Жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп,зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы — тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын — ағалардың кейінгі толқын — інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзкдрасы қалай? "Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқгы олар да күдікпен үрке карап жүрген жоқ па? Бүгіңде шу тарткан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше қандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі — бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?
Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, ег-жей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы түста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. — бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей~ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.
Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар "жарқын болашақ" — коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас кұндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас ұрпақгың рухани әлемі еңбек үстінде қалыптасты. Ұжымдық өмір қауымдастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.
Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы отряды, анағұрлым белсенді және саналы бөлігі комсомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік тұрғыдан енжар, әлі ұйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты. Е.М. Бабосов пен М.Х. Титма атап көрсет-кеніндей, қоғамдық белсенді топ өз қатарына тартатын жекелеген жеткіншекке мынадай талаптар қоятын: талапы тапсырмалар алып отырады (бір немесе бірнеше), қоғамдық-саяси жұмысты және қоғамдық істі бәрінен де маңызды деп санауға тиісті. Ал әлгі енжар, сүлесок жастардың тұрақты қоғам-дық тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғамдық-саяси өмірдің бары да, жоғы да бірдей еді .
Жастардың моральдық бет-бейнесі ең басты шарт еді, әлеуметтік деңгейдің өлшеміндей бағаланатын, қоғамның бар сипатындай көрінетін. Сол жылдар-дағы жастар өздерінің еңбегі неғұрлым жемісті болса, соғұрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен ұғынатын. Ұжымдағы өзара көмек, сыйластық олардың адамгершілік өресінің аса маңызды көрсеткіші тұғын. Социалистік қоғамда жас адамның тұлға ретінде қалыптасуы — кісінің ұжымдық форманың кең дамуын және оның тікелей ыкпалы жағдайында қалыптасуы шамамен осылай еді, мұның өзі оның кісілік келбетін көрсететін,
Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екені белгілі, Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың "рухының беймазалығы", болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін "өзімшілдігі", ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл деген — көк дөнен, өз ерік-жігерінен қиялы ұшқыр.
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондыктан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында "өмірді түсіну түйсігін жоғалту" деп ата-латын дерттің тез таралуы туралы кәдімгідей алаңдаушылықпен дабыл қаққанды. Сол жылдары американдық журналдың бір санында осы тақырыпқа әр қырынан келген 200 сұхбат негізінде АҚШ жастары мен студенттерінің Декларациясы жарияланды. Содан үзіңді: "Біздің ең бір қиын проблемамыз — қоғамнан өз орнымызды табу, Бәрі сендердің болашақ туралы мазасыздануларыңның жөні жоқ: білімдісіңдер, таланттысыңдар деп иландырады. Бірақ қоғамның бізді шеттеткенінен емес, сол қоғамды біз қабылдай алмаймыз ба деп қорқамыз..." .
Сексенінші жылдары Батыста жастардың әлеуметтік қарсылылығы саябырси бастады. Оны тек босқа шабылудан шаршау және 60~70~жылдардағы жеңілістерден қөңілдері қарадай қалып, түңілуден немес еңсе басқан еріншектіктен ғана деп қарау жөн емес, ол қоғамға тән қажеттіліктің жоқтығынан, әйтсе де, бәрінен бұрын, күллі жүйедегі бұрынғы күндылықгың алмасуынан. Ядролық соғыстың жүйке тоздырарлық болашағы мен экология-лық апат жер-жерде сарыуайымшыл көңіл күйдің етек алуына себеп болды.
"Менің зауытым!", "Менің бригадам!" — бұл Совет жастарының асқан шабытпен айтатын сөздері еді. Жұмысшы табының, ұжымшар шаруаларының сапында жүргенін мақтаныш ету, өзі қалаған кәсіпке деген сүйіспеншілік әрбір жас адамның парызы болды. "Біздің елімізде мемлекет пен қоғамды басқару істеріне барша мамандық пен барлық жастағы еңбекшілер аса белсенділікпен қатысады. Комсомолдар мен жастар үлкен істер тындыруда... Біз бұдан былай да барлық істе жасампаз жастарға бұрынғыдан да бетер арка сүйейтін боламыз, оларды лениндік халықгар достығы, советтік патриотизм, Отанымыздың кез келген тапсырмасын орындайтын рухта тәрбиелей береміз" [3]. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың осынау сөздерінде әрбір жас жігіт пен қыз өздеріне деген қамқорлық пен қолдауды; сондай-ақ қоғам алдындағы және өздерінің бір-біріне деген жауапкешілікті; талап-тілекті анық сезінетін еді. Бұл асыра бағалау емес, ол жылдардың ақиқаты.
Бүгінгі жастарға, олардың ата-аналарына қарағанда, әлдеқайда қиын. Батыстағы замандастарына көбірек еліктейді, кертартпа ақпарат ағынына әуестігі басым, Батыстың әуейі саздарының, "ужас", "боевик" кинофильмдерінің ықпалы зор — мұның бәрі идеологиялық қысым, оның қүдіреттілігі сол — албырт та аңғал жастардың санасын улайды. Осы арада мынадай сұрақ туады: көптеген жас Батысқа еліктейді, Батыс несімен қүдіретті? Оған табына еліктейтіндей жігіттер мен қыздардың осал тұсы неде? Сайып келгенде, Батыста қайдағы бір рухсыздыққа альтернатива ретінде өмірлік мүдделері қара бастың қамынан аспайтын жүйеге қарсы на-разылық ретінде, жастар қозғалысы мен жастардың контрмәдениеті пайда болды. Социалистік жүйе өзінше ондай наразылық қозғалысын өткізе алмады. Кез келген елдің заңы, оның ішінде социализмге де жат емес, өз бетінше бірдеме жасай қоюы екіталай болатын, ондай шаралар адамдардың нақты істері арқылы ғана жүзеге асатын, ал ол адамдар — үлкендер, жастарды былай қойғанда, сол үлкендердің өзі аталмыш мәселеге өз түсінігі бойынша қарайтын [4]. Балалар, жас жеткіншек әлеуметтік мұратты, ең әуелі, ата-аналарынан қабылдайды. Қанға сіңген қасиет бар, әке көрген оқ жонып, шеше көрген тон пішетінін ескерсек, қорғасындай балқып тұрған жастың қалыптасу барысында қырық құбылатыны анық. Комсомол ұйымдары мен тәрбиенің алтын ордасы — мектеп жат пиғылды жастар санасына сіңірмеу үшін әкімшілік жолмен және даңғазалау ұрандармен тоқтатуға әрекет жасап бақты. Өскелең ұрпақтың тегіне, ұлттық табиғатына, болмыс-бітіміне ден қоймады. Советттік "жаңа адам" тәрбиелеудің комунистік идеологиясы ұраншыл патриотизмге жол беріп алған еді.
"Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Тәрбиелік мәні де, философиялық салмағы да мол қазақ мақалынан ой тарқатар болсақ, бауырындағы бала-панына жөн-жосық, өнеге көрсете алмаған ата-ана уысынан баланың қалай шығып кеткенін байқамай да қалады. Өмірді көруге, білуте қүштар жас басқа бағытты, басқа құндылықты тез қабылдайды. Мұның өзі де үлкендер әлеміне қарсы жасаған жастардың наразылығы.
Қазір жас адамдар бір кездері ата-аналары пәлендей бой алдыра қоймаған ақшаға әуес, тіпті мол ақшаны жақсы көреді. Бұл арада, сірә, пәлендей сөлекеттік те жоқ. Әйтсе де, бір жағынан, көптеген жан сол мол акшаның көзін маңдай ақы, адал терден емес, мамандыққа ие болу арқылы табуға бейім, бұл алаңдатпай қоймайды. Тағы да еріксіз еліктеу мәселесі алдымызды орағытады, өйткені Батыста әркімнің жеке табысы тікелей әлеуметтік статусына парапар, қаршадайынан осыны көріп, біліп өскен бала өмір өзегіне айналған шындықтан аттап кете алмайды. Бүгін Батыстың осы психологиясы біздің жастарымыздан байқалады, уақыт озған сайын бұл олардың санасынан берік орын орын алып келеді. Мамандықтаңдау өзінің бар қабілет-мүмкіндігін, тіпті талап~талғамын жүзеге асыру принципі бойынша емес, керісінше, қайда ақыны көп төлесе, сонда ұмтылады. Сондықтан да оған таңқалуға болмайды, олар педагог, дәрігер, сондай-ақ әлеуметтік саладағы ма-мандықтарға қарағанда шаштаразды, даяшы, менеджерді әлдеқайда жоғары бағалайды, тесік қалтадан гөрі бақыр толы бүтін қалтаны артық көреді.
Қалай болғанда да, жастардың бір толқынынан екіншісінің өзгешелігі неде? Өмір тәжірибелерінің артықшылығы қайсы? Ең басты өзгешелігі, сөз жоқ, ұрпақ психологиясына, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық жүйесіне, әрине, оның әр түрлі кезеңіндегі нақты даму артық-шылықтарына тікелей байланысты.
X. Шельски XX ғ. жастарының тарихи үш толқынын даралап көрсетеді. Оның ойынша, біріншісі — романтикалық. Бар болмысы идеалистік филосо-фияға негізделген бұл ұрпақта ең әуелден адамға тән ақыл-парасат, ізгілік және түсіністік қасиеттер басым болды. Екіншісі — уайымшыл деген шартты атқа ие болған ұрпақ. Жастардың бұл толқыны әр түрлі саяси бірлестіктерде, қозғалыстарда, партияларда өздерінің құқықтарын қорғау үшін саналы түрде бірігіп, алға қойған мұраттарын жүзеге. асыруға ұмтылды. Соңғы, үшінші ұрпақ — қоғамдық мұраттар мен құндылықтарға деген сенімсіздікті бойына сіңіріп өскен күдікшіл ұрпақ [5].
Ұрпақ жөнінде едәуір кең көлемді теория ұсынған ғалым — Хосе Ортега-и-Гассет. Оның ойынша, бұқара мен жеке адам арасында ымырашылдық бар; қандай болса да биологиялық бастаудан айырылған мүдделестік бар. Ортега тарихи ұрпақ деп атақгы адамдардың атымен атайды, ұрпақ жалғастығын 15 жылмен есептейді. Ұрпақтың даушарғысы дәстүрлі рухани құндылықты жойып, өркениет пен мәдениетте қатер төндіреді-мыс. Ортега-и-Гассет қоғамды мырзалар мен бағыныштылар, яқи мықтының айтқаньша көніп, айдағаньша жүретіндер деп бөлу көзқарасын-да тұрғанын ашық мәлімделді. Адамдар табиғаты жағынан бірдей емес деген байламға келеді [6].
Бір кездегі немесе осы заманғы жас толқын өмірдің ең шешуші позициясына шықты деген сияқты шамамен ұрпақ аражігін білдіретін схемалық кезең-кезеңге бөлу үрдісі бар.
Осы кезең-кезеңге бөлу үрдісіне сай, біріншісі — революционерлер ұрпағы, бұлардың өмірі 1905 ж. революциямен, азамат соғысымен, социалистік құрылыстың басталуымен тікелей байланысты. Екінші ұрпақ — XIX ғ. 90-жылдарында туғандарды құрайды, олардың өмірі Қазан революциясына және азамат соғысына катысу кезеңдерімен айқындалады, жастық шақтары ¥лы Отан соғысының ауыр жылдарымен сабақтас. Иңдустрияландыру және ұжымдастыру — әлеуметтік белсенділіктің шыңы. Үшінші ұрпаққа шамамен 1910 жылдан 1929 жыдды қоса есептегенде туғандар — Совет өкіметі тұсында өсіп, тәрбиеленген жандар жатады, Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау жылдары, қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі солардың екіншісіне тиді. Төртінші ұрпақ — 30-шы және 40-шы жылдары туғандар. Олар тың жерді игеру және алғаш ғарышқа ұшу жылдарында қалыптасты. Субъективизм, жеке басқа табынушылық, қоғамдағы күрделі саяси және экономикалық өзгерістер - олар, міне, осындай өмір кезендерін бастан кешірулеріне тура келді. Бесінші ұрпақ — 1950 ж. кейін туғаңдар [7]. Бұл — жастарды шаруашылық және мәдени құрылыс жоспарьш жузеге асыру жолындағы күреске жұмылдыру жылдары. Бүгінгі жастар — алтыншы ұрпақ. Тұзы жеңілдеу, өйткені рухсыз, барлық құндылықтан жүрдай, тек техникалық жетістіктерге ғана малданып отыр деп текке жазғарады. Барға бөлену — ойсыздыққа, парықсыздыққа, білімсіздікке, көргенсіздікке жетелемейді. Қайта алаңсыз ізденуге, білім іздеп, өнер қууға мүмкіңдік береді. Рас, бұған дейінгі ұрпақтардағы өмірлік, әлеуметтік тәжірибе, ақыл-парасат бұларда жоқ шығар, бірақ бұл жастардың ешкімге ұқсамайтын саналығын, өз ой-пікірімен жүріп-тұратындығын, максимализмін жоққа шығаруға болмайды және оны алдыңғы буынға қарсы қою жараспайды. Олардың қарым-қатынастарындағы әлдекімдердің ізімен жүргісі келмейтін "өзімбілемдіктеріне" күдікпен қарау да ойлануды қажет етеді.
А.И. Афанасьева былай деп атап көрсетеді: "Мирасқа қалғанды әрқашан жалғасын табу үшін не қалды деп ой елегінен сын көзбен өткізу, оның құндысын іріктеп алу, алғаныңды жаңаша іске асыру керек және т.б. Ендеше, ұрпақ сабақтастығы объективті байланыс бола тұрып, сонымен бірге ұрпақтардың саналы түрдегі қызметі қосатын субъективті жағдай да болады" [8].
Ұрпақ алмасуына орай қоғамдық санадағы өзгеріс үлкендерді мазаламай тұрмайды. Қазіргі жастар, сөз жоқ, қоғамдық өмірде батыл да ашық, алайда оларда тәжірибе және сабыр жетпейді, өткеннің тәжірибесі көп еңбектене отырып үйренуді қажет етеді. Бүгінгі танда жастарда бұған дейінгі тәжірибені толық меңгеру үшін уақыт бар, өткеннің сабақтарын үйрену осы заманды дұрыс түсіну деген сөз. М. Мид ұрпақтардың мәдени сабақтастығы мәселесін зерделей отырып, мынаған назар аудартады: мәдениеттің белгі үш түрі ішінен, атап айтқанда, бейнелі мәдениет, ең бастысы, болашаққа бағдар береді. Дәл осы мәдениетте үлкендер өз балаларынан үйренеді. Жас адамдар қазір өз аталары мен әжелері, әкелері мен шешелері білмейтінді біледі.
Жастар үлкендердің айтқан ақылдарынан ғибрат алып қана қоймайды, өздері де өмірдегі бар проблемаларға жауап іздеуге тырысады. Сондық-тан өмірлік, мәдени және білім деңгейі, саяси мәдениеті, әлеуметтік шындықты түсініп, зерделеуде жаңа ұрпақты, оның кемшіліктеріне қарамастан, әрине, аға буындардың жас кезіндегі деңгейімен салыстыруға болмайды.
Жоғарыдағы сөз етілген жайларды талдай келе, біз сеніммен былай дейміз: жас толқын ~ бұл бүгініміз, ал біздің балаларымыз - болашағымыз. Мына біздер — жастар өз балаларымызға не бере алғандаймыз, олар қандай өмір тәжірибесі мен мәдени дәстүрді, ұлттық салт-санамыз бен әдет-ғұрпымызды мирас етпек?
Біз балалар мен жас жеткіншектердің интелектуалдық өресі өздерінің жас деңгейінен асып түсіп жатқанын жақтап отырмыз. Көптеген ата-аналар "әлеуметтік бәсеке" жолында өз балаларын жекеменшік арнаулы мектептерге орналастыруға ұмтылуда. Әлбетте, балалар, жастар жан-жақты, мол мағлұматты болып жетіліп келеді, бұл арада адамзат баласы білімпаз болып отыр, білім беру жүйесі нығайып, кең қанат жайды, ақпарат көлемді ұлғайды демек, бұл факторлады назардан тыс қалдырмағанымыз мақұл. Солай бола тұрғанымен, тәрбие ісінде мына мәселеге мән берілмей барады: жақсылыққа сүйініп, жамандыққа күйіне білу; қайғыны бөлісе білу; қайрымдылық, қарапайымдылық; үлкенді сыйлап, кішіге ізетпен қарау; мейірбандық сияқты кісілік, адамгершілік қасиеттерді баланың тал бойына егіп, санасына сіңіруге жоқпыз. Соның нәтижесінде өмірде күтпеген тосын жағдайлар -парадокстар алдымыздан өтеді. Балалар қаршадайынан шет тілдерінде бұлбұлша сайрайды, бірақ ана тіліне шорқақ немесе білмегеннен бетімен жер басады. Ал тілін білгендер ділге жоқ. Яғни адамгершілік "витамині" жетіспейді.
Жас ата-аналар, өздерінің пайымдауынша, балаларының жанын жаралап алмау үшін күнделікті тірліктен, өмірдің ащы жағдайларынан бойын аулақ үстауға тырысады; сол "жанашырлықтарынан" балаларынының ақсаусақ, "қызғылт көзілдірікті" және менмен, қатыгез, немқұрайлы болып өсуіне жол ашады.
"Өз достарыңыздан қорықпаңыздар — ең арысы олар сізді сатып кетеді. Жауларыңыздан қорықпаңыздар — ең құрығанда олар сізді өлтіреді. Қорық-саңыз — немқұрайлықтан қорқыңыз, өйткені олардың үнсіз келісімімен жер бетіндегі барлық құлақ естіп, көз көрмеген зұлымдықтар жасалып жатады"— деген Р. Әберхардтың бір кездегі сөзінің жаны бар.
Бүтінгі таңда балалар кезді ашып-жұмғанша есейеді. Сондықтан да оларға дер шағында нақты өмір шындығы туралы ақиқат сабағын бер, дер шағында өз тәжірибеңмен бөліс және олардың ойымен санасып, түйген пікіріне құрметпен қара. Жас мемлекетімізге білімді ғана емес, білікті де азамат ауадай қажет.,
Өз өмірімнің өткенінен бас тартуға болмайды, онсыз бүтінің, онсыз ертеңің жоқ. Ұрпақтар арасындағы түсінбестіктің көптеген себебі сол жылдардың әлеуметтік жағдайын терең білмеуден туындайды. Өмір таркын және оны осы заман ілімі мен тәжірибесінің деңгейінің баянджанда, біз сол дәуірге оның замандастары қандай көзбен карады деген психологияны жиі назардан тыс қалдырамыз. Өкінішті-ақ!
Ъ
ъ
Мәдениет философиясы[1] — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі; Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді. Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды. Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады. Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігініқ бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді. Материалдық құндылықтар – еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар. Рухани құндылықтар – философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері. Кез келген құндылықтың екі сипаты – функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін мақтану объектісі, екінші адам үшін оның қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі. Материалдық және рухани құндылықтардың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы әр түрлі, олардың бірнеше маңызды сипаттары бар: Материалдық құндылықтар : Физикалық статусы; 2.Техникалық құралы; 3.Праксеологиялық - экономикалық формасы. Рухани құндылықтар 1. Ақпараттың мағынасы мен сипаты; 2.Материалдық іске асуы; 3.Аксиологиялық функциясы; 4.Әлеуметтік – экономикалық формасы. Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтынылу функциясы туындайды. Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді. Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді. Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді. Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады. Біріншіден, ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне-өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады. Екіншіден, адам өзін-өзі басқалармен қарым-қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым-қатынастың бастапқы түрі “Мен және Сен” қатынасы. Осы қатынаста адам өзін-өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы “Сен” міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін. Қарым-қатынаста адамдар өздеріне тән адамгершілігін паш етеді, жан сұлулығы мен жүрек жылуын, мейірімін ұсынады. Үшіншіден, адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі-арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді. Сонымен қатар, адам әр уақытта өзіне-өзі “осы мен кіммін”, “қайдан шықтым?”, “қайда барам?” сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі оған одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды. Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді. Адамның ең жоғарғы құндылықтары – шығармашылық, махаббат, еркіндік, қайғыру, бақыт, рухани өмір туралы толғаулар адам еркін бе, әлде құл ма? “Еркін болу дегеніміз не” сияқты сұрақтардан басталады. Жоғарғы рухани құндылықтар дүниетаныммен тығыз байланысқан, оларға адам әруақытта сүйеніп отырады. Жоғары рухани құндылықтардың әрқайсысы үлкен мағынаны білдіреді, адам болмысының аса маңызды қырларын бейнелейді. Шығармашылық - адамның табиғи таланты мен интеллектуалдық мүмкіндігінің кеңінен ашылуының жоғарғы көрінісі. Шығармашылық - бұл ұлы қуаныш, сонымен қатар, ұлы қиналу мен күйзеліс. Өйткені, осы процестің барысында өнерде, әлеуметтік өмірде, ғылым мен техникада бұрын соңды болмаған жаңалықтар пайда болады, дүниенің тылсым сыры ашылады, әлем өз болмысының әртүрлі қабатында мүлгіген керемет қасиеттері мен заңдылықтарына жол ашады. Шығармашылық - адам бойындағы энергияның сыртқы атқылануы, яғни бұрқылдап, буырқанып сыртқа шығуы. Соның нәтижесінде табиғат құбылыстарының теңдестік, ырғақтылық, арақатынастық белгілері көркем өнерде бейнеленді. Шығармашылық өмірді қайта құруға, дамытуға, нығайтуға әруақытта жағдай жасап отырады. Оның бір тамаша қасиеті - өзің өмір сүріп, тіршілік етіп отырған ортаға өзіндік баға бере отырып, одан туындаған құндылықтарды көркем образдар арқылы көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықтың осы бір мүмкіндігі қазақ кеңес әдебиетінің өкілі О.Бөкеев еңбектерінде өте әсерлі көрініс тапты. Өкінішке орай, оны уақытында көп адамдар түсініп бағалай алмады. Басты себебі социализмнің жұмағында өмір сүріп жатқан қазақ халқының тағдырының кейбір қайшылықтарын жазушының мол дарыны көре де, көрсете де алды, бірақ оны оқушысы қабылдай алмады. Өйткені О.Бөкеевтің кейіпкерлерін қоғамдық сана мен мораль тұрғысынан қабылдау қиын еді, олар көбінесе жалғыз, “қиялиң, “кісікліктеу”, көрер көзге оғаштау, сәл өзгешелеу адамдар болып келді. Сонымен қатар, жазушы оларды көбінесе табиғи стихияға қарама-қарсы қойып, қоғамдық ортадан бөлектеу қарады. Мұның өзі О.Бөкеев тапқан өзіндік шығармашылық жол, рең еді. “Қар қызы”, “Жетім бота”, “Атау-кере” т.с. моральдық - этикалық символдар. Солар арқылы автор нақты цивилизациядан табан бекітер орын таба алмай аулақта, сағым көшінде, әуеде, су арасында, жағалауда ойнақтаған басқа идеалды өмірдің ұшқынын көрсеткен.
ъ