Гуманизм идеясын насихаттап тарату 4 страница

2. Осы заманғы философиядағы прагматизм персонализм бағыттарыПрагматизм – ( гр. pragma –іс-әрекет ) субьективтік идеалистік философиялық ілім, бұл философияның негізгі принципі – қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе – шын, басқаша болса – жалған. Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

3.«Адам»,«индивид»,«жеке тұлға» (кісі) ұғымдарының философиялық мазмұнын ашыңыз

«Адам»деген-адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық-бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға»дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы. Адам қоғамсыз өмір сүре аламайды. Индивид- жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет-ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенімен әлсіз екені белгілі.

Вариант

1.Ф.Ницше философиясындағы негізгі ұғым: билікке ұмтылған ерік

2. «Тіл болмыстың үйі» деген сөйлемнің авторы кім? Хайдаггер

3.Сократ философиясының әдісі: майевтика

4. Упанишад дегеніміз? Негізгі философиялық бөлім

5.Субъективтік рух,объективті рух,абсолюттік рух деп Гегельдің қай кітабының бөлімдері аталады? Рух философиясы

6. Рационализмнің негізгі қағидасы? Адамның танымдық іс-әрекетінде алдыңғы роль ақыл болып табылады

7.Қазақстанның мемлекеттік құрылымы:Унитарлық мемлекеттік

8.Грек философиясында адам проблематикасына бұрылысты жасаған:Софистер

9.Кеңістік дегеніміз: объектілердің орналасуы,ара қашықтығы

10.Қоғамның саяси ұйымы неге тәуелді? Саясатшылар ұсынған бағдарламаларға

1. Антикалық атомизмнің (Демокрит, Левкипп) негізгі мән-мағынасы.

Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес. Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді: Сезім арқылы танып-білу, Ақылмен танып-білу. Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады. ёДемокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды.

2. Экзистенциализм, неопозитивизм бағыттарының қарастырған философиялық мәселелері қандай?

Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Неопозитивизм өкілдері философияны теориялық таным ретінде мойындамай, философиядағы сана мен материя сияқты негізгі мәселелерді жоққа шығарды. Неопозитивизм Беркли және Юмнан басталған эмпиризм мен феноменализм дәстүріндегі позитивизмнің өзіндік эволюциялық даму кезеңі болып табылады. Неопозитивизмнің ең ықпалды бағыты логикалық позитивизм болды.

3. Сана, оның генезисі мен мәні пайда болып қалыптасуы

Сана мәселесі философиядағы күрделі мәселелердің бірі. Сана зерттеудің күрделі де қызықты саласы. Адам танымы, адам санасы туралы көптеген мәліметтер жинақтағанмен, сана жұмбағы әлі шешімін тапқан жоқ. Сананың қабілеті мен қасиеті қанша ғажап, керемет болғанымен, ол табиғаттан тыс күштің сыйы емес, ол материяның дамуының, күрделенуінің нәтижесі. Сана адам миына байланысты пайда болады, ми – сананың материалдық субстраты. Сана – шындықты бейнелеудің және оны рухани игерудің тек адамға тән бітімі. Тарихи дамуының алғашқы кезеңдерінде сана қызметін, өз тәнінің құрылысын түсінбеген адамдарда ойлау, түйсіну деген 98 тәннің емес, жанның, яғни, тәнсіз бастаудың әрекеті деген көзқарас қалыптасады. (мысалы, қазақтарда шыбын жан деген ұғым бар, ол архаикалық сенімге сәйкес адам өлгеннен кейін көкке ұшып кетеді). Мифологияда пайда болған сананы құпия бастаудың әрекеті деп түсіну, кейіннен бүкіл дүниеге танылады. Идеалистік философия сананы объективті дүниеге тәуелсіз деп қарастырып, болмыс сананың туыңдысы, сана әрекетінің жемісі деген қорытындыға келеді (Платон, Гегель және т.б.). Аталған ойшылардың философия жүйелерінде сана адамнан да, табиғаттан да тыс тұрған құпия мән, ол дүниенің түп бастауы. Орта ғасырда адам санасы мен ойы құдайылық парасаттың ұшқыны деп түсіну алдыңғы катарға шығады. Бейнелеу – жалпы материя қасиеті.

Вариант

1.Материалдық қатынасқа жататын ұғымдар: өндірісітік экономикалық құбылыстар

2.18-ғасырдың ағартушылық философиясының басты шарты неде?

Наши рекомендации