Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 192

Стр. 193 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 194

Қазақстанның ашық кітапханасы

Осы үйде тұратын едік...— деді Володя жолдасын молаға әкеліп тұрғанынан ұялған

адамша қысыла сөйлеп.— Мен де осында туып өстім... Танечканың төсегі мына жерде

тұратын...

Володяның жымиғаны жүрегіңді біреу пышақтап жатқандай тиеді. Володя үйдің әр

бұрышына бір барып, ұмыт қалдырған бірдемесін іздеп жүргендей, үйіліп жатқан

кірпіштерді аяғымен ысырып-ысырып қояды. Бір кезде бөлменің орта деңгейіне тұра

қалып, кірпіш сынықтары мен шаң-топырақты көсіп-көсіп жіберді де, содан кейін

алақанымен сыпырып курец сырлы еденге жетті. Енді бірдемеге қуанып кеткендей,

жасаураған көзі күлімдеп те кетті. Еденнің шаң-топырағын ерсілі-қарсылы сыпырып

жіберіп:

Костя, көремісің?—деді.

Көремін, Володя... Төгілген сия ғой,— дедім. Еденге баланың алақанындай ғана

болып қызғылт-көк сия төгілген екен.

Кішкентай қарындасым Танечка осы араға менің сиямды төгіп алып, қашан кеуіп

болғанша алақанымен басып отыра беріпті...— деді Володя, қайғы-мұңын ұмыта

қалғандай күлімдеп сөйлеп.— Мең әрине, онша батырмай шапалақтап алдым... Бесте ғана

болса да жазуға құмар еді... Осы күні бекер шапалақтаған екенмін-ау деп өкінем... ылғи

есіме түседі...

Володя енді өзін-өзі қамшылағандай тезірек сөйлеп кетті:

Ана пешке айырдың ұшымен тырнап жазған «П» әрпін көремісің? Ол папа дегені!..

«М» — мама дегені... Анау бет-аузын шимайлап тастаған «В» менің атым... Әлгі

шапалақтан кейін өкпелеп менің атымды өшіріп тастағандағысы... Майданға аттанарда

ғана татуласып едік Танечка екеуміз...— деп, Володя қатты мұңайып, маңдайын пешке

сүйеп тұрып қалды. Туған-туысқанын есіне алуға бөгет жасамай, мен де үнсіз тұра бердім.

Ағасының сиясын төгіп алып, алақанымен басып отыра қалған кішкене бір сары қыз көз

алдыңа келеді... Қазір қайда екен десеңші... Мұндай бүліншіліктен алыста жатқан өз

үйіңді мұңайып есіңе алуың, әрі салсаң — күнә, бері салсаң — күйректік сияқтанады.

Володя басын пештен тез жұлып алып, пештің үсті-басын тағы да тексере бастады. Тағы

да бірдемеге кездеспей, бұл арадан қозғала алмайтындай, бөгеліп тұр.

Костя, Костя! — дегенге жалт қарасам, Володя пешті жеңімен сүртіп жүріп, «В»

әрпін тауып алған екен. Қатарынан үш рет жазылыпты. Бірінен-бірін сұлуырақ жазғысы

келгендей, ағасын сағынған нәресте қара сырдың ең бір тегіс жеріне «В» әрпін қаз-қатар

тізіп қойыпты.

Қайта-қайта жазыпты... Сағынған ғой Танечкам...— деп Володя жылап жіберді. Екі

жылдан артық бірге өткен өмірімізде Володяның босағанын көргенім де осы еді. Егіліп

жылады.

Қираған қаласының, қайғысы шерлі-шемен кекке айналса, жас бауырының сағынышы

жауынгер жүрегінің басқа бір пернелерін басып-басып қалғандай еді...

Осыдан бірер сағаттан кейін Тамань мүйісіне қарай қашқан жауды қуып жүріп кетіп едік.

Қара теңіздің шығыс жағындағы Кубань түбегіне қадаған қазығын біржола суырып, жау

қолы сол Таманьға құлап барады. Одан бері тұрақтар пана жоқ. Басқа уақытта айлар бойы

алысатын кеп жерден бір-ақ көшіп, тоқтар жері Тамань екенін жаудың өзі де білдіріп

барады.

Наши рекомендации