Түйе балуанның қайта түлеуi
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мiнез-құлыққа байланысты.
Әл – Фараби
Өзiмнiң ашығу жөнiндегi шәкiртiм, әрi досым, ашығу iлiмiн бiлмейтiн «бұрынғы» Тiлеубердi Сарайбайұлы Құлиевті есiме аламын. Екеумiз жалындаған жастық студенттiк шағымызды Алматы қаласында бiрге өткiзгенбiз. Тiлеубердi мырза да, мен де ауыл шаруашылығы саласында бас маман, басшы болып ұзақ жылдар бойы қызмет iстедiк. Ол Алматы мен бұрынғы Семей обылысында. Кейiннен 30 жыл өткен соң, тағдыр бiздiң жолымызды Алматыда қайта түйiстiрдi.
Ол өзiн қартайдым деп санағанда, 60 жас мөлшерiнде болатын. Неге осылай шештi? Қазақстандықтардың орташа ғұмыры: ер адамдардiкi 58, ал әйел адамдардiкi 63 жас. Мiне сондықтан 60-қа таман өмiрiмнiң талай жасын жасадым деп, ендi ол кәдiмгi қариялардың қатарына өзiн-өзi қосып, өлетiн күнiнiң жақындап қалғанына мойын ұсынып қойған. Ертеректе Тiлеубердi мырза самбо күресiнен студенттер мен жастар арасында республикамыздың бiрнеше дүркiн жеңiмпазы әрi түйе балуаны болған.
Бiр күнi менiң алдында жазған кiтаптарымды оқыған, өзара ашығу туралы әңгiме қозғалған. Тiлеубердi мырза қатты қызығып, менiмен бiрнеше қабат жеке сұхбаттасты. Республикалық теледидардан, радиодан сөйлеген сөздерiмдi, лекцияларымды тыңдады, көрдi.
Осы лекциялар, оқыған кiтаптары Тiлеубердi мырзаның көзқарасын өзгерттi. Ол осы әлемдегi мыңдаған адамдар тыңдағанды тыңдады. Адам қашан өзiнiң ағзасын мәпелейтiн iлiммен танысады, сонда оған өмiрдiң құпиясы ашылады. Тiлеубердi мырзаға да өзiн жас сезiнгiсi келдi. Ол осы әдiстi өзiне қолдануға бел буды. Тiлеубердi мырзаның ерекше қасиетi – шыдамдылығы мен алған бетiнен қайтпайтын табандылығы мен қайсарлығы.
Ол менiң өз басымнан өткен оқиғаларды тыңдап, бүгi-шiгесiне дейiн түсiнiп алғаннан кейiн, ертеңiне 24 сағаттық ашығуға кiрiстi. Ол бiрден табиғи тамаққа көштi. Ашығу мен табиғи тамақ өзiнiң жасын ұмыттырып жiбердi. Оған 60 жас болса да, 13 тәулiк ашықаннан кейiн өзiнiң 40 жасар кездегiсiнен де өзiн күштiрек сезiндi. Ол ашығуын, табиғи тамақтануын, табиғат заңдылығын сақтауды жалғастыра беруде. Әр күнi белестен-белеске шығуда. Оның күшейгенi соншалық, бұрын жоғарғы қабатқа өз бетiнше шыға алмайтын, қазiр жүгiрiп шығатын болды.
Тiлеубердi мырзаның бұрынғы түрi қара-қошқыл «негр» сияқты түнерiп кеткен болатын, семiздiктен өз аяқ киiмiн өзi кие алмайтын, жүргенде ауа жетпей ентiгiп қалатын, оң аяғын тұздың шоғырлануынан сүйретiп басатын. Қазiр түрiнiң өзгергенi соншалық бiрден 10-15 жасқа жасарып, көз жанары жалт-жұлт етiп, iс-қимылы ширап, «негрден» аққұбаша келген келбеттi, байсалды, сүйкiмдi, бауырмал, мейiрiмдi адамға айналып, қалжыңдағанда, лекция оқығанда, шахмат ойнағанда өзiнен жастарды бет қаратпайтын болды.
Орташа адам ойлайды, 50-ден кейiн шаруам бiттi деп. Тiлеубердi мырза керiсiнше екенiн дәлелдеп бердi. Өмiрдi қанша сүргенiң маңызды емес, оны қалай өткiзгенiң маңызды. Мен досым Тiлеубердiнiң iстеген iсi арқылы, әрбiр адам табиғат заңдылықтарын сақтаса, жастықтың ләззатына рахаттануына болатынын дәлелдегенiн мақтаныш тұтамын. Қандай жаста болмасын, табиғат керi шегiнуге мүмкiндiк бередi. Сiз өзiңiздiң ескi тозығы жеткен денеңiздi, жаңа, уақыттың әсерiне ұшырамаған денеге ауыстырып ала аласыз.
Бiр жылдық ашығу мен табиғи тамақтану, табиғи заңдылықты сақтау бағдарламасынан кейiн айнаға қараңыз, осы аралықта болған өзгерiстерге өзiңiз таң қалатын боласыз. Егер сiз осы кiтаптағы бағдарламаны ұстансаңыз, туған туыстарыңыз, достарыңыз сiзбен болған керемет өзгерiстерге назар аударады. Сiз осы өзгерiстердi көрiп қана қоймайсыз, сезесiз де. Осының бәрiне өз денеңiздiң қожайыны бола алсаңыз ғана қол жеткiзесiз. Тiлеубердi мырза сияқты 24 сағаттық ашығудан бастаңыз. Осы кiтапта айтылған дұрыс тамақтануды қайталап оқып шығыңыз. Өзiңiзге көмекке табиғаттың 9 дәрiгерiн шақырыңыз, олар өзiне-өзi көмектескен адамға, мақсатына жету үшiн, әрқашан көмек беруге әзiр.
– Әсет Ризаұлы, «Жасару құпиясы» атты кiтап менiң құтқарушым болды. Бiрден кiтапта жазылған ашығу әдiстерiн iс жүзiнде қолдана бастадым. Ашығуды бастағанда ағзаңыздың қай жерiнде кiнарат бар, сол жерiңiз ауыра бастайды екен. Сондықтан да осы белгiлер бiлiнген мүшелерiңiзге басты назар аударыңыз, емделудiң жолын қарастырыңыз!
Ашығу – сiздiң ағзаңыздағы талай жылдар бойы созылмалы ауруға айналып кеткен, оңтайлы сәтiн күтiп бұқпантайлап бұғып жатқан созылмалы сырқатыңызды қозғап, түп-тамырымен жұлып алып тастауға әрекеттенедi. Сондықтан да осы келеңсiздiктерге шыдап, ашығуды жалғастыра беруiңiз қажет, рахатын мен сияқты соңынан көресiз.
29 сәуір, жұма. Ашығуымның 12-ші тәулігі. Таңғы сағат ......
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Біреуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.
Шәкәрім
Салмағым 93,1 кг. Бір тәулікте0,6 кг салмақ қостым.
Сол қолымның қан қысымы 133/86; Пулсь – 65;
Ұйықтауға кеше кешкi сағат 9-да жаттым да, таңғы 6-ға дейiн тұяқ серппей ұйықтадым. Ұйқым бiржола түзелдi. Сәбидiң ұйқысы сияқты. Таңертең жеңiл, сергек, көңiлдi, өмiрге қуанып ояндым.
Өзiмдi жақсы қалыпта сезiнемiн. Ешбiр мүшем ауырмайды, мазаламайды. Ақылым тұнық, ойым мөлдiр, көңiлiм шабытты. Пенде баласына осыдан артық не қажет?! Кiшi дәретiм аз-аздан келедi. Түрi қызыл-күрең. Бүйрек таза уларды әлi қарқынды түрде шығаруда. Күнi-түнi су iшпесем де шөлдеген жоқпын. Кешкi сағат 9-да ұйықтауға жаттым. Бiрден терең ұйқыға шомдым. Еш мүшең мазаламайды, бәрi сағат сияқты iстеп тұр. Пенде баласына бұдан артық не керек?!