Стр. 154 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 153
Стр. 155
Қазақстанның ашық кітапханасы
тапсыра салған телеграмының қандай хабар әкелгенінде жұмысы да болған жоқ. Билеп
жібер дегенді де әшейін әдет бойынша айтқан екен.
«Сүйемін — тчк,.. Гурьев— тчк» деген таныс тіркеулері" не қарап телеграмның
Ақботадан екенін таныдым. Балалар үйіндегі ескі әдет бойынша, ішімнен «қуаныш үстіне
қуаныш!» деп тұрып ашып қалып ем, тап осы үйдің алдына жау снаряды түскендей,
жүрегім солқ етіп қалды.
—
«Бүгін майданға жүріп кеттім, адресімді үйден білерсің, апама жіберермін»,—
депті Ақбота.
«Адресімді үйден білерсің, апама жіберермін» деген сөздер, әрине, жылы тиеді Ақбота
екеуміз бір үйдің адамы болып қалған сияқтымыз. Бір үйдің адамдарының мұндай түрін
бұрын көрмесем де іштей бірталай ұқсастық тапқандай болам. Бірақ жауын мен желдің
командирі, жылы мен суықтың начальнигі майданға не үшін тартып кетті екен? Бұрын
мен барлық хаттарымның басына осы сияқты ұлықтаулар қоюшы едім, бұдан былай кім
деп атамақпын? Кім болып кетті екен? Жолдас автоматчик деп жазам ба, болмаса, жолдас
пулеметчик деймін бе? Тоғыз емес тоқсан торапты соғыс жолдарының қай тарауынан
іздер екемін енді?..
Бас дәрігер асығыс басып кіріп келді де:
—
Міне қорытындымыз... Енді боссыз, оң сапар болсын! -—деп, бір тарақ.қағазды
қолыма ұстатты да, артынан ере келген әйел дәрігерге қарап:
—
Операция столына Кубышкинді салыңыз! — деді.
Ертең ертемен Вася екеуміз сауыққан жаралыларды
майданға жөнелтіп тұратын жерге келдік. «Жел мен жауынның командирі жау төбесінен
найзағай түсірем деп кетті ме екен құйын соқтырам деп кетті ме екен?» деген ой әлі
арылмай бірге келе жатыр. Ақботаға әрі риза, әрі наразы сияқтымын. Азамат борышы
дегенді есіме алғанда риза болып келе жатамын да, ерлі-зайыпты болған жағымыз есіме
түсіп кеткенде ешбір салтқа сыйғыза алмаймын.Қазылған жаралыларды майданға
жөнелтіп тұратын жердің комиссары аға политрук Тарасенко деген жігіт кеп. Мен одан өз
бөліміме қайтаруды қадала сұрап, себептерімді айттым:
—
Өз бөліміңе қайтуды сұранудың себептері таныс қой сізге. Бірімізге-біріміз .жан-
тәнімізбен қарыздар болып кеткен бір топ жауынгер едік. Көрер түсіміз бөлек болмаса,
ұйқымыз да бір еді. Осы бір қырсық кездесіп, жараланып қалмағанда, ендігі партияға
алынбақ едім. Достасып кеткен жолдастарымнан айырмай, өз бөліміме жіберсеңіз екен —
дедім. Сезімді білдірмейін деп, ойлап келген ойымды бір-ақ түйдек етіп, тез айттым.
Тарасенко мені кегалжім кезімен бір ғана шолып етті де:
—
Қайда болса да өзіміздің .белім емес пе,— дей салды.
Емделуде жүргенде едәуір айырылыңқырап қалған әскерлік әдеттерді бойыма қайта
жинап, денемді ширатып алдым. Балтырымнан бастап ширатылып келе жатқан бұлшық
еттер киім біткенді кернеп бара жатқанын сезем. Сымдай тартыла қалу әскер үшін
мақтаныш емес, тәртіпке жатады. Гвардиялық дивизияның солдаты белгісінен ғана
танылмай, әскерлік мүсінінен де танылуға тиісті.