Стр. 24 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 23
Стр. 25
Қазақстанның ашық кітапханасы
Бөлмеден барлық балалар үйінде болатын дәрі-дәрмек иісі келеді. Төбеде шатынай
жарқырап электр шамы тұр. Бұл күнге дейін қала оттарын алыстан ғана көрсем, енді, міне
қасында отырмын. Біздің ауылға алыстан қол бұлғап жымың қағып, шақырып тұратын
қала жарығын жақыннан көріп отырмын. Мүмкін, мен ауылда осы шамның жарығы
жетелеп әкеткен болар. Несі бар, бұл да мүмкін...
Менің ендігі бақылап отырғаным, осы шам таң, атқанша жанып таусылар ма екен деп
ойлаймын. Бірақ жанған сайын жарығы күшейе түскендей болады. Мен орнымнан тұрып,
төбеде тұрған шамды айнала бір қарап шықтым. Үрлеген қозықуықтай ғана шыны екен.
Тоқыма бауды маңдайшадан шегелеп, бір ұшын салбырата қойсаң апы... Содан соң
қозықуықты іле сал... Ауылда тоқыма бау аз ба, қаланың қай жері болса сол жерінде
шашылып жатқан шыны аз ба!..
Е, мұның өзі онша қиын емес екен... Әй, қарамұрт-ай, қалаға келіп жүргенде тым болмаса
осының бірін ала келсе ғой, ауыл әлдеқашан жарқырап кетер еді!»—деген ой келеді.
Кейін ауылға қайтқанда ең алдымен тап осындай сөнбейтін, жанған сайын күшейе беретін
шам ала қайтуға серт еттім. Қалада жанған от ауылда жанбайтын несі бар? Апам бау
ширатып береді, мен қаладан бір арба қылып шыны алып қайтам...
Үйдің қабырғасында, төңкеріп қойған кішкене шашкеге ұқсап, тағы бірдеме жабысып тұр.
Шам жарығына күмістей жарқырайды. Бұл не екен? Дәл ортасында кішкене ғана мүйізі
бар... Шашкеге қолымды апарып, сипап қарап ем, еш нәрсе де болған жоқ. Шіркін,
осындай ойыншығың болып, қалтаңа салып жүрер ме едің!.. Балалар жиналып ойнағанда,
біреуі сақасын көрсетіп, біреуі бір ескі сағаттың дөңгелегін көрсетіп мақтанғанда, сен
қалтаңнан мынаны суырып алсаң!..
—
Бұл не, әй, бұл не, әй! —дейді ғой, балалар жабырлап.
—
Мұны әкең де көрген жоқ! — дейсің де, қайтадан қалтаңа тығасың.
Содан кейін сенімен тамыр болмайтын бір бала қалар ма? Ақбота қандай қызығар еді!
Ақбота қызығып сұрай қалса, берер ме ем, бермес пе ем? Қиналып-ақ берер ем..
Бір қызығы, мен қала жарығын ауылға апарып орнатқанда да тек қана өзім теңдес балалар
алдында мақтану үшін орнататын сияқтымын.
—
Қашып кетті деп күлуші едіңдер, не алып келгенімді көресіңдер ме? — демекшімін.
Әрине, бәрі де жым болады.
Осы ойлармен тұрғанда, қолым қабырғадағы ойын» шықтың қай жеріне тиіп кеткенін
білмеймін, лып етіп, шам сеніп қалды. Әлдене тырс еткендей болды. Әуелі шам сөніп,
содан кейін тырс етті ме, болмаса, әуелі тырс етіп қалды ма, ол арасын аңғара алмай
қалдым.
Есік сыртынан:
—
Неге сөндірдің? — деген еркек даусы келді. Содан кейін бөлмеге біреу кірді де,
тырс еткізіп қалып еді, шам жанды. Ол балалар күзетшісі, сары сақалына ақ кіргендіктен
балдыр басып кеткендей қарт адам екен.
Ата жаңа жарық қайда қашып кетті? —дедім.
Қайда қашушы еді? Сен сөндірдің. Немене, мені алдағың келе ме! - деді азғана ызғар
көрсетіп.