Стр. 19 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 18
Стр. 20
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Алтын жатса — алмаймыз! Бір ме?
—
Бір
—
Өтірік aйтпаймыз Екі ме?
—
Екі
—
Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау өтірік айтсаң, іркілме! —
деп, бір тоқтағанда мен:
—
Үш, деп қалдым.
—
Жоқ, үш емес, әлі екеу-ақ,— деді Шеген.— Үшіншім үш күннің ішінде бізбен бірге
қуанып, бізбен бірге боласың. Өз бетіңмен оңаша қуанып, оңаша мұңайтын болсаң сен
бізге жолдас та емессің. Қуана біліп, мұңая білмесең тіпті жақсы. Осымен үш болады!—
деді.
—
Үш! - дедім ризалығымды білдіріп...
—
Уәде ғой?
—
Уәде!
—
Ал енді шайыңды іш...
Қарынды сықап алдық та, көк құраққа аунай кеттік... Әсем денесін әдейі әдемілеп
кергендей, қара көлеңкеде шой Шеген жатыр. Оның бүйіріне басымызды тигізе Бораш
екеуміз көлденең жатырмыз. Еркелеп,й мазалап қоямыз. Тап осыла, еркелесіп, аймаласып
күшіктер көз алдыма келеді. Салқын жай, көрген кейісімді ұмыттырып жібергендей оңаша
ойланбайын деп, мен де Шегеннің бауырына кіре түскім келеді. Шеген шалқасынан
жатқан бойы менің аузымды сипалап:
Мұрның, онша әдемі емес... Көзіңнің сынын кейін айтам қалпына келе қойған жоқ әлі.
Денең шымыр. Кеудең шалқақ, құс төс екесің, жүйрік боларсың...— деді.
Арқасынан сипаған бала мысықтай болып, кезімді жұмып алып ішімнен мардамсып мен
жатырмын. Шегеннің көңілі маған ауған бір сәтті қызғанып, Бораш Шегенді басымен
сүзгілеп қояды...
Қане, Бораш, бастап жібер. Костя үйрене берсін,— деді Шегең жатқан қалпын өзгертпей.
Бораш басын көтеріп алып, «Зәуреш» әніне сала жөнеліп еді, мен ілесе алмадым. Бipece
даусым «қиқ» етіп қалып, біресе «шиқ» етіп қалып, бұрала шыққан Бораш даусын жанаса
алмай қойды. Құлдырап жоғары кетіп, құлдилап төмен құлаған шын дауыс менің
шіңкілдегімді маңайталар емес. Бораштың дауысы бозторғайдай шырылдайды да, мен
қалтылдап, қалықтап тұрған боз торғайдың астынан қарап тұрған сияқтымын. Кейбір
кезде өзімнің тап осылай қарап тұратыным есіме түседі.
Бораш Жайықтың аржағында Зәурештің моласын көріп отырғандай, көзін алысқа бір
қадап алды да, барынша мұңды, барынша сазды үнмен әннің иығын шығара, мұң мен
шерін жүрегіңе құйғандай зармен айтты. Үңгіріміз үн қосқандай. Жайық бойындағы бар
бозторғай қосыла шырылдағандай болды. Өлең мен әннің бірге өрілгендей шыққанына
таң қалып, мен тоқтап қалдым. Ұзақ ән ұзын Ақ Жайықтай тартылып, ойыңның әр
Стр. 20 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 19
Стр. 21
Қазақстанның ашық кітапханасы
түкпірін бір түртіп, өн бойыңды тұтас шымырлатқандай, алыстағы зар ел есінен әлі
шықпағандай, ауыр бір қасірет күйі әрбір шерлі жанның жүрегіне шоқ тастағандай еді.
—
Өз шешесінің аты да Зәуреш екен...— деді Шеген ақырын ғана құлағыма сыбырлап.
Тұлабойым дір ете түсті.
Бораштың кімді жоқтап, зарланып отырғанын мен енді ғана ұғындым. Туған шешесін
көрді ме, жоқ па, есінде ана мейрімінен не қалды, жетім бала зар қағып, соны айтып отыр.
Шешесінің ағын атаған сайын жүрегіне шемен боп қатқан жетімдік шері ұлғая түсетін
сияқты. Шерге толы ән толқыны Бораштың өзін де қаңбақтай домалатып әкетіп бара
жатқандай. Шешем есіме түсіп кетіп, мен де Борашқа қарап, жаутаңдай бастадым. Кезге
келе берген жасымды Шеген сұқ саусағын шошайтып тыйып тастады. Бірақ үңгір іші
манадан бергі ойнақы түрінен айрылып, елден алыс, жұрттан оңаша, әрі-сәрінің орнындай,
бар қызығы бітіп, жүдеп сала берді. Бораш тоқтаған соң Шеген маған бұрылып:
—
Қалай екен?—деді.
—
Мен бұлай айта алмаймын,— дедім.
—
Өз білетініңді айт. Іркілмейтін бол,— деп Шеген қоймаған соң, мен «Гурьевті»
айтып байқап едім, даусым жүрексіне шықты.
Көрінген сонадайдан, Гурьевім, Көргем жоқ Гурьевтен жер биігін...
—
Гурьев жер биігі болса, Ақ Жайық осы араға келіп құйып жатпай, осы арадан
басталып жатар еді,— деді Шеген. Менің өлеңім оған ұнамағанын сездім де, мен де
тоқтадым. Содан кейін Бораштың алдында өлең айтуды да қойдым.
Үңгір іші қараңғылана түсті. Өмірдің бір қалтарысы сияқты үңгірде бір күнім еткенін
аңғардым. Еркіндігі көп пе әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір
шатқалаңы жолға түскендей, жүрегім орныға алмады. Ұйықтай алмай
жатқанымды.
Шегенге білдірмеу үшін таң атқанша бір жатқан жағымнан аунап түсуге қорқып ұйықтап
боп пысылдадым да жаттым...
Қалада өткен үш күннің ішінде мың түрлі олақтығым барын байқадым. Аяқ бассам-ақ
болғаны, қаланың бір дәстүріне мұрным іліне кетеді. Қала жұртының әдетті де басқа екен.
Қала өміріне үйреніп қалған Шегеннен қалыспаймын деп, аяғымды ептеп-ақ басамын,
ептемеймін десем-ақ ерсі бірдемеге ұрына да кетем.
Көрмегенде көзің түспейтін бір нәрсе болсайшы! Көрінгенге қараймын деймін де, кез
келгенге соқтыға олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдау жолы бізді
милициялар алдап соқты. Даланың құмарлығы ұстап берді. Қолға түскенімізге қуану
керек екенін білсем де, дәл сол күні қатты ренжідім.
Тақтаймен қоршалған «жазғы театрда» Шеген айта беретін Саратау операсы ойын
көрсетіп жатыр екен. Жұрт орнына жайласып болып, шымылдық етегін түре берген кезде
қоршаудың басына біз де қонып қалып едік. Шеген театр маңайын екі рет айналып келді
де:
—
Бүгін бір милиционер жоқ екен. Құдай берді аяғына көретін болдық!—деді.
Өткен түні ойынды бұзылған бір сарайдың төбесінде отырып алыстан көріп едік. Бүгін
оған шыдай алмадық. Үшкірлеп қана дөрекі күйінде шегелей салған тақтай қоршаудың