Ежелгі Қытай философиясының жалпы сипаты, өзекті ұғымдар және даму кезеңдері.
Қытайдың ежелгі ұлттық, философиялық ілімдері: 1.Даосизм; 2.Конфуциандық 3.Легизм4..Моизм. 5.Натурфилософия. 6.Чань-буддизм (Қытайға енген буддизмге Қытай мәдениетінің ықпал етуі нәтижесінже пайда болған ұлттық қытай буддизмі)
Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар.Ежелгі Қытай философиялық дәстүрі бойынша, адам үш түрлі космостық энергияның жиынтығы болып табылады: 1. Цзинь 2. Ци. 3. Шэнь Цзинь – тіршіліктің жаратылыстың туылу, пайда болу қуаты. Оны әдетте тірі тіршіліктің организмнің «тамыры», «ұрығы» деп атайды. Бұл психофизиологиялық қуат екі түрге жіктеледі: 1.«Алдыңғы Аспан ұрығы» - адамға туа берілетін гендік программа, денелік – тәндік ерекшеліктер; 2. «Кейінгі Аспан ұрығы» - адамның өмір бойғы әрекеттерінің сипаты. Сонымен қатар Цзинь сексуалды энергияны да білдіреді. Ци – (Цинь-туу энергиясымен салыстырғанда) дүние тіршіліктің құрылыс материалы қызметін атқаратын материалдық – рухани энергия. Ци энергиясы былай жіктеледі:
1.Заттық Ци арқасында заттар мен тірі организдер материалды формаға ие болады. 2. Рухани Ци адам және тірі тіршіліктің жаны. Рухани Ци – адам өмірінің негізі. Тәні – жаны сау, табысты, жолы болғаш адамның циі – «таза», «сәулелі». Әлсіз, ауру, жолы сәтсіз адамның Циі «ауыр». «лас», «күнгірт».Табысқа, тәндік және рухани саулыққа, бақытқа жету үшін адам өз бойын барлық артық, ауыр, лас энергиядан тазартуы қажет. Шэнь- адам тұлғасының негізін құрайтын және (Ци сияқты емес) өлімнен соң жойылмайтын адам бойындағы сарқылмас рухани энергия. Мұндай үш түрлі космостық энергиядан өзге қытай философиясы екі түрлі сексуалды энергияны бөледі; Ян– ерлік бастама, сексуалды энергия; Инь - әйелдік бастама, сексуалды энергия. Бүкіл тіршілік екі қарама-қарсылықтан құралады: тірі табиғатта адамдар, жануарлар, ер әйелге бөлінсе, өлі табиғаттада ерлік бастама (ян) (күн , аспан, құрғақтың салмақсыздық жеңілдік) жәгн Инь (Ай, Жер, тегістік, ылғал) бар. Қытайлық дүниетаным бойынша тірі және өлі табиғат, бүкіл дүние тіршілігі негізінде Тай-цзи-ян мен иньнің бірін-бірі өзара толықтыруы, алмастыруы, бірлігі мен күресі жатыр. Даосизм дүние құрылысы мен тіршілігінің негіздерін және адам, табиғат, космостың байланыс жүйелерін түсіндіруге тырысатын Қытайдағы ең ежелгі философиялық ілім. Негізін қалаушысы б.д.д VI ғасыр соңымен V ғасыр басында өмір сүрген Лао Цзы. («Қарт ұзтаз»). Ғұмыр тарихы. Аңыз бойынша, қартайған Лао-Цзы Қытайдан кетпек болған көрінеді. Сонда қамал қарауылдарының бастығы Лао-Цзыдан Қытайға өз даналығының жұрнағын қалдырып кетуін өтініпті-міс. Ойшыл келісіп, «Дао- дэ - цзинь» кітабын жазып қалдырыпты. Қазіргі заманғы ғалымдар пікірінше, Лао-Цзы өмірде тіпті болмаған, ал «Дао- дэ - цзинь» - түрлі авторлардың текстерінің жинағы. Конфуциандық.Негізін қалаушысы б.д.д 551 – 479 жыл өмір сүрген Конфуций (Кун-фу-цзы) («Ұстаз Кун»). Ғұмыр тарихы. Өмір сүрген уақыты, біздің б.д.д 551-479 жылдар аралығы. Ол қазіргі Шаньдунь провинциясының территориясында орналасқан, ертедегі Лу патшалығында, кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келді. Негізгі еңбектері. Конфуций мектебінде оқытылатын басты еңбектер – «Алты Канон» деп аталған. «Алты Канон» - Конфуцийдің бекзада шәкірттерінің оқуынын негізін құраған, ал кейінірек конфуциандық әдебиет канондарына енген 6 көне кітап болатын. Олар: 1.«И-цзин» («Өзгерістер кітабы»); 2.«Ши-цзин» («Әндер кітабы»); 3.«Шу-цзин» («Құжаттар кітабы»); 4.«Ли -цзи» («Ритуалдар туралы жазбалар») 5.«Юэ-цзин» («Әуен кітабы») –жеке шығарма ретінде сақталынбаған.; 6.«Чунь-цу» («Көктемдер мен Күздер Анналы») – б.д.д 722 жылдан басталып, б.д.д 479 жылмен, яғни Конфуций дүние салған жылмен аяқталатын Лу патшалығының жылнамасы.
Легизм (немесе Фацзя, заңгерлер мектебі) – Ежелгі Қытайдың келесі әлеуметтік ілімі болып табылады. Б.д.д IV ғ. бастап – ақ легизм ілімі конфуциандықтың бәсеклесіне айналды әрі Қытай тарихының бүкіл барысындағы іс – шаралардың барлығы дерлік легизмнің қағидаларымен байланысты болды. Ал легизм пайда болғаннан кейінгі 100 жылдан соң әмірші Ши-хуан осы ілімді басшылыққа ала отырып, Қытай елін бртұтас мемлекетке біріктірді. Ал мемлекетті сақтап қалу үшін: Мемлекетті бақаруды орталықтандыру; Билеушінің билігін күшейту; Мемлекет ресурстарын ұлғайту; Ол ресурстарды әмірші қолында топталуы аса қажет болды. Осындай тарихи, саяси - әлеуметтік сұраныс нәтижесінде легизм туды. Негзін қалаушылар – Шан Ян (б.д.д 390- 398 жж) және Хань Фэй (б.д.д 288-233жж) Негізін қалаушылар қатарына Шан Янға қоса б.д.д ойшыл, мемлекет қайраткері Шэнь Бу – хай мен б.д.д IV – III ғғ. философ Шэнь Даоны жатқызады. Легизмнің соңғы өкілі – легизмнің көрнекті теоретигі, «Хань – Фэй -Цзы» трактатының авторы саналатын Хань Фэй (шамамен б.д.д 220-230 жж. ) болды. Легисттер қоғамды заңға негізделген мемлекеттік күштеу арқылы қатаң басқаруды ұсынды.