Стр. 95 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 94
Стр. 96
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Тағы да бір күн өтіп кетті...— деді кемпір.
Біз әңгімемен отырғанда күн батып, қас қарайып қалған екен. Әлі де ағылып жүрген
машиналар мен арбалылар көпір алдына келіп тіреліп тұр. Машинадан түскен екі
жауынгер бізге келіп:
—
Жолдастар, көпірлерін, қайда? — деді. Көріп тұрғанын сұраған адамға ызаланып
қалатын Петр, атып орнынан тұрып:
—
Көрмей тұрсыңдар ма? — деді.
—
Жоқ, біз өткел бар ма деп сұрап тұрмыз.
—
Өткелді өткел деп сұрау керек. Өткел бұл жерде жоқ. Жұрттан сұраңдар. Қайда
барын білсеңдер, бізге де айтыңдар.
—
Осы арадан өтіп болмас па, тексердіңдер ме?
—
Бұл арадан өтем десеңдер қару-құралдарың мен машиналарыңды тастап, өздерің
ғана жүзіп өтесіңдер.
—
Жоқ, жолдас, қалжың деген жақсы-ақ шығар. Қару-құралды тастап кет деген жаман
қалжың! дейді, жөн сұрап тұрғандардың бірі.
—
Дұрыс айтасың, жолдас. Мен саған тастап кет деп айтқаным да жоқ!
—
Солай шығар!
—
Ие, солай!
Жосып жүрген машиналар, өте алмай қалған жаяу адамдар әлі кеп, жау қолы жақындаған
сайын көбейе де бермек. Өткел табылып, бүгінгі түн түгел біздің қолда болса талайлар
жан сақтап қалар еді де, талайлардың ар-намысы төгілмес еді. Әсіресе, арып-талып келе
жатқан бейбіт жұрт, көп азаптан құтылар еді.
—
Осы кезде Захаров өткелінің не күйде екенін кім білсін...— деді кемпіріміз ақырын
ғана.— Қалайда солай қарай беттеуге тура келер...
—
Қандай еткел, шеше? — дедім.
—
Захаров өткелін айтам... Естіген шығарсың, Захаров дейтін шұға фабрикасы бар,
бай адам еді. Осы арадан он бес шақырым жерде фабрикасы болды... Бай адамның іші
қандай тар келеді, жұрт қолына түсірмеймін деп, азамат соғысының кезінде өртеп жіберді.
Өзі ағылшындарға қашып кетті. Мыналармен бірге келе жатқан да шығар өзі! Фабрикасын
бір ағылшын ұстап тұрып еді, аяғында Катя дейтін қызын да берді соған...—деп, кемпір
ұзатыңқырап бара жатқан соң, мен тыпыршып:
—
Иә, сонымен?..— дедім.
—
Сонымен ол Кита болып кетті,— деді кемпірім,
—
Жоқ, өткел жайын айтам...
—
Ә, өткел ме?.. Өткел бар да. Фабрикасы өзеннің бер жағында болды да, жүн жуатын
жері ар жағында еді. Менің шалым, Степан марқұм қол қойып, ақша алайын деп барса
дым жоқ, тып-типыл өртеніп кетіпті.
Стр. 96 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 95
Стр. 97
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Өткел ме?
—
Жоқ, фабриканы айтам... Өткел қалды орнында... Астына тас төсеткен «тас еткел»
атанған болатын. Асты кейін құм-қайраңданып алған соң, барлық бала сонда шомылатын.
Биыл су кеп болып кетпесе, арбаның астына байлаған қара май шелекті шешіп алмай-ақ
өте беруші едік...— деді.
Енді кемпірдің айналасына бірталай адам жиналып қалды. Бәрі де көпірді қалай табудың
жайын сұрастырып жатыр. Кемпірдің өзін де машинаға мінгізіп ала кеткілері келеді.
Кемпір оларға:
—
Сіздер ілгері жүре беріңіздер... Мен де қуып жетермін. Өгіздерім он шақты күн
шөп шабуға салынған, жарау...— дейді.
—
Шеше-ау, өзіңіз неге көпірден етем деп, үш күн отырдыңыз осында? Өткелден етіп
жүре берсеңіз ғой, ендігі әлдеқайда боласыз! —дедім.
—
Жалғыз ба? — деді кемпір таңданғандай болып.— Мен жұрт қайда болса, сонда
болам да, балам.
Көпір іздеп жиналып қалған жұрт, өзенді жағалап өткелге қарай жөнелді. Тракторлар да,
кішкене танкылар да кетіп барады. Көпшілігі арбалы, машиналы жұрт. Зеңбірек үні
жақындай түсіпті. Таңертең алыстан күркіреген күндей күңгірт естілетін соғыс үні, енді
ашық естіледі. Айқыш-ұйқыш кездесіп қалған найзағай жарығы көрініп қалады.
—
Ал, шеше, енді жұрттан қалмаңыз. Сау болыңыз,— деп, өгізін жегісіп беріп,
кемпірді жөнелтіп жібердік. Кемпір жаралы қызды да алып кетті.
Қараңғы іңірде өзеннің арғы бетінен таныс белгі берген дауыс естілді. Штабқа жіберілген
жігітім екенін таныдым.
—
Көпір жоғын білесің ғой. Жүзіп өт! —дедім.
Бірдемені сындырып, бірдемені аударыстырып жатқан үн келіп еді, ұзамай, қайықпен келе
жатқандай, түрегеп тұрып есіп келе жатқан адам көрінді. Жаңада ғана қираған машинаның
төсек-тақтайын қайық қылып мініп алып, жауынгерім бері өтті.
Батальон командирі бізге қайт деп әмір етіпті. Бірақ ел білгенді біздің штаб та біледі екен
«көпірден он жеті
Километр жоғарырақ жердегі тас өткелді тексере қайт» депті.
Кездескен машинаның біріне мініп әлі бір қыр аспаған кемпірді қуып жеттік. Өгіздерін
ақырын ғана жайқап, кетіп бара жатыр. Енді бізге керексіз болып қалған азық-түлікті
кемпірге беріп, қош айтысып жүріп кеттік. Бәрімізді бір-бір сүйіп, кемпір қала барды.
Әсіресе, Володяны ерекше сүйді:
—
Жүрегің жақсы екен! Бақытты бол, балам!—деді. Әлде, кемпірмен тағы
кездесетінімізді сезінгендей, ешкім қоштасқан жоқ еді. Бұл жолы кемпірмен бұдан былай
кездеспейтінін тағы да айқын сезініп тұрғандай, жауынгерлер бір-бір ауыз жылы сөз
айтып, кемпірдің батасын алып жатқандай, ұзақ қоштасты.
—
Жолдарың оңғарылсын қарақтарым, бақытты болыңдар бәрің де. Көпір басында
біреуің аянған жоқсыңдар! Мен ылғи қандай батыр жігіттер деп, қуанып қарап отырдым!
— деді.