Тақырып: жаңа дәуір философиясы.
Жаңа дәуір философиясы XVIIғасырда Англияда басталды. Оның өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон(1561-1626) еді. Оның жазып шығарған екі енбегі бар. Бірі — "Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы", екіншісі - "Жаңа Органон". Ф. Бэкон - материалист, сондай-ақ, ол — эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылу, эксперимент жасау. Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. "Білім - күш", "Күш - білімде" деген қағидаларды насизхаттады. Ол: "Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады — деді — Энергия материяның өзіне байланысты, оның ішкі қасиеті", деді Ф. Бэкон. Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардан құтылудың басты жолы - тәжірибе жасау, нақты зерггеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу. Ф.Бэкон эмпириктер мен рационалистердің сыңаржақтылығын сынады. Ғалым құмырсқаға да, ермекшіге де ұқсамауы керек, ол өсімдіктер гүлінен нектар жинап, оны балға айналдыратын ара іспеттес болуы қажет деді. Ол теория мен практиканың бірлігін жақтады. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады. Рене Декарт (1956-1650). Ол - француздардың атақты философы, дворяндар отбасынан шыкқан. Оның басты еңбегі - "Әдіс туралы ой-толғау". Космология (дүниенің құрылымы), космогония (планеталардың пайда болуы және дамуы) жөнінде, физика және физиологияда Декарт — материалист. Ол дүниенің ездігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. "Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін (Соgito, егgо sum) деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу — тірлік кепілі", — деді. . Бенедикт Спиноза(1632-1677) — Голландияның - көрнекті философы. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында дүниеге келген. Ата-бабасы оны діни қызметші етпекші бодды. Бірақ ғылыми еңбектермен танысу, әсіресе Р.Декартқа еліктеу оны өз қауымынан қуылып шығып, өмірінің қалған жылдарын ауыр күйзелісте өткізуге себеп болды. Азғана өмірінде ол екі кітап қана жазып үлгерді. Бірі — "Діни-саяси трактат" (1670), екіншісі — "Этика" (1675). Спиноза "бір ғана субстанция бар, ол — табиғат", деді. Томас Гоббс(1588-1679) Оксфорд университетін бітірген, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттады. Біраз уақыт Ф. Бэконге хатшылық қызмет атқарды. Басты еңбегі — "Левиафан" (1651). Ол еңбегінде Т. Гоббс мемлекеттің пайда болуын зерттеді. Бұл тегіннен тегін емес еді. Өйткені Т. Гоббс дәл ағылшын революциясының дәл кезінде өмір сүрді. Оның мемлекетке мән беруі содан болатын. Т. Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық кезеңдерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде "адам — адамға қасқыр, біреуге біреу қас" деп уағыздады. Бірақ бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа кесіп беруге кендігеді. Сөйтіп, бәрін қорғайтын бірдей ортақ ырық жасалды. Ол жалпы ырық — мемлекет деген қорытындыға келді. Сейтіп, ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарды. Т. Гоббс дүние денелерден тұрады, денесіз субстанцияны мойындау денесіз дене болады дегенге тең деп санады. "Ой материяның туындысы" деген пікірге келді. Бірақ адам мен жануарлар, Т. Гоббстың пікірінше, күрделі машина: адамның аяқтары мен қолдары — доңғалақ, жүрегі — механизм. Табиғат, бір жағынан, жаратушы күш, екінші жағынан — жаратылған құбылыс деп уағыздады. Джон Локк(1632-1704). Оның өмірі ағылшын революциясынан кейінгі кезеңге жатады. Ол Оксфорд университетін бітірген. Дж. Локктың басты еңбегі — "Адам санасы жайлы тәжірибе" (1690). Ол Т. Гоббс сияқты Р. Декарттың "Ой іштен туады" деген пікірін сынады. "Адам жаны — таза тақта (tabula rasa). Адамның көрген, білгендері сол таза тақтаға жазылады. Міне, сана дегеніміз, дәл осы", дейді ол. Адам интеллектісінде өмірде жоқ, кездеспейтін еш нәрсе болмайды, дейді. Дж. Локк екі түрлі — сыртқы жөне ішкі тәжірибе болады дейді. Біріншісінен сезім, екіншісінен рефлекс пайда болады деді. XVII ғасыр тек материалистерді ғана дүниеге келтірген жоқ. Сонымен қатар идеалистер де болды. Олардың басты өкілі — Готфрид Вильгельм Лейбниц(1646-1716). Ол физик, математик, тарихшы, тілші, құқық маманы болған. Лейбниц I Петрмен үш рет кездесіп, Ресейде білім берудің, мемлекеттік басқарудың жобаларын жасап берген. Оның басты еңбегінің бірі - "Монадология". ХҮП-ХҮШ ғасырлар жоғарыда айтылғандай, дүниеге белгілі идеалистерді де әкелді. Олар таным теориясы төңірегінде дүниеге келді. Солардың бірі - ағылшын философы Джорж Беркли(1685-1753). Ол тарихқа субъективтік идеалист, материяны мойындамайтын философ ретінде енді. Давид Юм(1711-1776) — ағылшын философы, агностик, психолог, тарихшы. Оның теориясы да танымға байланысты. Антик философы Анаксимен айтқан мысалға сүйеніп, ол дүниені танып-білуге болмайды деген қорытындығы келді: "Мәселен, тынық су бетіне тас тастасақ, дөңгелек пайда болады. Дөңгелек іші — сенің білгенің, ал шеңбер сырты — білмейтінің. Егер көп білгің келсе, үлкен тас таста, сонда дөңгелек шеңбері үлғаяды, білімің артады. Ал соған сөйкес шеңбер сырты да сенің білмейтініңнің көбейгенін байқатады".
XVII ғасырдың ағартушылық философиясы. Бұл кезеңнің маңызды сипаттамаларының бірі рационализм болып табылады. Рационализм бойынша , танымның негізгі құралы болып ақыл-ой табылады, ал түйсік пен тәжірибе екінші мағынаға ие. Бұл жерде ол, адамның түйсігін, қабылдау мен сезімді бірінші орынға қоятын сенсуализм мен таным процесінде бірінші орынға тәжірибені қоятын эмпиризмге қарсы тұрады. Бұл кезеңнің екінші бір ерекшелігі сциентизм мен деизм болып табылады. Сциентизм – ғылыми білімді ең жоғарғы мәдени құндылық және адамның дүниедегі бағдарының қажетті жағдайы деп есептейтін ілім. Ал, деизм болса, құдай дүниені жаратып болғаннан кейін, табиғи жолмен өз заңдылықтарымен дамытып, дүниеге араласпайды деп есептейтін философиялық бағыт болып табылады.