріп,

Семенды өзен жарының астына алып келдік. Бұл арадан бізді ешкім көре алмайды да, оқ

та тие алмайды. Әрқайсымыздың арқамызда тық-тық соқтығысып, бестеген-ондаған неміс

автоматтары да келе жатыр. Семен әрең деп көзін ашып, есін жия бастады.

Ақырын, жолдастар...— деді бір кезде. Жаппамызға әрең алып кірдік.

Сема, осының бәрі сен қырған немістердің автоматы... Сенікі,— деп, Толстов

арқасындағы он шақты автоматын Семеннің қасына әкеліп сүйеп жатыр. Шынында,

Семен ауыр жараланып қатардан шығып қалар-ау деп ешқайсымыздың да ойлағымыз

келмейді. Берлинге жетер бір алып болса — ол осы Семен болар деп сенгендейміз де!

Семен ақырын ғана көзін ашып, әлсіреген қырыл араласқан дауыспен:

Керегі жоқ маған... Қолма-қолда түкке тұрмайды. Жеңіл... Қызығатын дәнемесі

жоқ,— деді.— Одан да су беріңдер...— Қатардан шығып қалатынына Семеннің өзі де

сенбей жатыр. Бірнеше жауынгер су сауытын жұлып алып, Семенге ұсынды. Семен

бәрімізге де риза көзімен бір қарап, ең жақынырақ ұсынылған Петяның құтысына қолын

созды. Үлкен саусақтары азғана салмағы бар құты алуға көп күш жинап, әрең икемделіп

келе жатыр.

Ақыры ала алмады... Алып күштің ең соңғы көтере алмаған нәрсесі осы қалайы құты

болды. Үлкен дене бір ышқынып қалды да, танауын қусырып, көзін жоғары тартып әкетті.

Сема, Сема, бауырым! Досым! — деген дауыстарға жауап қайтқан жоқ...

Ревиякин кіріп келгенде, бәріміз де жалаң бас, Семенді қоршап тұр едік...

Семеннен басқа үш жауынгер өліпті де, бесеуі ауыр жараланыпты. Оқ тиіп құлаған бір

жолдасымызды өлі күнінде танкы таптап езіп, мылжалап кетіпті. Қаза тапқан ер

жолдастарымызды қатар салып, үстеріне қызыл жалау жауып, жар астынан соңғы рет

қоштасып, қастарына қарауыл қойдық. Осыдан кейін бауырмал Семенды, алып Семенды

көре алғаным жоқ. Маған күні бүгінге дейін сол жалаудың астында жатқан күйінде ғана

елестейді. Өңімде де сол, түсімде де сол!.. Мен оны Москваны қорғаған құрбандардың

тізіміне қосамын...

Оңтүстіктегі алғашқы жеңіс Ростов қаласы үшін болған айқастарда туды. Оңы мен

солынан, оның үстіне қарсы алдынан қатар басталып, тұтасып кеткен шабуылдан Гитлер

армиясының бірінші рет дүркірей қашқанын көрдік.

Оңтүстік майдандарындағы ұлан-байтақ соғыстың мөлшерін біз күнделікті хабарлар

арқылы да жақсы шамалайтын едік. Соңғы күндерде түн болса-ақ, аспан етегіне өрт

қойылғандай, алыс, айналаңның бәрі қызара бөртіп, алау-жалау болып шыға келетін

болды. Күні кеше жаңа ғана тұтанғандай әлсіз өрттер бүгін кек жиекті балқытып бара

жатқандай күреңденіп көрінеді. Қараңғы түнде тұнжырап тұрған Ростов қаласының биік

қырқаларында сау қалған терезелер алыстағы өрттермен ымдасып, кез қысысып тұрғандай

болады.

Қазір біздің майданның үні де өзгеріп кетті. Дүркіреген бір жаңа үн келіп қосылды да,

майдан сарынын өзгертіп жіберді. Оны кейбіреулер соғыс тәңірісінің туған қарындасы —

«Катюшаның» әні деседі. Өзім әлі көрген жоқпын.

Бүгінгі түн жеңіс әкеле жатқанын әрбір солдат сезінгендей, жүріс-тұрыстары ықшам,

әміріңді айтқызбай ұғатын сергек бір халде. Сенің солдатың сергек, көңілді болса, жау

Наши рекомендации