Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 228

Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 230

Қазақстанның ашық кітапханасы

Мұндай қорғанда тұрып, өлу деген ұят болар!— дейді Самед.

Асықпай, саспай, қызара бөртіп күн батып барады. Соңғы шабуыл тойтарылып, енді

түннің не әкелерін ойлап отырмын. Қарның ашқаны еш нәрсе еместей, таңдайың кеуіп

барады. Жауынгерлердің көздері үңірейіп, бет терілері сүйегіне жабысып, қарақошқыл

тартып кетіпті.

Жел қатайып кетті... Теңіз тағы да алай-түлей долданатын болар,— дейді Володя.

Мұнысы бүгін түнде қайық өте алмайды, жәрдем күтпелік дегені сияқты.

Ие, бүгін түнде жәрдем күтпеспіз...

Бірінші Керчь майданының командирі, бүгінгі түніміз қалай өтер екен?— деді

Самед, жұрт көңілінде байқалған қаяуды қалжыңмен ұшықтағысы келіп. Мен оған өз

қалжыңына орай жауап бердім:

Желкеңнен сыздауық шықса, қандай мазаң кетеді. Біз желкеден қадалған найзадай

шығармыз, жау тыныш ұйықтай алмас, ұйқы да бермес,..—дедім.

Душман жерінде ұйқы да душман деген Хожа Насреддин жолдас... Ұйқы

отменяется!—дей берді де, көзі әлденені шалып қалғандай, Самед ақырып қалды. Төбені

солқ еткізіп, батыс жақ бүйірінен бірінші снаряд та келіп қадалды.

Осыны айтайын деп едім...— деді Самед.

Жау снарядтары төбені гүрс-гүрс ұрып, жүйке тамырыңды бөріктіріп барады... Әлдеқайда

тұрған зеңбіректер мойындарын бізге қарай бұрып алып, боратып кетті. Тебе дір қағады.

Қадалмай кеткен бір снаряд жоқ сияқты. Биік тебені орнымен жұлып тастағылары

келгендей, бүйірінен түйгіштеп, іргесінен көтере ұрады. Топыраққа тұншықтырғысы

келгендей, таныс қара боран бұрқырап, жоғары ерлеп келеді. Қырғанның ұшар басындағы

немістердің өздері құйып тастаған тас қалпақ бекіністі оңай берер емес, зілдей басып,

табандап жатыр. Құлағың тұнып барады... Тары да дыбысты аузыңмен есітіп, дүмпуін

табаныңмен сезіне бастадың...

Бұл төбе бетке шыққан сүйел емес, ешкім аударып тастай алмайды. Гүрсілді

тыңдап тұрудың түк қызығы жоқ. Төменге түсіңдер!— дедім жолдастарыма.

Күзет пен бақылаушылардан басқалары төмен түсіп кетті де, Самед орнынан қозғалмады.

Жаяу әскер енді жақындай алмайды. Құлағыңнан айрыласың, темен түс!..

Мен қала тұрайын,— деді Самед.

Сонша гүрсілдің астында тұрсақ та, менің құлағыма бірдемені сыбырлап қана айтқысы

келетін сияқтанады.

Немене? Неге қаласың?

Танкінің қақпағы қозғалып қалды... Мына боранда қашып құтылғылары келеді.

Белінен шойырлып қозғала алмай қалса да, өртенбей қалған танкі әлі манағы орнында

тұрған. Зеңбірек шабуылы басталған соң, «елші» офицер енді жаяу қашуды арман ететіні

де даусыз. Екі жақтың, оғынан бірдей қорқып, оңай шыға жөнеле алмайтыны да анық.

Мен Самедке соны айттым, көп күтіп қаларсың дедім.

Стр. 230 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 229

Стр. 229 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 231

Қазақстанның ашық кітапханасы

Хожа Насреддин жалғыз тауығын қонағына асып беріп, жұмыртқаны өзі басып

шығарған...— деді Самед.— Мен де шыдап көрермін...

Жақсы...

Бізді екі сағат апар-топар төмпештесе де, бекінісімізге бір дақ түскен жоқ. Зорин әлсін-

әлсін ракета атқызып, айналаны бақылап тұр. Төрт жағымнан да тыныштық хабары келе

бастады:

Тоқталды...

Басылып келеді... тынды...

Бірақ біздің халдегі тыныштық қас қаққанның арасындағыдай ғана еді.

Жаяу әскер шабуылға қайта тұрды...

Теңіз жақ беттен жақындап қалды...

Жүгірді...— деген хабарлар біріне-бірі ілесе келіп жатыр.

Іргемізден ғана екі рет граната жарылғаны естілді.

Самед қой...— деп айтқанша болмай, Самед төменге келді.

Хожа Насреддин балапан басып шығарған!.. Готово деген!— деді Самед.—

Қараңғы болған соң, мені көрмес деп ойлады білем... Бір адам шықты, қозғалмадым. Екі

адам шықты, қозғалмадым... Үшінші шыққанда — иә, Хожа Насреддин дедім!..

Оның аржағы айтпаса да түсінікті еді...

Жан-жаққа атқан ракеталарымыз танкінің қасында серейіп жатқан үш өлікті де көрсетеді,

қабындап келе жатқан шабуылды да көрсетеді. Жүздеген көлеңке бір ұзарып, бір

қысқарып қалып, шұбартып бері жақындап келеді... Төбеге өрмелеп шығып, желкемізден

басқылары келеді.

Аюдай күркіреп, Петр жалғыз қимылдап жүр... Пулеметтеріміз қызып барады.

Батыс жақтан...

Шығыс жақтан...

Енді көріп отырмын деуге болмай қалыпты...

Қозғалма орныңнан!— дейтін белеске шығыппыз.

Оқ таусылып барады...

Қазір жеткіздірем. Қозғалма орныңнан!

Қарсы алдымнан жүзден артығы келе жатыр,— дейді Володя телефон арқылы.

Оғың жеткілікті ме?

Әзір бар...

Қозғалма!..

Наши рекомендации