Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 110

Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 112

Қазақстанның ашық кітапханасы

Не болды, Сережа? — дедім көзімді танкыдан аудармай жатқан бойым.

Арқам...— деді.

Кейін жылжи аламысың?

Жылжи алам...

Сережа жылжи алмады. Денесін қозғаймын деп, екі қолымен жер тірейді де, басын көтере

алмай құлап түседі.

Зонин, Сережаны сүйреп, радиошыларға жеткіз! Біз келгенше жау танкыларының

қайда тұрғанын хабарлай беріңдер! — дедім.

Бүгелектей ызыңдап, айналамызда оқ жүр. Сережаны сүйреп, қасымнан ете берген

Семенға:

Өзің жараланып қалуға болмайды! Штабқа мынаны жеткіз! — деп, манағы Сережа

салған суретті бердім.

Жараланбаймын, жолдас аға сержант! —деп, Семен бір гүр ете түсті де, ойға қарай

жылжып кетті.

Қолындағы шөлмегі анда-санда күнге шағылысып қалып, Петр егін жиегіне жақындап

барады. Ол мүлт кетсе, келесі кезек менікі еді. Петр Ушаков құмартып жүрген қолма-

қолына бірінші рет кездескелі кетіп барады. Көп үндемейтін, қабағы көп жадырамайтын,

шаншып, қатал қалжыңдасатын бір мінез жігіт Петр әзір еркін жазыла алмай, назалы жүр

еді. Қазір тез жылжып, танкыға тақалып қалды. Танкының сығырайған көзі көре алмайтын

жақынға жетіп қалғандай, енді онша бұқпай, сырғып барады. Енді бір он адым жақындаса

қолындағысын дәлдеп тастайтындай-ақ жер қалды.

Танкы өзінен-өзі жұлқынып қалғандай да болды, гүрс етіп шаң-топырақ та бұрқ ете

қалды. Үстіне қара құрым жамыла қойғандай, танкы бір сәтке көзге көрінбей кетті. Аң-таң

болғандай, Петр де басын көтеріп, тоқтап қалыпты. Петрдің, байластырған гранаталарын

лақтырмағанын мен де көріп отырмын. Сөйткенше болған жоқ, күнге шағылысып,

жарқылдап келіп, жаралы танкының денесіне екі шөлмек сарт-сарт ұрылып қалды. Біреуі

қақпақтың шетіне тиіп жарылды да, шұбар жыланның басы інге қайта кіріп кетті. Енді

танкының іші-тысы бірдей жана бастады. Ыржиып күліп, Володя Толстов тұра келді.

Жаңа ғана түйіле төнген қауіп-қатер бір сәтте жоқ болды.

Володя!..

Өй, күшік!

Өй, көкжал! — десіп, құшақтасып қалдық.

Пісіп тұрған егін гүр етіп тез жанып кетті. Жұлындай болып тік көтерілген танкының

қарақошқыл жалының егін сабағының, ақ түтіні орап алып, желсіз тымықта жер бауырлай

жылжып, жайылып барады. Жеңіл ақ түтін қарақошқыл түтіннің алдына түсіп, жетелеп

әкетіп бара жатқан сияқты. Танкысының жайын көріп тұрған жау бізді тағы да оқтың

астына алар ма екен деп, қауіптеніп едік, оны істеген жоқ, көрсетуге бата алмады. Енді

еңкеймей-ақ, сау аяңдап, біз де тез кетіп қалдық. Әлде Володяны көргенде жарыла

қуанған Петр енді қарасам ол күйден арыла қалған екен.

Стр. 112 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 111

Стр. 111 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 113

Қазақстанның ашық кітапханасы

Көпір астына құлаған екі танкыны Петрдің танкылары дейміз де, мынаны

Володяның танкысы дейміз... Пісіп-қатқан, ысылған жауынгер болып, батысқа бет

алғанда, сөз жоқ, осы танкылардың қасынан өтеміз,— дедім.

«Кемпірдің өткелі» деген сияқты ма? — деп, Петр езу тартып келе жатты да, кенет

өзгеріп кетіп:—Жоқ, Костя, Володяның танкысы деген дұрыс. Петр танкысы деген танкы

әлі қолға түскен жоқ. Көпірдегі екеуді «біздің танкы» деп атаймыз! —деді.

Біздікі дегеннен еске түсіп кетіп, ойлана қалсам, аз күннің ішінде-ақ әр жерге қалдырған

белгілеріміз едәуір екен. Екі самолет, екі көпір, үш танкы, батысқа оралар кезде кездесуі

де мүмкін. Соғыс қазір қалай қарай кетіп бара жатса да түбінде Берлин көшесінде барып

аяқталатынын біздің, ішімізде білмейтін бір адам жоқ. Жауынгер қазір қалай қарап кетіп

бара жатса да әрбір адым аттаған сайын Берлинге жақындай түседі. Әр сағат соғыс өмірін

қысқарта береді. Сол сапар қысқарып, сол сағаттар таусылып Берлинге жеткенімізше,

талай белде талай белгілер қалатыны да даусыз. Отанымыздың жас ұландары, сол

алғашқы ауыр күндерді де осы сеніммен кешті.

Аузымыз кеуіп, тіліміз аузымызға сыймай бара жатқанын айқас біткен соң сезе бастадық.

Соғыс өмірінде бұ да бір қызық жай. Манағы әлекпен кешке дейін сарпалдаңда жүрсек,

ас-су деген ешкімнің, ойына кірмес еді, енді міне, «жұмыстан» босап едік, қаталап

барамыз... Радиошы Женко алма бағының жиегіне орнаған екен. Сергейді сүйреп, Зонин

де келіпті. Бәріміздің әкеміз сияқтанып, қамқорлық жасай жүретін ақкөңіл Семен

көлеңкеге алма мен тамақты жайып, әзір отыр екен. Алманы шайнай тұрып, Женкоға

штабқа берілетін тығыз хабарды айтты. Шамам келгенше Сергей салған суретті дәл

баяндадым.

Сергейді сұр палаткаға салып алып қозғала бергенімізде-ақ төбемізден ысқырып өтіп бара

жатқан ауыр зеңбірек оқтарының үнін таныдық. Артта қалған өзен жаққа барып гүмп етіп

түсіп, гүрс етіп жарылғаны да естіле бастады. Ауыр снарядтар кейде ауаны иіріп ысқырып

өтеді де, кейде қарау қамыстың, сылдырындай естіледі. Күйініп тұрған Русаковтың

зеңбіректері құйындай соғып, боратып кетті. Ішін тартып, аспан күркірегендей, бұлт

күңгірлегендей болады. Бізге штабқа қайт деген бұйрық берілмегенде, манағы орнымызда

жатып бақыласақ, көп нәрсені көретінбіз. Әрбір гүрс еткен снаряд бір-бір танкыны

ұшырып жіберіп жатқандай, жауынгер жүрегі ән салып келеді. Арт жағымызға бұрыла

беріп, қарайлай беріп келеміз.

Түс ауа майданның алдыңғы шебіндегі майор Русаковтың зеңбіректеріне келсек, біздің

политрук Ревякин де сонда екен. Барған жұмысыңды тындырып қайтқанда, аяғыңды сарт

еткізіп, оң қолыңды шекеңе қадап тұрып баяндағың келеді. Бірақ Русаков пен Ревякин

оған жібермей, бірден қолдарын соза, құшақтарын ашып:

Тірімісіңдер, түгелмісіңдер, көксілдер! — деп, бәріміздің қолымызды ала бастады.

Русаков арқамнан құшақтай өзінің жаппасына алып түсе бере:— Ал, қалай? — дегенде,

мен жауап таба алмай қалып:

Сізге де батыс жақтың жолы ашылды... — дей салдым. Әскерлік тәртіппен жарты

сағат баяндармын деп әзірлеп алған сөздерім, жай әңгіме ретінде айтылар түрін таба

алмай, көмейіме келіп кептеліп қалған сияқтанады.

Денсаулықтарың үшін бокалды кешке көтерерміз, әзірше тамақтана тұрыңдар,—

деді Русаков.

Наши рекомендации