Радионың ашылуы. а.с. попов.

Герц электрмагниттік толқындардың техникада қолданылу мүмкіндігін болжаған жоқ. Болашақ байланыс құралын Герц лупамен қараған әлсіз ұшқыншаларды байқау қиын еді. Жалпы алғанда, толыққанды ашылу мен оның техникалық қосымшасы арасында үлкен қашықтық жатыр. Эйнштейн Е=mc2 қатынасының болашақ іске асуын болжамаса, Резерфорд атомдық энергияны пайдалану химера деп санады. Тек ерекше қабілетке ие адамдар ғана ғылыми идеяны саналы түрде техникалық толықтыруы мүмкін. Нақ осындай қабілетке орыс физигі Александр Степанович Попов ие еді. Герц өлімінен кейін шамасы бір жылдан соң ол өзінің алғашқы радиоқабылдағышын демонстрациялады. Сонымен сымсыз байланыс мақсаты үшін электрмагниттік толқындарды практикалық қолдану мүмкіндігі ашылды.

Александр Степанович Попов 1859 жылдың 16 наурызында Оралда діндар отбасында дүниеге келді. Ол 1877 жылы Перм діни семинариясының жалпы білім беретін сыныбын аяқтағаннан кейін, діни білімді жалғастырған жоқ. Ол Петербург университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті. Университетте оны электртехника қызықтырды. Ол «Электртехник» серу\іктестігінде монтер болып жұмыс жасады. Оның алғашқы еңбектері динамо-электрлік машиналарға арналды. Попов профессорлық атаққа дайындық үшін университет маңында қалыдырылғанымен, ол ұзақ уақыт аспирантурада болған жоқ. 1883 жылы Крондштадттағы Минск офицер класының оқытушысы болып, Теңіз ведоствасы училищесінде қатар жұмыс жасады. Попов Петербугтегі Электртехникалық институттың физика кафедрасының профессоры болып сайланып, 1901 жылға дейін жұмыс істеді. 1905 жылы институт директоры болып сайланып, осы қызметінде 1906 жылдың 13 қаңтарында миға қан құйылудан қайтыс болды.

Өзінің қызметтік жұмысы бойынша А.С. Попов әскери-теңіз флотымен тығыз байланыста болып, нақ осы флотта ұлы ашылу орын алды. Ашылу үшін тарихи жағдайлар пісіп-жетілді. Көптеген елдерде түрлі жолдармен ашылуға бірнеше адамдар келді: Попов, Резерфорд, Маркони және басқалар. Жетістікке алғаш Попов жетті.

1889 жылы А.С. Попов шенді офицерлер жиынында «Жарықтық және электрлік құбылыстар арасындағы қатынастар туралы жаңа зерттеулер» атты дәрістер циклін оқыды. Бұл дәрістер Герц тәжірибелерінің демонстрацияларымен сүйемелденді. А.С. Попов Герц ашылуларының практикалық маңызын бірден бағалағандардың бірі болып, олардың техникалық қолдану есептерін шеше бастады. 1895 жылдың 7 мамырында А.С. Попов орыс физика-химиялық қоғамының физикалық бөлімшесінің мәжілісінде өзі құрастырған радиоқабылдағышты демонстрациялады. Попов қабылдағышындағы электрлік тербеліс детекторы 1890 жылы француз физигі Эдуард Бранли ойлап тапқан когерер деп аталатын прибор болды. Бұл өзіндік жарытлайөткізгіш еді. Попов электрмагниттік толқындарды ұстау үшін антеннаны пайдаланды. А.С. Попов қоңырауды, когерер мен антеннаны біріктіре отырып, найзағай зарядтарын тіркегіш ретінде қолданылатын түрдегі «найзағайбелгілегіш» деп аталатын приборды құрастырды. Попов 1895 жылы 60 метрге дейінгі қашықтықта электрмагниттік толқындарды тарату мен қабылдау бойынша тәжірибелер жүргізді.

1897 жылдың 250 қаңтарында А.С. Попов «Котлин» газетінің бетіне «Сымсыз телеграфия» атты мақаласын шығарды. Мақала Маркони тәжірибелері туралы хабарламаға байланысты пайда болды. Попов прибордың сәуір айында Орыс физика-химия қоғамының физика бөлімшесінің мәжілісінде демонстрацияланғандығын еске түсіреді. Ол өзінің приборының «электрмагниттік толқындармен тәжірибелерге бейімделгендігін және мәжілістер мен дәрістерде демонстрацияланатындығын» көрсетеді.

Флот үшін жұмыс жасай және осы жұмыстың барлық маңызын тамаша ұғына отырып, А.С. Попов баспалық жарияланымдарға асыққан жоқ. Бірақ Маркони жұмысы туралы мәліметтер баспада пайда болған сәттен А.С. Папов өз басымдығын қорғауға мәжбүр болды. 1897 жылдың 20 қаңтарындағы «Котлин» газетіндегі мақала А.С. Поповтың алғашқы хабарламасы еді.

Гульельмо Маркони 1896 жылдың маусымында өз өнертабысы үшін патентке өтініш берді. 1897 жылдың 2 шілдесінде Маркониге патент берілді. Папов болса хабарламамен және жарияланыммен шектеліп, өнертабысты өзіне патенттемеді. Марконидің ашылудағы емес, радионы дамытудағы еңбегі талассыз болып табылады.

Радионың ашылуы Максвелл теориясының әділдігі шындықтың жоғарғы критерийі – практикамен дәлелденді. Максвелл теориясы шешімі физика тарихындағы жаңа революциялық дәуірге алып келген бірқатар өзекті де, терең мәселелерді физиктер алдына қойды.

??Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. С. Карно және оның циклдер әдісі.

2. Бенуа Поль Эмиль Клайперон.

3. Энаргияның сақталу және айналу заңы.

4. Алғашқы жекеменшік физикалық лабораториялар.

5. Оқу мақсатындағы мекемелер мен ғылыми мекемелер арасындағы өзарақатынастар.

6. Германия – ғылыми физикалық лабораторияларды жасаудағы көшбасшы.

7. Англияда, Франция мен Ресейде физикалық лабораториялардың құрылуы.

8. Дж. Клерк Максвелл.

9. Максвелл электрдинамикасы.

10. Генрих Рудольф Герц.

11. Электрмагниттік толқындардың ашылуы.

12. Петр Николаевич Лебедев және оның ашуы.

13. А.С. Поповтың өмірі мен шығармашылығы.

14. Радионың ойлап табылуы.

15. Гульермо Маркони.

Дәріс

Наши рекомендации