Орта ғасыр философиясы
Құлдық және буржуазиялық қоғам арасында мың жылдай үстемдік құрған феодалдық құрылыс жатыр. Бұл дауірдің өзіндік философиясы схоластика деп аталды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Олар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоласиардың талас пікірі жалпылық және жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебептар(универсалдар), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылады. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды ерекшелеп, атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушылар «номиналистер» деп аталады. Реализм өкілдері – Альберт фон Больштедт, Ф.Аквинский, Дунс Скот, Раймунд Луллий, т.б. альберттің пікірінше әмбебаптар үш түрлі өмір сүреді: 1. заттар бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бүкіл әлем жаратылды; 2. заттардың өзінде көптің бірі ретінде; 3. заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді. Ф.Аквинскийдің айтуы бойынша, әрбір заттың, бүкіл өмірдің жалпы түрі құдай, олай болса одан тәуелсіз дүниеде еш нәрсе жоқ. Фома философиясы мән және өмір сүру төңірегінде құрылды. өмірде бұл екеуі жеке, бірінен-бірі алшақ тұра алады және өмір сүру мәнінен жоғары. ал құдайда бұл екеуі бір ажыратылмайды.құдайдың бар екенін Фома бес түрлі жағдаймен дәлелдейді: 1) қозғалыс; 2) себеп; 3) кездейсоқтық пен қажеттілік; 4) кемелдік деңгейі; 5) мақсат. Номиналистер болса материалистік бағытты ұстанды.өкілдері: Роджер Бэкон, Уиллиям Оккам, Николай Оразмский, т.б. олар нақты заттарды зеттеуге шақырады. Жалпы тек қабылдайтын субъектінің басында пайда болады. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының да жекенің де керегі жоқ, деді Уиллиям Оккам. әмбебаптар – олар үшін – тек белгілер, бірақ олар барлық затарға қолданылмайды, өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады.
Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance - фр. ) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X1V-XV1 ғ. ғ. белгілейміз.
Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
X1V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. Оларды мәдени саладағы маңдай алды үлгі, білім алғысы келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалай бастайды. Гуманистік әдебиет білім мен “vіrtus² (лат. сөзі) ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. “қайта өрлеу² деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық мәдиниетке деген іңкәрдән шығаруға болады. Алайда бұл талпынысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде қайта оралу деп түсінсек, ол қата болар еді. Оны біз қайта оралу, көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу,- деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз “Өрлеу² дегенде әрі қарай даму, жетілу мағнасына ие боламыз.
Міне, “Қайта-өрлеу² деген ұғым осыны көрсетеді.
10.Жаңа дәуір философиясы.Әлемнің классикалық бейнесінің қалыптасуы.Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мем-лекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады.(Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.
Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.
Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан – ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан – философиялық шығармаларда дінн-теологиялык мазмұн әлі де болса мол бол ды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;
Бұл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасындатуып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: «Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адам-гершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т.б.
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша. философия ғылыми білімдердің көмегі арқылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі «Білім – күщ» (Знание – сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теориялық және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат құбылыс-тарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайда-лана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Философияның соңғы бөлімі – адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні.Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет.