Стр. 192 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 191
Стр. 193
Қазақстанның ашық кітапханасы
Екі көшенің бұрышында шойын бағанға соғылып тұрып қалған жеңіл машинаның есігін
ашып, Петр қатал жекіріп тұр:
-— Шық бері, екі иттен жаралған үшінші ит! — дейді кіжініп...
Машинадан тоңқайып шыға берген біреудің арты көрінеді. Әзі күйіп-пісіп тұрған Петя
ондай қорлықты көтере алсын ба, шегіне беріп ауыр өкшемен теуіп жіберді. Енді сарт етіп
машинаның, арғы бүйіріндегі есігі ашылып кетті де, шаш кендірдей ұйпалақтанған сары
шашы дудырап, ұзын бір офицер етпетінен құлай жерге түсті:
—
Плен плен! — деді офицер. Осы сөзді көптен жаттап жүргендей, құлап жатса да өте
дұрыс айтып жатыр.
Қара шұбар киінген офицерге Петяның жаны қас. Біз «тоқта!» деп қалғанша болмай, Петя
офицерді автоматымен осып-осып қалды. Әлі де «плен» дегісі келіп, қыбырлап жатқан
офицер ернінен енді бұрқырап қызыл көбік көріне бастады...
Бұл қылығын ұната қоймағанымызды танып, Петр офицердің, қалтасынан қағаздарын тез
суырып алып, маған ұсынды. Мұнысы «атқаным фашист офицері, обал да емес, күнә да
емес» деп ақталған дағысы еді.
Офицердің, жаны қысылғанда да жан қалтасынан суырып тастауға қия алмаған бір
коробканы суырып алып, Петр Володяға ұстата салды:
—
Жақсы темекіге жаның құмар ғой сенің... Мә! Өзіміздің темекі!..
Коробка өзімізге таныс, кәдуілгі «Золотое руно»... Володя оны темекі деп қалып,
саусағының ұшымен ғана ала бергенде, салмақты коробка жерге түсіп кетті. Қақпағы
ашылып, екі алтын сағат, асыл тасты алтын білезіктер, сырғалар көрініп қалды.
Осындай бандитті офицер деуге бола ма? — деді Петя, енді біржола ақталған үнмен...
Қала әлі жанып жатыр. Кейбір дақ түспей сау қалған үйлерді көргенде таң қаласың.
Ондаған кешелерді аралап шықсақ та қала халқынан бір адам кездестірген жоқпыз. Көбі
ертерек басқа жаққа кеткен қалғандарын жау қолы қырып тастаған. Қара теңіздің
шығысындағы ең үлкен бекініске айналдырған қалада совет адамын қалдырмаған. Өрттен
кейін қара жамылғандай қап-қара болып жатқан үлкен қала, тұнжырап, түнеріп тұрған
үлкен үйлер бәрі де «кегімді әпер!» деп қатал бұйырып тұр. Қаланың оң жақ шетіне таман,
құлаған моладай опырылып жатқан тас үйдің тұсынан ете бергенімізде Володя маған бір
қарап қалды. Еш нәрсе демесе де, жолдасымның осы қарасынан жүрегім лоқсып
қалғандай болды. Ескі, бір қабат қызыл кірпіш үй...
—
Кіре кетейік, Костя...— деді Володя. Оның дір етіп қалған даусынан сенің
тұлабойын, дір етіп қалғандай еді. Бұл күнге дейін аузымызға алуға жасқанып келген
жайдың үстінен түсіп тұрғанымызды мен де сезіне қалдым. Әрине, мынау опырылып
жатқан үй осы Володяның үйі. Әке-шеше, туған-туысқанның қайда кеткенін Володя біле
алмай қой. Талай жазған хатына жауап қайтармаған қызыл кірпіш үй, міне, моладай құлап
жатыр... Үйінен кеткелі үш жылға айналған жас жігіт туып-өскен ұясына кездесіп қалып,
күл-талқан болған үстінен шығып тұр. Ата-анасынан соғыс басталғалы хабарсыз. Ата-
анасы болса, баласынан олар да хабарсыз... Бала міне, ойран болған ұясын көріп:
—
Кіре кетейік, Костя...— дейді. Ол біздің үйге кіре кетейік деп тұрған жоқ па? Бірақ
кіре кететін еш нәрсе жоқ. Үйдің төр бөлмесінде бір қабырға сау қалыпты. Құлаған
кірпішке белшесінен батып, қара сырмен боялған дөңгелек пеш те орнында тұр.