Гуманизм идеясын насихаттап тарату 3 страница

4. «Қоғамдық келісім» трактатын жазған философ: Дж.Локк

5.Фейербахтың философиялық ілімі: Антропологиялық материализм

6. «Қазақ хрестоматиясының»авторы,алғашқы халық ағартушысы: Ы.Алтынсарин

7.Онтология - бұл... туралы ілім: болмыс

8.Диалектиканың негізгі принципі: Даму

9.Таным процесінде жетекші роль атқаратын рационализм қандай мағына береді? Ақыл

10. «Өмір азапқа толы» - деген кім? Будда

1. Дүниеге көзқарастың (дүниетанымның) тарихи түрлерінің (мифологиялық, діни, философиялық, ғылыми) ерекшеліктерін айқындаңыз . Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б. Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше. Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.

2. Ф. Ницше философиясындағы «билікке деген ерік» және «асқан адам» туралы тұжырымдары. Жетілген Ницше философиясында қфсқаша айтатын болсақ оның билікке деген ерікін айтуға болады.Ницшенің өмірлік мақсаттарының және өмірлік мағынасы болды.Филосов үшін ерік дүниенің негізі болып табылды және ол идея оны «асқан адам»ойлап табуға құштар етті. Ф. Ницше ұсынған "Асқан адам" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жол сілтейтін асқан адам; Бірегей ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Бірегей адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф.Ницше Бірегейді обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Ақырласқан адамға салыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға

3,Қазіргі заманғы өркениет пен мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы ғылым мен техниканың рөлін көрсетіңіз.Ренессанс («ренессанс» — француз сөзі — қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.

Билет

1. Дүниеге көзқарастың анықтамасы:

2.Қайта өрлеу дәуірінің философы: Д.Бруно

3.Жүсіп Баласағұн қай еңбегінде білушінің идеалды портретін құрастырады: Құтты Білік

4.Көне қытай философиясындағы заттардың табиғи жолы: Дао

5.Теоцентризм дегеніміз - ...: Құдай

6. «Білім – күш »афоризмнің авторы? Ф.Бэкон

7. «Бәрі ағады,бәрі өзгереді,қозғалмайтын ешнәрсе жоқ...Бір өзенге екі рет түсуге болмайды» деп кім айтқан? Гераклит

8.Онтология термині нені білдіреді? Болмыс теориясы

9.Таным процесінде жетекші роль атқаратын рационализм қандай мағына береді? Ақыл

10. Сенімге негізделген дүниетаным түрі? Дін

1. Қайта Өрлеу кезеңіндегі гуманизмнің ерекшелігі қандай?Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «Гуманизм» терминін (латынның humanitas ─ адамшылық) белгілі Римнің саяси қайраткері, Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі рөл грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренессанс мәдениетінің теориялық негізі ─ осы пәндер. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады. Гуманизмнің негізін қалаушы-ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374жж.). Өз шығармаларында католик шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Петрарка антикалық мұраны бағалауда жаңа тәсіл қолданды. Ол әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін, негізін қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғарғы сатысына ұмтылуды, сонымен бірге қайта ой толғай отырып кей жағдайда одан басым болуға шақырды. Петрарка салған жолда антикалық мұра, гуманизмнің жетекшісі болды. Қайта өрлеу ─ дәуірдің басты субъектісі ретінде адамды қойды. Джованни Пико Дела Мирандолла (1463-1494 жж.). Шіркеу қағидаларына қарамай, ол адамды құдай өзіне ұқсас етіп жаратпаған, адам өзін-өзі жасаған деді. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді биік дәрежеге көтеру, абыройын қорғау ─ әр адам алдына қойылған мақсат, ол оның ғана жетістігі мен бақыты болып есептеледі. Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясында гуманистік дәстүр, тек қана антикалық мұрамен емес, Рухани және Христиандықпен де көп байланысты болды. Феодалдық қоғам ішінде өндіріс пен ғылымды дамытуға мүдделі болған күштер пайда бола бастады. Бұл жаңа туып келе жатқан буржуазия еді, олар феодалдық тәртіптерге, дін іліміне және схоластикалық философияға қарсы шықты. Шіркеудің зорлық-зомбылықтарына қарсы батыл күрес, әсіресе, XV-XVII ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде күшейе түсті. Бұл кезең Батыс Еуропа елдерінде табиғатты танып білуге ұмтылушылық, ертедегі Грецияның тәжірибелі білімі мен алдыңғы қатарлы философиясына көңіл аударушылықтың қатты күшейген уақыты болды.

2.Жаңа Заман философтары қандай мәселелерді қарастырды? Жаңа Заман философиясының көрнекті өкілдері.Жаңа заман философиясы XVII- ғасырдан басталды. Бұл дәуірдегі қоғамдық өмірдегі үлкен өзгеріс өндіргіш күштердің қарқынды

дамуы болды. Бұл өз кезегінде феодалдық өндіріс тәсілінің капиталистік өндірістік тәсіліне ауысын қажет етті. XVII ғасырдың ортасында (1640-1688) өнеркәсібі аса дамыған Англия мемлекетінде буржуазиялық революциялар өрлей түсті. Мануфактуралық өндіріс дами бастады. Мануфактура өз кезегінде еңбек өнімің арта түсуіне алып келді. Жаңа буржуазиялық қоғамның орныға бастауы, экономикада ғана емес, саясатта да, рухани және әлеуметтік өмірде де, ғылымда да үлкен өзгерістер алып келді. Ғылым мен материалистік философия дамуына қажетті жағдайлар жасалынды. Философия мен ғылымды схолистикалық шырмаудан арылта басталды. Өндіргіш күштер дамуы, техниканың өсуі, зерттеудің тәжірибелік және математикалық әдісін қажет етті. Бұл – сол заманның талабы еді. Жаратылыстану ғылымдары табиғат құбылыстарын бір – бірінен оқшау алып, байланыссыз қарастырды. Жаңа қоғамдық құрылыс шындық дүние туралы дәл ғылыми білімдерді, алдымен, механика, математика, астрономия білімдерін қажет етті. Осы міндеттерді 56 орындау механика, экспериментальды – математикалық жаратылыс тану ғылымдарының дамуын тездетті. Қоғамдық сананың өзгеруінің маңызды факторы – ғылым болып саналады. Сондықтан, XVII ғасырды ғылыми революциялар ғасыры деп бекерге аталмаған секілді. Материалистер, дененің кеңістік пен уақытта орын ауысын материя қозғалысының бір формасы деп, жай құбылыстар жай механикалық қозғалысқа, ал күрделі құбылыстар күрделі механикалық қозғалысқа байланысты деп тұжырымдады. XVII ғасырдың философиясы алдында тұрған мәселелерді түсіну үшін – біріншіден, ғылымның сол кезде қалана бастаған жаңа түрі экспериментальды математикалық жаратылыс танудың ерекшелігін білу керек, екіншіден, ғылым – сол дәуірдің дүнтанымда алдыңғы шекте болғандықтан, философияда бірінші орынға таным теориясы – гносеология шықты. Сонымен, қорыта айтқанда, Жаңа Заман философиясында негізгі назар ғылымға ауғандықтан ғылыми әдіске көбірек көңіл бөлінді. Таным мәселесі алға шықты, ақиқатты тануда тәжірибелік, ақыл -ой арқылы алынған білімге сүйенді.

3.Материя және оның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.Материя атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя болмысының үш атрибуты бар – кеңістік, уақыт, қозғалыс. Материя үшін заттың формасы оның негізгі емес, негізгі формасы – қозғалыс. Бұл материяның барлық формаларына қатысты. Ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Оларды қозғалыстың көріну формалары немесе сыртқы өлшемі деуге болады. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы өлшей аламыз. Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның құрамды бөліктері мен формаларының арақатынасы немесе қозғалыстың әр сәттегі сыртқы нәтижесі. . Кеңістік –ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын көрсетеді. Ол үш өлшемді, кез-келген 97 кеңістіктік қатынастар үш өлшем (ұзындығы, ені, биіктігі) арқылы сипатталады. Уақыт – қозғалыстың формалары мен құрамдас бөліктерінің (не элементтерінің) бірінен-бірі туындап ұласу формасы. Материя болмысының заңды, объективті формасы. Уақыт бір өлшемді, бір бағытты, үнемі алға қарай жүреді, қайта оралмайды. Материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни, материяның кеңістікте аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Материя уақыт жағынан мәңгі деудің мәні – ол жағынан алғанда, ешқашан пайда болмайды және еш уақытта жоғалып кетпейді. Материя тек бір формадан екінші формаға ауысып, өзгеріп кетіп отырады.

Билет

1. Патристика терминінің мағынасы: шіркеу әке ілімі

2.Иби-Рушидтың екі ұдай ақиқат теориясы нені айырады? Сенім және ақыл

3.Экзистенциализм философиясының ең басты мәселесі: нақты адамның өмір сүру мағынасы

4.Даосизм ілімінде У-Вей нені білдіреді: қимыл жасамау

5. Теоцентризм дегеніміз - ...: Құдай

6. «Білім – күш »афоризмнің авторы? Ф.Бэкон

7. «Бәрі ағады,бәрі өзгереді,қозғалмайтын ешнәрсе жоқ...Бір өзенге екі рет түсуге болмайды» деп кім айтқан? Гераклит

8. «Аксиология» термині нені білдіреді: құндылықтар теориясы

9. Таным процесінде жетекші роль атқаратын рационализм қандай мағына береді? Ақыл

10.Сенімге негізделген дүниетаным түрі? Дін

1.И. Кант философиясындағы сынға дейінгі және сыни кезеңдерінің айырмашылықтары қандай? Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссияның астанасы Кенингсберг қаласында туылған. Кенинсберг университетін бітірген. Негізгі еңбектері: «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау», «Пайымдау қабілетін сынау» т.б. Екі докторлық диссертация қорғаған. Университет профессоры, сосын ректоры болып жұмыс істеген. Ғылымның барлық саласынан хабары бар энциклопедиялық білімі болған адам. Канттың ғылым өмірі 2 кезеңнен тұрады: 1) сынға дейінгі кезең (1746-1769) 2) сын кезеңі (1770 жылдан – өмірінің соңына дейін). Кант сынға дейінгі кезеңде университетте физика, математика, антропологиядан дәріс оқып, материалистік көзқараста болған. Ол аспан денелері, күн жүйесі табиғи жолмен, материяның даму нәтижесінде пайда болғандығы туралы ғылыми гипотеза айтқан. Канттың табиғи – ғылыми дәлелдерге негізделген бұл Космогониялық теориясы ғылыми ой дамуындағы үлкен ірі жетістік болды. Кант таным мәселесі бойынша философияда үлкен өзгеріс әкелді. Ол танымды өз заңдары арқылы жүретін іс-әрекет ретінде қарастырды. Таным субъектісі – таным тәсілін анықтайтын басты фактор. Ал, сын кезеңінде Кант идеализмге бой бұрады. Біздің танымдық қабілетімізді, оның табиғатын, мүмкіндігін білу үшін бірінші кезекте сыни тұрғыдан талдау жасауымыз керек. Кант табиғатты екіге бөледі: 1. «Біздік зат» – адам қолымен жасалған заттар. 2. «Өзіндік зат» – табиғат заттары. Адам, субъект – тек өзі жасап шығарған заттарды ғана танып біледі. Ал, «өзіндік заттарды» тану мүмкін емес. Әрине, таным сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ, олар бізге заттың өзін емес, тек көріністерін ғана береді. Біздің санамызда бейнеленген заттар құбылыстар деп аталады. Адам тек құбылыстарды ғана танып біле алады. Ал, заттың өзін, оның сапасын, қасиеттерін, бізден тыс болатын қатынастарын, адам ешқашан біле алмайды.

2. Абайдың шығармаларына («Қара сөздер») негізделе отырып, оның қарастырған философиялық пен әлеуметтік мәселелерін анықтаңыз

Абай Құнанбаев. ─ қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы гуманист, ойшыл, философ, қоғам қайраткері әрі сазгер. Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбағанымен. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама. Шығармалары өлең түрінде жазылған, 45 қара сөзі (ғаклиясы) де бар. Абай қазақ фольклорын жетік меңгерді. Абайдың қоғамдық-саяси және философиялық ой-пікірлерінің негізіне: қазақ халқының әлеуметтік деңгейі, тұрмысындағы кемшіліктері, эстетикалық мәселелер, өнерді, білімді игеру, еңбекке баулу, өзбектер мен татарлар секілді белсенді саудаға араласу, дүниетанымында - Құдай мен Табиғат, Адам мен Құдірет, Жан мен Тән, Өмір мен Өлім мәселелері қойылды.

Танып-білу құмарлығы туралы отыз екінші сөзінде, дүние тану сатыларын былай белгілейді:1.Білу үшін ынтық болу, білуді дәулет көру;2.Білгеніңді жадыңда ұстап, тағы да жаңа білім алуға ұмтылу;3.Білгеніңді жақсы ұғып, оның анық суретін іште, санада жайғастырып қою 4. Білу мен құмарлықты игеру, ақиқатқа ұмтылу. Ақиқатқа көзің жетсе, соны пір тұту, өлсең де айырылмау. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінде материалистік және идеалистік көзқарастар, ой-пікірлер араласып жатады. Абай - деист. Құдайдың құдіретін тек жарату әрекетімен шектейді. Таным мәселесіне материалистік тұрғыдан қарайды, адамның танымы априорлық (тәжірибесіз ой жорамалдаушы) емес, шындықтың заттары мен құбылыстарының өзін білу, таным көзі объективтік дүние дейді. Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - бірлік: бірлік алды тірлік, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не пайда, не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді

3.Диалектика- дамудың философиялық концепсиясы. Диалектика және оның әлемді теориялық және практикалық игерудегі маңыздылығы

Диалектика – сөзі ертедегі гректің екі - диа (екеу), лог (ұғым, мағына) сөзiнен тұрады. Диалог екеудің әңгімесі. Диалектиканың пайда болуы пiкiрталастық іс-әрекетке байланысты болды. Себебі, ертедегі гректің ақылды, шешен кісілері сенатта, сотта сөз сөйлеп жұртты өз пікіріне қарататын, диалог арқылы өз мақсатына жететiн, өзіне жақтастар таба алатын. Шындықты табудың көзі - айтыс, қарама-қарсылық пікір және сөз таластыру арқылы ақиқатқа жету. Диалектика белгілі бір процесс, ақыл-оймен дүние мәңгі қозғалыста, қимылда деп түсіндіру әдісі. Диалектика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тереңдей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика - дүниенің сезімде берілетін сырт бөлгінің мәңгі өзгерісіне сүйенеді; идеалистік диалектика - ақыл-ойдың жалпы ұғымдарының бір-біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік-тарихи диалектика - ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика - қайшылық пен даму санада ғана емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Осыны нақтылау үшін объективтік диалектика (санадан тыс дүниенің дамуы) және субъективтік диалектика (сана-сезімнің дамуы) деп бөлеміз. Жалпылай келгенде, диалектика бүкіл болмыстың (материя мен сананың) дамуы туралы ілім. Содықтан оны табиғаттың, қоғамның, адам санасының жалпы заңдылықтарын ашатын ілім деп санаймыз.

Билет

1.Қоғамның өмір сүруінің негізгі шарты: материалдық игілік өндірісі

2.Софистер қай кезеңге жатады? Антика заманы

3.Танымының сезімдік деңгейін абсолютке айналдыратын бағыт: Сенсуализм

4.Брахма ұғымы қай философияда зерттелген: Үнді

5.Антика дәуірінде диалектиканы алғаш қалай түсінді: пікір таластыра білу өнері

6.Натурфилософия дегеніміз не? Табиғат туралы ілім

7. «Дәрігерлік ғылымдар каноны»атты кітаптың авторы кім? Ибн-Сина

8. «Платон менің досым,бірақ маған ақиқат қымбат» деген кімнің сөзі? Аристотель

9.Гегель еңбегін көрсет: Логика ғылымы

10. «Сезімдік қабылдау,немесе түйсіктер қабылдауышы адамның ішкі бөліктерінің қозғалысы,ол сезімдік органдарда іске асады,соның нәтижесінде біз заттарды қабылдай аламыз»деген жаңа замандағы философиялық бағыт: Сенсуализм

1. Қазақ халқының философиялық дүниетанымының ерекшеліктері? Көрнекті өкілдерін көрсетіңіз.Қазақ халқының философиялық – қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді.Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады.

Қазақ философиялық ойының ең басты ерекшелігі – оның шынайы патриотизмі, халқына деген сүйіспеншілігі, оның болашағы, бақыты үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз мүмкіндігінше көрсете білуі. Қазақ философиялық ойының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда халықтық таным процесімен ұлттық ойлау жүйесі көрініс тапқан. Халықтық сана – қоғамның өсуі, тоталитарлық жүйенің күйреуі, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері адамзаттың тұтастығы мен ерекшеліктерін бүгінгі заман талабына сай қарастыра отырып, дамытуға мүмкіндік туғызады

Наши рекомендации