Даосизмнің онтологиялық, моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары
Дао, бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.
Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз: «...мәңгілік, ол өзгермейді, бітімсіз, танылмайды», - дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен, ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз: оның аты жоқ. Ол - еш нәрсе, бейболмыс. Дао - бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.
Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан алуан заттарға келер болсақ, олардың әрқайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар уақытпен шеңберленген, яғни бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.
Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы «Де» деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса, Де оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін кұрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, «Дені» бағалайды.
Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.
Дао – мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра, оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер сияқты, Дао өзінің бойына Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, қайтадан өз бойынан оларды тудырып отырады.
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары
Даосизмнің моральдық ілімі Кун-фу-Цзы іліміне қарама-қарсы. Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігі қағидасын сынға алып, олар оны «мен - саған, сен - мағанға» теңеп, «оның ешқандай моральдық мәні жоқ, тек қана пайда табушылыққа итереді» деген ойды айтады.
Даосизмнің этикалық идеалы - жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам - ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан даостардың ізгі адамы еш нәрсе жасамай жеңіске жетеді. «Күреспей-ақ жеңіске жетеді», - дейді даостар.
Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан карап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап, өздерінің қартайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.
Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір айтады. Өйткені әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.
Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше, «ең жақсы елбасын, яғни тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және көтеретін елбасы - екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын елбасы келеді. Егер халық елбасынан жиіркенсе - онда ол ең жаманы».
Даосизм елдің әділеттік аркылы басқарылатынын, соғыстың қулық арқылы жүретінін айтады. Елді басқару дәрежесіне көтерілу еш нәрсе жасамау арқылы болмақ (У.Вей заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау). Егер елбасы еш нәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық орнап, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ үкімет неше түрлі іс-әрекетте болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.
Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкаппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді. «Ең бақытсыздық - өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік - асқан байлыққа жетуге ұмтылуда».
Даостар - соғысқа қарсы. Соғыста болған жеңісті мадақтау -адамдарды өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі басшы көршілермен тату тұруға, егер қайшылықтар пайда болса, оны бейбіт түрде жол беру арқылы шешу керектігін айтады. Сондықтан қашанда соғысты бірінші болып ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.
Джайнизм ілімі
Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.Джайнизм (Джина – жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира Вардхамана (б.д.б. ҮІ).деген ойшыл болған.Джайнизм ²жеңіс² деген сөзден шыққан.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар – тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу – нирджара, жанның денеден құтылуы – босау.Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі – святвада (свят – белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар..Джайнизм ілімі- солтүстік шығыс Үндістанда пайда болып, кейін бүкіл ел аумағына таралды. Ұзақ жылдар бойы ауызша түрде таралды. Б.з. Ү ғасырында жазбаша каноны құрастарылды.- Адам мәні материалды (аджива) және рухани (джива) негіздерден тұрады. Екеуін байланыстыратын карма болып табылады. Карма арқылы жан материямен байланысады. Өлі материяның жанмен қосылуы индивидтің пайда болуына әкеледі. Карма адам жанын қайта туылудың шексіз тізбегінде болуын қамтамасыз етеді.- карманың сегіз түрі бар: зұлым карма жанның негізгі қасиетіне теріс ықпал етеді. Қайырымды карма адам жанын қайта туылу айналымынан сақтайды. Адам зұлым және қайырымды кармалардан құтылғанда ғана, сансара торынан азат болуына мүмкіндік туады. Джайнизм ілімі бойынша адам рухани мәнінің көмегімен өзінің материалды мәнін қадағалайды және оны басқара алады. Жанның карма мен сансара ықпалынан азат болуы, тек тақуалық өмір кешу және қайырымды істер жасау арқылы қол жеткізеді. Содықтан да, Жайнизм ілімі этикаға ерекше мән береді.- Жайнизмде «үш асыл» туралы ілім бар, олар: дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс өмір сүру. Алғашқы екі қағида Жайнизм іліміне деген сенім және осы ілімді білуге қатысты. Ал дұрыс өмір тақуалық өмір сүрумен байланысты.- адам тек өзі, ешкімнің көмегінсіз құтқарылуы керек. Адам өзін құтқару үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек, олар:
Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық таныту;
Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;
Астья – ұрлық жасамау;
Ахимса –еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.Дайнизмде- екі бағыт қалыптасты: дигамбарлар (киінуді мойындамайтындар) және шветамбарлар (ақ киімділер