Стр. 28 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 27
Стр. 29
Қазақстанның ашық кітапханасы
Моисеевичтің аузынан шыққан темекі түтіні соған ұқсайтындықтан біз оны «станция» деп
атап кеттік.
Бала кезіңде әрбір ерекше мінезге еліктегіш келесің. Бір күні үш бала темекі тауып алып,
«станция» болып отыр едік, жұмыстан Шеген келіп қалыпты. Шеген шаңымызды қағып,
«станцияның» быт-шытын шығарды.
Содан бері біз бухгалтерге біржола өш болып алдық. Ол келсе-ақ, айнала тұрып, аңдып
жүреміз. Бірақ, бастығымыздың оған қарсы түк айта алмай, мойындай беретінін көріп,
бастықтан гөрі бухгалтер дырау болар дейміз.
Балалар үйінің бас хозяйкесі Мария Викторовна ақ көңіл, салдыр-салақтау, бейғам адам.
Бір баланың жүзін жыртпайды. Біз ол кісіні жақсы көргендіктен Мария апай деп кеттік.
Мұнымызға өзі де ырза сияқты. Түнде біраз уақыт ортамызға келіп отырып, әр түрлі
ертегі айтып береді. Жалғыз айыбы біздің жақтың Күсепқали, Сағынғали, Темірғали деген
аттарына тілі келе бермейді де, бәрімізді Костя, Саша, Тимур етіп жіберді.
Қазір Мария апай шолақ ақ тон киіп алып, шашы дудырап, қораның ішінде жүр. Түсінде
бір кірбіңі бар.
Халдың қайғылы жағын баса суреттеп, шағым зарын молайтыңқырап айтты:
—
Қолымыз босаған күні бар ма еді?! Жұмысымызда мін бар ма еді! Әр кезде күн
демей, түн демей, осы бір ұяның, көркейе беруін ойлайтын едік... Енді мынау, мұндағы
балалар үйін жауып, сендерді Оралға көшіретін болыпты,— деп, жыламсырап барып
тоқтады.
Шеген әуелі Мария апайдың мұңына қосылатындай, мүлгіп тыңдап тұр еді. Бір кезде,
күтпеген жерден қатал бір сөздер айтып тастады.
—
Жұмысты жаман істеген әрине, жаман. Бірақ жұмысты жаман істеп жүріп, жақсы
істеп жүрмін деу одан да жаман! Жұмысты жаман істегенін өзі де біле отырып, құлағына
қол апартпаса, оның аты қылмыс! — деп, қызыңқырап барып бір тоқтады да:
—
Не мініміз бар еді, күні-түні осы бір ұяны көркейте беруді ойлайтын едік, дейсіз!
Осыныңыз дұрыс па, өзіңіз ойлаңызшы. Не үшін бізді Оралға кешіріп жатыр! Оқу
жабдығы әлі әзір емес. Бес мұғаліміңіз жетпейді. Мен сізді кіналамаймын. Бірақ
басқалардың енжарлығына бекер араша түсесіз... Оқу басталатын уақыт өтіп барады,
бұған не айтасыз? — деді.
Ұямыздың хәлі олпы-солпы екенін ересектер түгіл, жас балалар да түсінетінбіз. Бірақ бір
жағынан Шегеннің өжеттігіне қызыға қарап тұрсақ, екінші жағынан Мария апайды да аяп
кеттік. Мария апай Шегенге қайтарарлық дәл жауап таба алмай:
—
Енді қайтуға болады? Қыс мынау, келіп қалды... Бухгалтер анау, қайда жүретіні
белгісіз... Құдай ұрғыр төрт жерде қызмет істейді,— деді.
—
Олай болғанда, туған жермен қоштасатын боламыз да? —деді Шеген.
—
Солай болғаны да... Таңертең үш машина келеді. Жүресіңдер...
Бораш жиналу жабдығымен үйде қалды да, Шеген екеуміз таныс жерлермен қоштасып
қайтуға қалаға кеттік. Шегенге еріп, жүгіре-жүгіре мен де сайтанның отын ала қашатын
қазды аяқ болып алғамын. Екеуміз дем алмай жүгіріп, базарға келдік. Біресе жаңбыр
себелейді, біресе қар