Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 172

Стр. 173 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 174

Қазақстанның ашық кітапханасы

әлі тірі болғанмен арт жағы темір табанның астында еді. Бір кезде, бар күшін бойына

жинап, жиырылған Москва бұл күндерде шірене серпіп, майдан етегін батысқа қарай

желпіп жіберген.Жаңа жылды біз майор фон Крюгердің штабында өткіздік, яғни жаудың

штабында өткіздік... Бұрынғы паңдықтан баяғы әсемдіктен айрылып қалған алты офицер

бір жерге' ғана ұйлығып, шамасы келгенше сыпайы отырды да, біз дайын тұрған арақпен

жаңа жылды қарсы алдық.

Солдаттардың тым құлдырай құлап бара жатқан рухын көтеру үшін майор Крюгер жаңа

жылды қарсы алуға ақтық өнерін салған екен. Фашизм армиясы Кавказ белуарынан төмен

құлағанда, солдатының, рухы бірге құлағандығын біз әр түрлі белгіден танығамыз, Солдат

рухы деген ең күшті қару ғой, ол қолдан түсіп кетсе, автомат оның орнын баса алмайды.

Әлде бұл ақтық көрер жаңа жылы боларын сезінді ме, әлде шығыс майданы ұзамай қайта

күш алады деген жоғарғы жағының ағаш жағалтайларына сенді ме, әйтеуір, бізді кернеп

тұрған ашу мен ызаны қайната түсейін дегендей, Крюгер мырза жаңа жылға көрнеу ерсі

әзірленіпті.

Күн батысымен-ақ қызылды-жасылды ракеталар айсыз аспанға шапшып атылып,

қызылды-жасылды жарқырап оқтар жұлдыздай ағып бір тоқталған жоқ. Өздерінен бұрын

оқтары мас болғандай, тап бермеген келіп тақалып тұрған бізде оқтарының да жұмысы

жоқ, аспанды шимайлап, есірген сонадай жоғарыда зуылдап жүр.

Кеше бұлар «Катюшаның» қосарлана, қанаттаса соққан отынан ыршып етекке түсіп еді.

Қосақтала-топтала, жалт-жұлт ұшқан «Катюшаның» оқтары кең көкжалдың үйіріндей

жөңкіліп, жосылып бергенде, бет қаратқан жоқ. Бүгін, міне, мәз-мәйрам, жаңа жылды

қарсы алудың от жалынды белгілерін беріп жатыр. Мұндай мінезге қашқан армия түгіл,

қуып келе жатқан армия да бара бермейді.

Жаудың мұндай мінездеріне ызаланып кететін Петя сол әдетінше:

Бұлары мазақ па, өжеттік көрсету ме? — деді кіжінгем үнмен.

Менімше тұтқынға түскілері келеді. Әйтеуір құтыла алмайтындарын білген соң,

мейрам күні тұтқынға алынған, ашылған абыройды мастықпен жапқылары келеді. Бәс

тігем осыған!— деп Володя өршеленді. Мeн екеуіне де қосылғым келмей: Бұл румын,

венгер бөлімдері емес,— дедім.

Иә, нағыз ақ кірпік фашистердің өз дивизиясы, мынау майор Крюгердің штабы.

Онда қалай деп ұғынасыз?

Іні осы лай таласып тұрғанда қасымызға Ревякин келіп қарамалап айтты:

Күндізге дейін жеңіспен келеміз деп білетін мына бір күнде өзгере қалмаған шығар,

жолдастар. Жау қолына жаппай толқу кірген жоқ әлі,— деп, қортынды ретінде бір пікір

айтып аз кідірді де:— Берлин биылғы жаңа жылды былтырғыдан гөрі де басым

арандамақшы. Сталинград алынды, Кавказға табанымды біржола тіредік деп Геббельс

суайт күнінде үш рет жоқ па!.. Крюгер мырза жаңа жылды солай, «жеңіспен»

мейрамдамақ болып келеді.

Ие, өздері үшін предательство.

Түннің қоңырлана түсуің мейрамның қыза түсуін күтіп, Кавказдың кеп қалтарыстарының

бірінде отырған жауынгерлер біраз уақыт предательство жайын кеңесіп кеттік. Біраз

қауымдар үшін бұл өте көп жасағандықтан ескіріп, тозған түсінік екен. Көп

Наши рекомендации