Зерттеудің негізгі бағытында

Ымның мазмұның ашу қалай түсінеміз.

Анықтау

Ғылыми және практикалық іс жүзінде қарастырылып отырған затты өзге заттармен шатастырмай, терминдер мен сөздердің мағыналарын дәл ажырату үшін пайындалатын ұғымдардың мазмұнын ашу кажеттігі үнемі туындап отырады. Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашық беретін логикалық операция айқындама (дефиниция — defintio — айқындау) деп аталады. Мазмұнын ашу қажет болып тұрған ұғым — айқындалушы ұғым, айқындалушы ұғымның мазмұнын ашып беретін ұғым — "айқындаушы ұғым деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге белінеді. Номиналды ( лат. потеп— есім ) айқындау деп, сол айқындаудың өзіне сүйеніп, белгілі бір заттың сипаттамасының орнына жаңа термин (есім) енгізуді айтамыз. Сонда айналымды айқындау жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны ретінде айқындау номиналды болып табылады. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама "реалды" деп аталады. Қылмыс үстінде кінәланушының кінәсінің дәлелі ретінде айғақ ұғымының анықтамасы реалды болады. Айқындамалар айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын анықтамаға затқа тән мәнді белгілерді тура көрсететін анықтамалар жатады. Олар екі анық көрініс беретін — анықтаушы және анықтаушы ұғымдардан тұрады.

Ұғым — сөзбен ажырамас байланыста болады. Ұғым керінісінің тілдік формасы — сөз және сөз тіркестері. Адамның ойлау қызметінде ұғым мен сөз бір-бірімен қабысқан байланыста болады. Алайда оларды теңестіру қателікке соқтырар еді. Ұғым — ойдың логикалық формасы, ал сезоның тілдік-грамматикалық көрінісі. Кейде бір ұғым әр түрлі сөздермен берілуі мүмкін (синоним сөздер). Сонымен қоса мағынасы бір болса да, қолданылуына қарай түрлі мағынада, түрлі ұғымдарды білдіретін омоним сездер де болатыны белгілі (мысалы, "кілт" сөзі). Ұғымдар "есім" деп аталатын сөздер мен сөз құрылымдарында бейнеленеді және бекиді. Қарапайым есімдер, мысалы "құқық", "заң", "аңғалдық", "қатысу", ал киын есімдер — "демократиялық заңдылық", "аса қажеттілік", "қоғамдық демократиялық өзін-өзі басқару" және тағы басқа осы ұғымдардың материалдық, тілдік негізі болып табылады, бұларсыз ұғымдар да, олардың жасалу амалдары да қалыптаспайды.

Сөздің ұғымнан айырмашылығы, ол барлық тілдерде әр түрлі: ал белгілі бір ұғым әр түрлі тілдерде де әр түрлі бейнеленеді. Сонымен қатар бір тілде де ұғым мен сөз тепетеңдігі болмайды. Мысалы, барлық тілде синоним сөздер мен омоним сөздер өмір сүреді.

Ұғымдар тек шынайылықты дұрыс бейнелесе ғана дұрыс ұғым болады. Егерде бір ұғым болмысты дұрыс бейнелемей, бұрыс бейнелесе, онда ұғымның жалған болғаны. Жалған ұғым, мысалы, теория мен практиканың байланысы бұзылғанда пайда болады. Дұрыс ұғымдар адамдардың еңбек әрекетінен, еңбек үдерісінде құралып шығады: ондай ұғымдардың болмыстағы нәрселер мен құбылыстарға сәйкестігі адамның практикасымен тексеріледі.

Айналадағы болмысты тани, біле отырып, адам нәрселерді бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады; талдау және жинақтау арқылы нәрселердің мәнін ашып береді, ойша олардың белгілерін бөліп алады. Ол белгілерді абстракциялап, жалпылайды. Нәтижесінде адамда болмыста бар нәрселер мен құбылыстар туралы ұғым қалыптасады.[1]

Тәсіл ұғымындағы басты мән неде

Зерттеудің негізгі бағытында

Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Әдіс - 1. (Грек. methodos-зерттеу) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі.

2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

3. (Грек.odes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.

Ылыми әдістер

Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады.

Ғылыми әдістің негізгі мақсаттары — объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдістің негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Мысалы, әрбір элементтің өзіндік спектрі барлығын физика ғылымы ашқаны мәлім. Мұның өзі физикада бұдан бұрын қалыптасқан, спектрольдық анализ әдісі негізінде ғана мүмкін болды. Демек, әдістің ақиқаттылығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқатына байланысты. Зерттелетін пәннің ішкі құрылымы өзіне сәйкес келетін әдіс болуын талап етеді. Алайда олардың арасында толық сәйкестік, абсолюттік тепе-теңдік бола бермейді. Әдіс пән ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп шексіз жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін.

Наши рекомендации