Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 71

Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 73

Қазақстанның ашық кітапханасы

бірі аузыма түспей отыр. Әлде, капитан алдында барлық жауынгер осылай бола ма, әлде

Шегеннің жаңа түріне лайық жаңа бірдемелер іздеп, таба алмай отырмын ба, әйтеуір, дәт

деп тұрып қалдым.

Адам жайын аңдауға Шеген өте терең болатын. Ар жақ бер жағымды түгел көріп

отырғандай көрем.

Шеген аға, ауылдан бәлендей хат бар...— дер едім, ол біздің ауылдан еш нәрсе

білмейді. Әскерлік жайымнан сөз бастар ем, бүгін бірінші рет самолеттен секіріп

түскенімді өзі көрді... Темекі іздеп, қалтаңа қолыңды қайта-қайта салғанмен түк ілікпейтін

бір кезің болады ғой, менің хәлім тап сондай еді. Көзім тұрақтай алмай, қипақтап, құр

жымия бергенім де сондықтан.

Екі жыл шекарада болдым...— деп әскерлік өмірімді айта бастап ем, оның ішіндегі

түйіні мен түйірін хат арқылы талай жазғаным есіме түсті. Жазбағандарымды айтып қарап

ем, бұдырсыз сұйықтау жағы ғана қалған екен.

Қашанғы әдеті бойынша, мені қысылыстан алып шыққысы келіп, Шеген азғана тамағын

қырып, көзін маған тура қадады. Мен мағынасыз жымисам, ол өз ойын жасырмай

күлімдей қарап:

Қысылма, Костя... Сенің сөз таба алмағандай болып отырғаның екеуміздің де өсіп

кеткендігімізді көрсетеді. Өскен шағымызға лайық әңгіме қоры әлі жиналған жоқ,

бұрынғы ортақ сырларымыздың бәрі де балалық шақтікі... Сені бөгеп отырған осы емес

пе?— деді.

Арамыздағы жұқа шымылдық ашылғандай мен де Шегеннің жүзіне тура қарап:

Тап осы, Шеген аға! Аузыма түк түспей қойды,— деп шынымды айттым.

Шеген енді күлімдеуін де қойып:

Бірақ сенің әскер қатарына алынғалы не істеп, не қойғаныңмен бірге, ендігі бет

алысың немене? Ойланып, өлшеп алған бетің қайсы? Адымың қалай? Мен соның бәрін де

білгім келеді. Ертең демалыс қой, кеңірек отырып сөйлесерміз. Самолеттен бірінші

секіргенің үшін ертең қалаға барып қайтармыз. Қыдырармыз театрға барармыз. Курс

командирінен рұқсатыңды да ала келдім. Міне,— деп маған ертеңгі сағат тоғыздан түнгі

сағат он екіге дейін берілген рұқсат қағазды ұсынды.

Екеуіміз далаға шығып, қақпа алдында тұрған машинаға қарай беттедік. Шеген сол қолын

менің иығыма салып, орай құшақтап келеді. Бала кезімде бұлай құшақтағанда жылынып

кеткендей болып, өзім де тығыла түсуші ем. Енді ұялып келе жатқандаймын. Шегенде де

баяғы қыса құшақтау жоқ, ағаның арқадан қаққаны сияқты.

Мен сенің қалай секіргеніңді түгел бақыладым,— деді Шеген.

Әйтеуір алғыс алғандардың ішінде жүрмін,— дедім, мақтанышымды жасыра

алмай, одан гөрі көтере айтуға да ұялып.

Егер жау жеріне барғанда осылай секіретін болсаң, жерге тірі түсе алмайсың,

Костя! — деді Шеген.

Неге?

Стр. 73 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 72

Стр. 72 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 74

Қазақстанның ашық кітапханасы

Сен сәнденіп қалықтап жүргенде жау сені оп-оңай атып түсіреді. Қыран қалай

түсерін естіп пе ең? Құйындай суылдап, шаншыла құлау керек! Қанатыңды жерге

жақындай бергенде бір-ақ жай! — деді Шегең арқамнан қысып қалып.

«Сәнденіп» дегені өтіп кетті ме, «қалықтап» дегені өтіп кетті ме, әлде екеуі қосылып

бірдей тиді ме, мен қызараңдап:

Мен оны ертең баяндайын саған,— дедім, қазір қайтара қоятын жауабым әлсіз

болғандықтан.

Шеген жүріп кетті. Мен қалаға киіп баратын таза киімдерімді әзірлеп жүріп, жан қиыспас

досыммен жаңа жолымда бірінші кездесуімнің жансыздау өткеніне қынжылдым. Көңілім

наразы, жүрегім темен тартқандай болды. Қолды шекеге апарып жатпай-ақ, бірден

Шегеннің мойнына асыла кетуім керек еді дедім... Сонда ол «О, желаяқ!» деп қалар еді де,

әңгіме баяғы балалық шақтан басталып, оп-оңай ширатылып жүре берер еді... Әлде

онымыз өз күндерімен еткен дәуір ме екен? Адам артына қарап ойланады, алдына қарап

еседі демейтін бе еді! Нақыл жаңылыс па, мен жаңылысам ба? Қалай да түн бойы

аунақшып шықтым.

Володя екеуіңнің балалықтарың кетіп болғанша, менің, балаларым да сендердей

болып қалар!—деп Петр біраз мазақтап алды.

Николай екеуміз болмашыдан бастап-ақ түн бойы сөйлесіп шығатын едік. Балалық

шағымыз басқа жерде өтсе де біріміздің көргеніміз бірімізге қызықты да, түсінікті де

көрініп, жырқ-жырқ күлісіп, шегіміз қататын еді.

Мынадай бір қызық тағы болады ғой! —деп, Николай басын көтеріп алса:

Ол түгіл мынаны қайтесің?— деп, мен кимелеп кетуші ем.

Тегі ол екеуміз балалық дәуірді бірдей кешіп, ересек өміріне бірдей кірген болармыз.

Ересек дәуіріне көшкенмен «түйеқоңызын» тастауға қимай, Шегеннің маған бергені

сияқты, екеуміздің де балалық шақтан тастауға қимай, ала келгеніміз болуы мүмкін.

Сонымен бірге, үлкен бе, кіші ме, шекара күзетіне бір күні келіп, қауып-қатерін бірге

көрдік. Сондықтан шегіміз араласып, сырымыз қосылып кетіп еді. Мен оған Ақботаның

жайын айтсам, ол маған өзінің Майя дейтін сүйген қызының сипатын суреттейтін.

Шегенге бұлайша ашыла алмай, тартына бердім.

Ақбота есіме түсіп кетіп еді, ол тіпті Шегеннен де арғы балалық шақтың әсері емес пе

екен деп ойлана қалдым. Жоқ, балалық емес, тұрақты бір ойдан шықпайтын сағыныш бар.

Осы ойыма тағы да еріп, сағым теңізімен бірге толқып жатып ұйықтап кетіппін. Жайық

жағасында Ақбота тұрғандай, Шеген екеуміз бірге жақындай бергендей бір бұлдыр елес

берілгені есімде сияқты, ар жағы әлденеге айналып, қатер бір үннен оянып кеттім.

Асықтыра, аптыға берілген қатер белгісімен бәріміз де атып-атып тұрдық.

Тым болмаса жексенбі күні тыныш өтпейді-ау,— деп, кей бір жолдастар наразы

күбірлеп, ренжи киініп жатыр. Менің бүгін қалаға кететінім есіме түсіп, тез ғана бар таза

киімдерімді киіп алып, далаға шықтым.

Аспанда бір жапырақ бұлт жоқ, күннің көзі ұяла қарағандай, тау өркештерінің арасынан

жаңа ғана көріне бастапты. Көлеңке төгіп маужырап тұрған жасыл дүниеге бүгін

жапырағыңды күйдірмейін деп, уәде беріп келе жатқандай тау жақтан ақырын ғана

Наши рекомендации