ДӘріс. Әл-фарабидіҢ логикасы

Тапсырмалар:

№1 сұрақ. Логика нені зерттейтін ғылым:

( ) танымды

( х) ойлау заңдылықтарын

( ) адамгершілік нормалары мен ережелерін

( ) әсемдік пен әдемілікті

( ) құқықты

№2 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, риторика неге бағытталған:

( ) адамды шатастыруға

( ) адамды адастыруға

( ) адамды дұрыс жолдан бұруға

(х) адамды иландыруға

( ) адамды тәрбиелеуге

№3 сұрақ. Логиканың мақсаты:

( ) адам өмірінің мәнін анықтау

(х) ойды құрастырудың ережелерін зерттеу және тағайындау

( ) жақсы өмірге жетелеу

( ) құқық заңдылықтарын үйрету

( ) әсемдікке баулу

№4 сұрақ. «Силлогизм» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген:

(х) Аристотель

( ) Платон

( ) Сократ

( ) Әл-Фараби

( ) Ибн Сина

№5 сұрақ. Бірегей пікірлер, әл-Фарабидің ойынша:

( ) барлық заттарға қатысты айтылады

( ) зат сыныбының бөлімі туралы айтылады

( ) жалпы заттар туралы айтылады

( ) құбылыстарға қатысты

(х) бір затқа қатысты айтылады.

№6 сұрақ. Аподейктика, әл-Фарабидің пікірінше:

( ) жалған білім

( ) ақиқат туралы білім

(х) нақты білім туралы ғылым

( ) дәлелдеу туралы ғылым

( ) елестетілген білім

№7 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, дәлелдеудің бірінші түрі:

( ) заттың не үшін өмір сүретіндігін дәлелдеу

(х ) болмысты дәлелдеу

( ) екі жағдайды біріктіретін дәлелдеу

( ) о дүниелік өмірді дәлелдеу

( ) ақиқат еместі дәлелдеу

№8 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, дәлелдеудің екінші түрі:

(х) заттың не үшін өмір сүретіндігін дәлелдеу

() болмысты дәлелдеу

( ) екі жағдайды біріктіретін дәлелдеу

( ) о дүниелік өмірді дәлелдеу

( ) ақиқат еместі дәлелдеу

№9 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, дәлелдеудің үшінші түрі:

() заттың не үшін өмір сүретіндігін дәлелдеу

() болмысты дәлелдеу

(х) екі жағдайды біріктіретін дәлелдеу

( ) о дүниелік өмірді дәлелдеу

( ) ақиқат еместі дәлелдеу

№10 сұрақ. Қазіргі заман адамы үшін логика:

( ) қажет емес артықшылық

(х) дұрыс ойлау, сұрақтар мен жауаптар, жаңа гипотезалар мен дәлелдеулер жасау туралы қажетті де пайдалы ілім

( ) логика заңдарын білмей-ақ өмір сүруге болады

( ) логиканың пайдасы жоқ, өмірлік тәжірибеге сейеніп-ақ өмір сүруге болады

( ) логикалық қателік адамға зиян әкелмейді.

МОДУЛЬ 2

ДӘРІС. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМІ

Тапсырмалар:

№1 сұрақ. Болмыс туралы ілім қалай аталады:

( ) әлеуметтану

(х) онтология

( ) гносеология

( ) этика

( ) эстетика

№2 сұрақ. Әл-Фарабидің ойынша, Құдай:

( х) Ең жетілген болмыс

( ) Аяқталмаған болмыс

( ) Жетілмеген болмыс

( ) Жердегі болмыс

( ) Актуалды емес болмыс

№3 сұрақ. Әл-Фарабидің болмысты қалай бөледі:

( ) Рухани болмыс және материалдық болмыс

( ) Әлеуметтік болмыс және адам болмысы

(х) Мүмкін-бар және Қажетті-бар

( ) Құдайы және Құдайы емес

( ) Таза болмыс және төмен болмыс

№4 сұрақ. Әл-Фарабидің ойынша, субстанция:

( ) Өздігінен бар болмайтын, өмір сүрмейтін

( ) Заттардың белгілері

( ) Заттардың сапалары

(х) Өздігінен бар болатын, өмір сүретін

( ) Заттардың қасиеттері

№5 сұрақ. Әл-Фараби оларды алғашқы бастау материялары деп атайды:

( ) аспан денелері,

( ) ақылды жануарлар,

( ) ақылсыз жануарлар,

( ) өсімдіктер,

(х) төрт элемент – от, ауа, жер, су.

МОДУЛЬ 3. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖІКТЕУІ

ДӘРІС. ТІЛ ФИЛОСОФИЯСЫ

Тапсырмалар:

№1 сұрақ. Әл-Фараби ең негізгі деп санаған ілім:

( ) физика

( ) математика

( ) медицина

( ) филология

(х) тіл туралы ілім

№2 сұрақ. Әл-Фараби «есімдерді тағайындаушылар» деп кімдерді атайды:

( ) білімді философтар

(х) қандай да бір өнерлердің немесе танымдық қызметтің қандай да бір саласының білгірлері

( ) мемлекет басшылары

( ) сахнадағы актерлар

( ) әскери адамдар

№3 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, тілдік коммуникация қашан пайда болды:

( ) Дүниені түсіну үдерісінде

( ) Ойлау барысында

( ) Жануарлар дүниесінде

( ) Орта ғасырда

(х) Адамдарда бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі пайда болған кезде

№4 сұрақ. Адамның танымдық қызметінде сөз қандай рөл атқарады:

( ) мардымсыз

( ) белгілі бір деңгейде

( ) ешқандай рөл атқармайды, адам сөйлемей-ақ өмір сүре алады

(х ) аса зор

( ) сөйлей алмайтын адам – адам емес

№5 сұрақ. Қазақ халқы сөзді қалай бағалады:

(х) «Өнер алды - қызыл тіл» деп, өте жоғары бағалады

( ) Тілге назар аудармады

( ) Адамның қалай сөйлейтіндігі маңызды емес деп есептеді

( ) Балаларды шешендікке үйретпеді

( ) Сөйлеу өнерін терістеді.

МОДУЛЬ 3

Наши рекомендации