Білім бағасының шкаласы
Философия пәні бойынша
Оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал – 2016 ж.
«БЕКІТЕМІН» | «КЕЛІСІЛДІ» | ||
ИТФ деканы | КӘС төреайымы | ||
Н.М Қадырғалиев | Кадирова Ж.К | ||
________________ | _______________ | ||
«___»_____2016 ж. | «___» ____2016 ж. |
Құрастырушы: Разахова Фарида Жаксылыққызы
«Жалпы білім беру пәндер және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Кредит саны – 3
Дәріс –30 сағат
Семинар – 15 сағат
Сөож-22
СӨЖ-68
Бақылау түрі – емтихан
Барлығы – 135 сағат
« » 2016 ж кафедра отырысында талқыланды, № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _______Кажиакпарова Ж.С
«__» ____________2016 ж университеттің ӘК мақұлдаған №__ хаттама
1. Оқытушы туралы мәлімет:Разахова Фарада Жақсылыққызы- Жалпы білім беру пәндер және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.
2. Уақыты және өткізу орны:2016-2017 оқу жылы,Орал қаласы,Ықсанов к-44/1.
3.Пререквизиттер:Қазақстан тарихы
Постреквизиттер:мәдениеттану, дінтану, саясаттану,әлеуметтану,ғылымның тарихы мен философиясы.
4.Қысқаша курсқа сипаттама:
Пәнді оқытудыңмақсаты:
- Студенттердің бойында дүниенің танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру;
- студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру;
- өз ойларын логикалық түрде баяндай білуді, философиялық пікірталасты сауатты жүргізуді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді түрде қорғай білуді дамыту:
- қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- болашақ маманның қазіргі күрделі де өзгермелі заманда көзқарастық және рухани бағдарға ие болуына ықпал ету.
Пәнді оқытьудың міндеттері:
- Философияның тарихи даму кезеңдерін зерттеу;
- қазақ халқының қайталанбас философиялық дүниетанымымен таныстыру;
- философияның негізгі бөлімдері мен даму ағымдарын, оның роционалдылығының формаларының трансформацияларын қарастыру;
- ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістері туралы білімді игеру;
- болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Негізгі құзыреттіліктер:
бакалаврдын курстан білетіні:
- философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын
- философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін
- әлемдік және қазақ философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін
- философияның іргелі мәселелерін, олардың қойылу ерекшеліктерін және философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін
- адамды, табиғатты және қоғамды зерттеуде қолданылатын негізгі философиялық теориялар мен әдістерді
- қазіргі заманғы отандық және әлемдік философияның өзекті мәселелерін
бакалаврдың жасай білуі:
- арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық-ұғымдық аппаратын қолдануы.
- философиялық түпнұсқа мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды
- зерттеліп отырған философиялық сұрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды
- философиялық білімнің генезисі мен дамуының ерекшеліктерін сараптауды
- философияның әртүрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптастыруды және оны дәлелді түрде жақтауды
- қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді
- философияның ережелері мен категорияларын әртүрлі әлеуметтік ағымдарды, фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда қолдануды.
5.Баға қою саясаты: Сіздің біліміңізді және жасаған жұмыстарыңызды бағалау үшін төмендегідей баға жүйесі қолданылады. Жалпы баға (100%) төмендегідей компоненттерден тұрады:
Білім бағасының шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға | Балл | Пайыздық көрсеткіш | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
6. Курсты жүргізудің академиялық тәртібімен этикасы:
1. Сабақтан қалмауы керек, егер сабақтан аурулық себеппен қалса, дәрігерден анықтама тапсыруы керек.
2. Сабақтан қалған күндері, оқытушымен тапсырма алып есептесуі керек.
3. Сабаққа кешікпеу керек.
4. Сабаққа таза. Ұқыпты әрі студенттік норманы сақтау керек.
5. Сабақ кезінде сөйлеспей, газет оқымай, сағыз шайнамау керек.
6. Сабақ кезінде әр пәнге ұқыпты тыңдап, сабақтың барысын қадағалап отыруы тиіс.
7. Сабақ сайын топтан кезекші болуы тиіс.
8. Осы айтылған тапсырманы яғни міндеттерін орындамаған оқушының бағасы кемітіледі. (балл есебімен кемітіледі).
9. Ұялы телефондарды сабақ кезінде сөндірілуі тиіс.
10. Барлық үйге берілген тағы басқа тапсырмаларды жауапты қарап, орындап келуі тиіс.
11. Әрбір студенттің конспект жұмыстары болуы тиіс, оны керек мезгілінде оқытушыға көрсетіп отыру міндетті.