Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 240

Стр. 241 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 242

Қазақстанның ашық кітапханасы

кезек жұмсап отырмыз. Бізге қарай лақтырған жау гранаталары да жақын түсе бастады.

Автомат оқтары төмендеп төбені сипай кетіп жатыр. Жабық бекіністердің бәрін тастап үш

сала болып келіп түйіскен траншеяның айрығына тақалып келеміз... Айрыққа жеткенде

соңғы қолма-қолға да кіргеніміз...

Самедтің қасындағы жауынгер гранатасын лақтырып қалды да, өзі де жыраның ернеуіне

шалқалай асылып барып, былқ етіп түбіне түсті. Төбесі қылт етіп қалған жау әскерін

Самед автоматының түбімен ұрып қалды.

Самед, шыда! — дедім. Төрт-ақ жауынгермен қалғанда осыдан басқа жәрдемім де

жоқ еді беретін.

Жаудың жаяу әскері солтүстігіміз бен оңтүстіктен төбенің иығына асылып алып, енді бір

аттап төбеге шыққалы тұр. Біз бес жауынгер екі жаққа қарап алып, төбенің ұшар басын

ғана қорғауға қалдық. Енді етекте не болып жатыр, төбеге қанша әскер өрмелеп келеді,

оны көре алмай кеттік. Жақындап келе жатқан теңіз бетіндегі айқас қана айқынырақ

сезіледі.

Бізді атқылап тұрған зеңбіректер де тына қалды, жаудың жаяу әскері де төбеге қарай лап

берді. Граната гүрс-гүрс жарылады. Пулеметтеріміз төбенің шашын алып жатқан ұстараға

ұқсап кетеді. Беліміздегі бір-бір гранатадан басқа қорымыз сарқылып барады. Енді

аянарымыз да, аярымыз да қалған жоқ.

Самед гранатасын лақтыра беріп шалқасынан түсті. Айналасында арадай ызыңдаған

оқтар, бырт-бырт жарылған граната сынықтары Самедті жауып кетіпті. Бет-аузы біреу

пышақтап кеткендей, қызыл қан, оғы таусылған автоматын құшақтаған бойы Самед

траншеяның түбіне түсті. Жүзі күлімдеп, тағы бір қалжың айтқысы келіп жатқандай...

Самед, Самед!

Самед үшін!

Петр үшін!

Капитан үшін!

...Төбеге келіп түйіскен траншеяның үш тармағында үш-ақ адам қалдық: Василий

Гришин, Владимир Толстов, Қайырғали Сарталиев... Вася, Володя, Костя... Былай санасаң

да үшеу, олай санасаң да үшеу... Жау әскері төбеге бір шығып алса, соңғы минут дегеніміз

онша ұзаққа созыла алар ма екен... Он шақты гранатамыз қалыпты, екі пулемет, оқсыз

қалған автоматтар... Темір қалпақ қылт етіп қалса-ақ, бір граната шығын болады. Жау

жағының гранаталары төбеге жиі-жиі түсіп, борс-борс жарылады. Бізді сақтап тұрған

терең ұңғылар ғана.

Осындай тығырыққа таянған кезімізде теңіз жақ беттен үртіс көтерілген «ура» естілді,

шаң-бораны еш нәрсені көрсетпесе де, «ура» есіп, күшейіп келеді.

Пулеметтердің кеудесінде жаны болса, суырып алып көзіне көрсетердей халге жетіппіз.

Оң, жақ білегімнен бүйі шағып алғандай болғанын мана сезіп едім, енді оң аяғым орнынан

қозғала алмай қалыпты. Етігімнің табанына толып жатқан сүлік түсіп кеткендей, әлде қай

бақайымның жеркенгені сезіледі. Білегіме бүйі әлі жабысып тұрғандай көріп, жеңімді бір-

екі рет сыпырып та қалдым. Бүйі түсер емес...

Наши рекомендации